Екінші том маса астана, 2022 ахмет байтұрсынұЛЫ



Pdf көрінісі
бет4/67
Дата03.10.2024
өлшемі6,35 Mb.
#146744
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
А.Байтұсынов Маса жинақ

СОРЛЫ БОЛҒАН МҰЖЫҚ.
Болған соң кәсібі ұрлық ұры залым,
Ұрлауға ұйат дей ме жұртдың малын?
Ойы арам қаны қара ол неғылсын!
Біреуді зар жылатбақ, зор обалын!
Хұдай да, Құран да оған жалғыз қарын.
Сол үшін қара жерге көмген арын.
Ұры еніб бір Мұжықдың сарайына.
Сыпырыб кетіді ұрлаб қоймай бәрін.
Мұжығым жатарда бай, тұрса сорлы.
Байлықдың құр тып-типыл қалған орны. 


21


22
Аһылаб, уһілейді, ұры алған соң, 
Терімен маңдайының жиған қорды. 
Туысқан, көрші, құда-құрмаласын,
Дос-жаран жиыб, Мұжық жәрдем сұрады
«Қайғымды, Мұжық айтды, «шағам, жұртым! 
Сендерден жақын кімді табам, жұртым! 
Ұшыраб зор қазаға, жайым мынау!
Не көмек бересіндер маған, жұртым?»
Жиылыб келген өңшең жақындары, 
Мұжыққа ақыл айтыб жатыр бәрі
Сорлыға бар мүлкінен жұрдай болған 
Мінеки берген көмек-ақылдары:
Карп деген бөлесі айтды: «Әуел басда 
Бай деб ат керек еді шығармасқа!»
Құдасы Клим айтды: «Мұнан бұлай 
Сарайды үйден оқшау салдырмасқа!»
Айтады көрші мұжық бір жасырақ: 
«Болғаннан емес қой бұл сарай жырақ;
Қабаған кісі алатын төбеттерден 
Қораға қоймағаннан ит асыраб.
Қаншығым балалады күні кеше,
Ал, сонан, айамайын керегінше!


23


24
Бірталай, үйшік толған күшігі бар,
Ішінен табылатын қандай десе. 
Көршіме көңілі жарым қимаймын ба?
Обалын мойныма артыб, өлтіргенше!»
Жүз ақыл берген шығар келген бәрі;
Бірі олай, бірі бұлай деб жас, кәрі.
Айамай тіл көмегін беріб, беріб,
Бір адам қарасбады сөзден әрі.
Ей, Мұжық! Жұртқа сенбе өзіңе сен!
Өледі аштан қонақ әрі-сәрі.
«Ауызыңды құрғақ қасық босқа қажар»
Шығынға құр айтқан сөз болмас дәрі.
Бұл сөздің мағынасы емес терең,
Сонда да қорытуын айтыб берем;
Һәр түрлі сыналатын жер болмаса, 
Достықты, жақындықты шын-ақ дер ем;
Жаб жақын жайшылықда көб дос жарды, 
Мен неге жамандықда сирек көрем?
Тар кезең, талма жерде табылу жоқ;
Қалады құлақдары болыб керең.
Осындай дүнианың ісін байқаб,
Достық бен жақындыққа талғаб сенем.


25


26
ҚАЗДАР.
Бір ұзын алыб қолға мықты шыбық
Қаздарын қалаға айдаб шықды мұжық. 
Қуалаб байғұсдарды, келеді ұрыб,
Асығыб базар күнге жаны шығыб.
Тексерсек мұжық ісін байқаб, ойлаб, 
Оған да дұрыс емес кінә қоймақ:
Асықды базар күнге, пайда көб деб, 
Қаздарды ұрды ма ол босқа ойнаб?
Десеңдер: олсыз базар тарамайды
Дер едім, мұжық ісі жарамайды.
Пайдасы, базар өтіб, кетер жерде,
Қаз түгіл адамға да қарамайды.
Біздерше қаздар, бірақ, сынамады, 
Оларға мұжық ісі ұнамады.
Жолыққан жолаушыға бәрі шұулаб, 
Мұжықтың ісін айтыб, кінәлады.
«Бар ма екен? Бізден сірә соры қалың! 
Қожасыб, қуалайды мұжық жарым. 
Қорлайды ұрыб, соғыб ойламайды, 
Мойнында қандай міндет қарыз барын!


27


28
Ойласа қайдан біздің асылымыз?
Румды құтқарған қаз нәсіліміз! 
Айт істеб атамыздың құрметіне,
Өтбейді һәман онда жыл мейрамсыз!
Тайақ жеб жай қаздарша, жүргеніміз,
Наданға душар болыб бір білімсіз!»
Қаздарға жолаушы айтды: «Тоқтаңдаршы!» 
Ауысқан ақыны айтыб жоқтаңдаршы! 
Сендерді қадірлеуге не үшін міндет? 
Мұжықды айыбты ғып боқтаңдаршы!»
– «Істеген атамыздың ісі қайда!?
Румды құтқарғаны азғантай ма?»
«Қойа тұр» жолаушы айтды, «көрдегіңді! 
Өздерің келтірдіңдер қанша пайда!?»
– «Айтдық ғой атамыздың еткен ісін!
Әлде өзің сөзімізге сенбеймісің?»
– «Сенемін һәм білемін атаң жайын!
Сендерді қадірлеуге деймін не үшін? 
Өткізді өз бастарың қандай еңбек?
Атаңда көрде жатқан жоқ жұмысым»


29


30
«Біздің бе? ... (
1
) жоқ өткізген еңбегіміз?» 
«Әже жөн сыйламаса, көнбегіңіз:
Мені де атам жақсы, қадірле деб,
Таласыб қиын болар жеңбегіңіз. 
Жақсы-ақ боб аталарың өткен шығар:
Ісіне қарай құрмет еткен шығар;
Қалдырмай асылынан артдағыға,
Өзімен жақсылығы кеткен шығар.
Көрдегі көмек болмас бабаларың,
Кем болса өздеріңнің бағаларың;
Көніңдер, ұрса, соқса, сойса дағы!
Болған соң қуырдақдық шамаларың».
Кетермін байандасам алысқа бек:
Лайық һәр нәрсеге керек ғой еб. 
Жайынан жат қаздардың сөйлеген сөз 
Көбіне жақын қаздың тиетін дөб.
Бетіне көрдегінің көнін ұстаб,
Деб жүрген көріктімін қазақтар көб. 
Қысқартыб сөз айағын тоқтатамын, 
Солардың өкпесіне қалармын деб.
1 ...Ойланыб, ойланыб


31


32


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет