АЛТЫН ӘТЕШ.
Беріде емес әріде,
Пәлен жұртдың жерінде,
Болған жақсы хан Дадан.
Талай көріб хауібді,
Талай жұртты шауыбды,
Жасында боб бек мазақ.
Жас жеткен соң жабығыб,
Аттаныстан жалығыб,
Жай жатұуға ойлабды.
Кәрі ханды қажалаб,
Енді өзгелер, мазалаб,
Жай жатқызыб қоймабды.
149
150
Жаудан Дадан жерлерін,
Қорғамаққа елдерін,
Һәман тұтды көб әскер.
Қолбасылар қалғымас,
Тұс-тұсынан шықты қас,
Қайсысына жетісер?
Оңнан күтсе, жау солда;
Қырдан күтсе, жау сұуда;
Арқадан да, Құбыладан;
Жан жағынан жау ұрды,
Жылаб-жылаб жіберді
Ызасынан хан Дадан.
Қатты күйді, қайғырды;
Хан ұйқыдан айырылды;
һәман қауіф-қатерде.
Ойлаб, ойлаб қарайды:
Не қылсам деб жарайды?
Білмейді не етерге.
Безген, ат боб, белінен,
һәр нәпсінің желінен,
Бар екен бір данышпан,
Жұлдыз санаб қарайтын,
Сонан ақыл сұрайтын
Сасқан йаки адасқан.
151
152
Арнаб кісі шабдырыб,
Көб-көб сәлем айтдырыб,
Шақыртады хан Дадан
Шақырғанға бұ барды;
Алтын әтеш шығарды,
Аузын шешіб дорбадан.
Ханға тұрыб сөйлейді;
Сөйлегенде бүй дейді:
«Мынау алтын әтешім;
Қондыр сырық басына!
Қой сарайың қасына!
Болар мықты күзетшің.
Бұл отырса тыб-тыныш,
Жоқ һеш жерде қорқыныш.
Қатер болса бір жақта,
(Соғыс па иә әлдене?
Болсын мейлі не бәле)
Қараб әтеш сол жаққа,
Күдірейіб дауыстар:
Ол дегені «Хауіб бар!»
Риза болыб, айтар хан:
«Бұйым, алтын күміс бе?
Басқа мүдде, жұмыс ба?
Тауаныңды қайтарман.
153
154
Сенен немді айармын!
Қашан болса, дайармын,
Не сұрасаң беруге.
Не десең де еткізіб,
Не мүддеңе жеткізіб,
Өз көңілімдей көруге».
Биік сырық басында,
Хан сарайы қасында,
Қарауылдаб халықды,
Қатер болса, жұлқыныб,
Солай қарай ұмтылыб,
Әтеш айқай салыбды.
«Кіри-ку-ку, жат, ханым!
Жатыб жұртды бақ, ханым!»
Дадан ісін асырды:
Жауын ерте көрген соң,
Ұрыб, сыйын берген соң,
Жау тыйылды, басылды.
155
156
Бір жыл өтті, екі жыл;
Табды рахат жұрт дамыл;
Әтеш отыр жай, тыныш.
Бір күн ұйықтаб хан жатды.
Сер әскер кеб, ойатды,
Бар деб бәле
–
қорқыныш.
Хан аша алмай ұйқысын,
«Не бәле бар? Не қысым?»
Дейді отырыб есінеб.
Жауаб берді сер әскер:
«Әтеш көрген бар қатер;
Жұрт хауібде, түйсініб».
Хан қараса әйнекден;
Әтеш отыр әндеткен;
Күншығысқа қарабды.
«Не тұрыс бар? Жүрүуге!
Жылдам атқа мінүуге!
Алыб қарұу-жарақды!»
Хан ғәскерін айдайды,
Үлкен ұлын сайлайды,
Бастық етіб үстінен.
Әтеш тағы жай тыныш,
Хауіб-қатер, қорқыныш
Шықды жұртдың есінен.
157
158
Қол шыққалы жеті күн,
Әскерден жоқ хабар-үн:
Ашықды ма? Тоқба әлі?
Жеткен жоқба? Жетді ме?
Жау жатыр ма? Кетді ме?
Соғысды ма? Жоқ ба әлі?
Міне, әтеш бақырды:
Хан өзге қол шақырды;
Кіші ұлына бастатды.
Күншығысқа бет беріб,
Қарұу, қабшық бөктеріб,
Қосын артыб, қол тартды.
Әтеш тыныш, қылмыс жоқ;
Әскерден түк дыбыс жоқ.
Тағы өтеді жеті күн.
Жұрт айырылды сауықдан,
Ел жайғасбай қауыбдан,
Әтеш тағы берді үн.
Үшінші қол шақырыб;
Тастайындай жапырыб,
Құтты болғай деб қадам,
Күн шығысқа жол алыб,
Азық-түлік мол алыб,
Шықды өзі хан Дадан.
159
160
Күн-түн демей, қол жүріб;
Бітті әбден болдырыб,
Һешбір белгі жолда жоқ.
Мола да жоқ, көр де жоқ,
Салық салған жер де жоқ,
Соғыс да жоқ, қол да жоқ.
«Бұ не хикмет! Не ғажаб!»
Дейді Дадан ойға қаб.
Жетінші күн батыр хан,
Қолды жиын жүргізіб,
Тау ішіне кіргізіб,
Көрді жібек шатыр хан.
Маңайында ел де жоқ;
Ызыңдаған жел де жоқ;
Жалғыз ғана сол шатыр.
Өзекдерде, ойларда,
Жыбырлаған қойлардай,
Қырыб салған қол жатыр.
Хан шатырға кірмекке,
Бұ не ғажаб білмекке,
Жылдамрақ жүреді.
Хан алдында екі ұлы,
Жан шошитын бар сыны,
Жатқандарын көреді.
161
11–7069
162
Бір біріне қылышды
Сұғыб, табқан тынышды;
Сауыт, қалқан жоқ бәрі.
Жапырылыб жаншылған,
Қара қанға малшынған,
Шөбді жеб түр атдары.
«Екі азамат сұлтаным!
Екі лашын-сұңқарым!
Ауға түскен, алданған.
Маған күйік! Маған дерт!
Маған өлім! Маған мерт!»
Деб жылады хан Дадан.
Хан жыласа, қалар ма?
Ерген жасақ олар да
Еңіресді, жыласды.
Тау күрсініб, күңіреніб,
Ой ыңылдаб, ыңыраныб,
Бәрі бірге ұласды.
Сонда шатыр ашылыб,
Нұры күндей шашылыб,
Шамаһанды билеген,
Нөкері жоқ, жаб-жалғыз
Шыға келіб патша қыз,
Ұшырасды ханменен.
163
164
Қуыршаққа қуанған,
Балаларша уанған,
Жылағанын хан қойды.
Сылаңдаған, сызылыб,
Қызға көңіл бұзылыб,
Бөлмей, жармай, берді ойды.
Керіле басыб, кекекдеб,
Ханды қолдан жетектеб,
Қыз шатырға апкетді.
Дастарханды жайады;
Түрлі тағам қойады;
Көрсетеді құрметді.
Әбден сыйлаб бағады;
Барша төсек салады,
Тынықсын деб жол шеккен...
Бір жұмадай тойлар хан,
Басқаны жоқ ойлар хан,
Басы айналған, ерік кеткен...
Міне, қолын, қосын аб,
Қызды өзіне қосыб аб,
Кейін қарай хан басты.
Келмей жатыб алдынан:
Пәлен екен деб пәлен –
Түрлі лақаб, сөз қашды.
165
166
Тайанғанда қалаға,
Дұулаб, шұулаб далаға,
Хан алдынан ел шықды.
Жұрт жүгірер артынан;
Хан, сағынған халқынан,
Алар сәлем, құлдықды.
Көб ішінен көреді:
Біреу сәлем береді;
Ақ бөркі бар басында;
Ет жоқ, ұрты сұуалған,
Сақал, мұрты құуарған,
Қара қыл жоқ шашында.
Шал сәлемін хан алыб,
Кәрі досын тез таныб,
«Жақын кел» деб шақырды.
Дейді: «Аманба? Қарт бабам!
Не қосасың? Айт, бабам!
Данышпаным, ақылды»
Шал айтады: «Хан Дадан!
Бар-ды айтқан уағдаң:
Тілегімді берұуге;
Не десем де еткізіб,
Ризалыққа жеткізіб,
Өз көңіліңдей көрүуге.
167
168
Ақы алатын күн жетті,
Мойныңдағы міндетті
Өте, бүгін қарызды.
Сүйсең көңілім тынұуын,
Бер, Шамаһан сұлұуын!
Қабыл ет, хан, арызды!»
Хан таңданды бұл іске;
Ойдағы жоқ ұлы іске.
Шалға айтды: «Сен несің?
Пері енді ме, түсіңе!
Жын кірді ме, ішіңе?
Алжастың ба, бар ма есің?
Мен саған шын қарыздар:
Қарызда да шама бар –
Қыз ол саған не қажет?
Қой, шалым, тым зор тұтба!
Мен кім! Оны ұмытба!
Міндетден бар зор міндет.
Сұра менен қазына!
Қараман көб-азына.
Шен десең, шен беремін.
Ат қала да, атымды ал!
Зат қала да, затымды ал!
Ел жарымын һәм беремін».
169
170
«Керек емес» деді шал:
Елің, шенің, бұйым, мал.
Берсең, маған қызды бер!
«Түф!» деб жерге түкіріб!
Хан айтады жекіріб,
(Қысылғаннан шықды тер)
«Құураған шал! Сый алмай,
Қыз сұрайсың ұйалмай,
Соққан сені захмет.
Түк нәрсе де бермеймін,
Түк есебді көрмеймін.
Сау тұрғанда, жоғал! Кет!»
Ханға жауаб қайырыб,
Таласұуға бой ұрыб,
Шал айтқанша қамданыб...
Хан асамен маңдайға
«Таласатын қандай? Мә!»
Деб жіберді бір салыб.
Етбетінен шал түсді;
Тәннен безіб жаны ұшды;
Қыз «хы-хы-хы! Ха-ха-ха!»
Қорықпайды екен обалдан.
Күлген болды һәм Дадан.
Жұрт ренжүу, хан хафа.
171
172
Не тұрыс бар далада?
Хан кіреді қалаға,
Жұрт көшеге толады;
Сырығынан түсіб кеб,
Алтын әтеш ұшыб кеб,
Хан басына қонады;
Тұмсығымен шабды да,
Ханның миын шақды да,
Әтеш кетті асбанға;
Арбасынан хан ұшды;
Кеудесінен жан ұшды;
Қалды барша жұрт таңға.
Ғайыб болды, қыз кетді.
Сөз айағы һәм жетті
Істеу шабан, айтұу тез;
Ертегінің шыны аз;
Шыны аздың құны аз;
Жанаб айтқан жай бір сөз.
173
174
ЛЕРМОНТОФДАН.
1
Екі өзен – Кура, Арагуа ағыб келіб
Кездесіб бір-біріне сәлем беріб,
Жерінде екеуінің нақ көріскен,
Аңсаған ағайындай бауыры еріб.
Монастыр тұрұушы еді бұрын-рақ.
Өзі жоқ, бұл күнде бар орны бірақ.
Жайауға таудан шыққан көрінеді
Бағандар қақба орнында қалған құлаб.
Бұзылған шіркеудің тұр қабырғасы,
Көрінбес қазір, бірақ, онда шырақ.
Бұл күнде (
2
) монахтар да жоқ ішінде,
Көб үшін дұға қылғыш тілек сұраб.
Құлаған орнын қараб бағатын бір,
Жан түгіл, өлім зорға табатын бір,
Күзетші, жарымжан шал молалардың
Тасдарын сүртіб, шаңын қағатын бір.
1
Отрывок из поэми Лермонтова «Мцыри».
2
Монах – софы.
175
176
Сөйлейді тас жазұуы өткендерін
Қайрылмай қандай дәурен кешкендерін.
Мәсәлән пәлен падша пәлен жылы
Орысқа жұртын табыс еткендерін.
Бір жылы монастырға тұрған жолда
(Ішінде монахдары бар кезі онда)
Келді де орысдың бір жанаралы,
Қасында жау баласы түскен қолға,
Тифлис шаһарына өтіб кетді,
Баланы науқастанған тастаб сонда.
Шамасы бала сонда алты жасар,
Құурайдай жіб-жіңішке, нәзік, нашар;
Сықылды тау киігі жатырқағыш
Жоламай жанға жақын сырттап қашар.
Батса да дерті жанға қанша қинаб,
Сыр бермей жатды бала күшін жинаб,
Қайысбас тұқымына біткен қайрат
Шынықды дертбен қатар іште шираб.
Ауырыб жатсадағы өлім халда
Аңқылдаб шақбас дертін еш адамға
177
12–7069
178
Жалғыз-ақ ишаратбен білдіреді
Мейлі шабпағанын дәм-тағамға.
Біреуі манахдардың жатсынбай-ақ,
Қарады, бақды есіркеб баланы айаб;
Емімен жаны ашыған жақындықдың,
Өлімнен аман қалды, барыб тайаб.
Әуелі жүрді бәрін бөтенсініб;
Бала боб жоқ ойнау еш жеңілшілік;
Жатырқаб жан адамға жоламасдан
Үндемей дәйім оқшау бөлек жүріб,
Сағыныб туған жерін, күн шығысқа
Қойады қараб, қараб құр күрсініб.
Сонан соң жат қолында жалғыздыққа
Көрінді үйренгендей тілін біліб.
Баланы шоқындырды поп бабасы;
Өскен соң манах қылмақ ер адасы;
Танысбай дүниамен талақ етіб,
Қалыбды қол табсырар уағдасы.
Бір түні жоқ боб шықды қашыб зытқан
Айнала қалың орман, тауға шыққан.
179
180
Үш күндей әуре болыб іздеб, іздеб
Үмітді үзердей боб әрең табқан.
Табдық деб жатқан жерде есін таныб,
Қайтадан манастырға келісді алыб.
Тартқандай ашдық, бейнет, дерт азабын
Бозарыб, қатты жүдеб, қалған арыб.
Һеш кімге сұраса да түк үндемей,
Солады күннен күнге бейне гүлдей;
Өлерге тайанғанда қарт манах кеб,
Үгітдеб, «қылмысың бар, – деді, – нендей?
Балаға шалдың сөзі болды қайрақ,
Көтеріб жерден басын, көзі жайнаб,
Қатайыб қалған бойда күшін жиыб,
Тарқатыб шерді бала айтды сайраб:
«Сен келдің, өлерде айтар сыр тыңдауға;
Ризамын, келгеніңе бұл тыңдауға;
Көкірек жеңілткенім маған жақсы,
Сөзімді керек қылса, кім тыңдауға;
Қылмыс жоқ, бәһре алыб пайдаланар,
Ісім бар, айтыб өтер құр тыңдауға!
Айтұуға жан жарасын тіл жете ме?
Сала бер құлағыңды, мұң тыңдауға!
181
182
Дүниа болды маған аз-ақ серік,
Ол-дағы тұтқындықтда, қамауда еріб;
Бұл түрлі тіршіліктің екеуіне
Толық бір өмір алұу сатса беріб.
Жалғыз-ақ, ұлығ тұтдым ойдың күшін;
Жалғыз-ақ, бір құмарды сақтады ішім;
Жанымды құртдай жайлаб, жегідей жеб,
Күйдіріб сол құмар-ақ бітірді ісін.
Шақырды құмар мені бұл орыннан,
Бықырсыб, пысынаған жылы орыннан.
Қатерден қан қайнайтын жерге шық деб
Өлімге тіршілігі құл орнынан.
Ой ұшды, адам құсдай, азад жаққа;
Өлім мен өмір қатар қабат жаққа;
Таулары басын бұлтқа жасыратын,
Ләззат мол тіршілікде ғажаб жаққа.
Сол құмар мен жасымнан баққан бабтаб,
Айтбастан һеш адамға ішде сақтаб.
Асыраб көз жасымен түн болғанда
Жасырын жұртдың бәрі жатқанда ұйықтаб.
183
184
Мұнымды жариа ғыб мойныма алыб,
Һешкімге жалынбаймын, кеш деб ақтаб.
Жел жұлған жабырақдай ұшыб келіб,
Күн түсбес күнгірт жерде солдым семіб;
Өлімге ара тұрыб, алыб қабсың;
Қажет не? Жақсы еді ғой қалған өліб!
Тұнжыраб тұшшы жүз жоқ, өстім жалғыз,
Сопылық, бала басым күнін көріб.
Сүйікті «әкем», «шешем» дейтін сөздер,
Оны айтбай еш адамға жан не төзер?
Жүрекпен бірге туған тәтті сөзден,
Ұмытыб жат қолында дедің безер.
Жанмен бір тұуған үндер жоғалар ма?
Қарасам үлкендерге, балаларға:
Тұуысқан, үйі, ұлты, дос-жары бар,
Жоқ екен маған жақын молалар да.
Төкпейін көздің жасын дедім текке,
Ант ішіб өзімді-өзім салдым сертке:
Болсада түсі қанық, тұуғаны бір
Төсімді тайаб жақын көкірекке.
185
186
Құмардан ерте-кеш пе, шықпақ едім,
Өлетін болсам да нақ сол минөтте.
Дариға, ол қиалым баққан жастан,
Жоғалды, енді артына қайрылмастан.
Жат жерде, жау қолында жалғыз өлем,
Жетімдік, тұтқындықтан құтылмастан.
187
188
|