Екінші том маса астана, 2022 ахмет байтұрсынұЛЫ



Pdf көрінісі
бет14/67
Дата03.10.2024
өлшемі6,35 Mb.
#146744
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67
Байланысты:
А.Байтұсынов Маса жинақ

ДАНЫШПАН АЛЕКДІҢ АЖАЛЫ.
Жар салыб, жасақ жиар білімді Алек.
Білімсіз хұзарлардан алмаққа кек.
Қаласын, егіндерін ызасы үшін,
От пенен қойған арнаб қылышқа деб.
Қол бастаб, киіб сауыт – Тсарградды
1
,
Сыр мінез таңдаб мініб сенімді атды.
1
Тсарград – Ыстанбұл қаласының бұрынғы аты; Сауыт Тсарград 
– сонан шыққан сауыт.


117


118
Далада келе жатыб, кіназ көрді 
Ішінен қалың орман шыққан қартты. 
(
1
) Перұнға көнген, берген ықыласын, 
Болжаған болар заман уақиғасын,
Қасына Алек келді қарианың 
Өткізген құлшылықпен, балмен жасын.
«Не болар, айтшы, бақсым! Хұдай сүйген;
Ілгергі өтер жасым нендей күймен? 
Жауымды жан жақтағы құуандырыб, 
Топырақ тез басар ма? Денеме үйген.
Ашыб айт! бүкпей бәрін, еш қаймықпа! 
Аласың таңдаб жақсы ат айтқандыққа!». 
– «Бақсылар кіназ сыйын қылмас хажет 
Һәм қорықпас болғандардан ие жұртқа;
Олардың тілі еркін, сөзі хақ-ды,
Құдірет әмірімен ынтымақты
Қараңғы таңдағылар танытбайды
Жүзіңнен саған деген көрем бақды.
1
Перұн –
дінсіздер табынан бұт.


119


120
«Ұмытбай, ал жадыңа! Сөзін қартдың, 
Батырға қымбат пұлы дабыс-даңқдың. 
Атың зор, айбының мол жау мұқатқан 
Қалқаның қақ басында Тсарграддың.
Айамай, берген саған бақ-талайды, 
Күңіркеб, дұспандарың көре алмайды;
Жер сұу да, бәрі саған бағынулы, 
Толқыны көк теңіздің ала алмайды;
Айбалта, оқ найза да, сом қанжар да, 
Ешбірі саған залал қыла алмайды;
Астына көк сауытың жара түсбес, 
Қорғаушың көрінбейтін бар бір сайлы.
Қатерлі не бейнеттен қорықпас атың;
Сезеді қозғалғанын, қалай таңым.
«Тұр!» десе жауған оққа қимылдамас
«Шұу!» десе не қамалға кірер батыл;
Сұуыққа, соғысқа да тұлпар шыдар;
Ажалың, бірақ осы аттан болар...»
Сөзіне шалдың айтқан күлді Алек,
Әйтсе де ой мен жүзі торғылданар.


121


122
Көңілсіз, ойдағы жоқ естіб ісді,
Үндемей, ерге асылыб аттан түсді.
Сипалаб, қасыб, қағыб мойынға атын, 
Айнымас досбен кіназ хош айтысты:
«Бақыл бол, серік атым, ренжіме! 
Айырылар мезгіл жетсе, айырмас не?
Дамыл ал! Хош аман бол! Мені ұмытба! 
Айағым тимес алтын үзеңгіңе.
Келіңдер, бозбалалар, атды алыңдар! 
Жетектеб, тоғайыма апарыңдар!
Жабыңдар! Жабуына түкті кілем;
Тазалаб, жуыб, бағыб, бабдаңыздар!
Жеміне ең қалаулы сұлы алыңдар! 
Бұлақдың сұуымен һәм суарыңдар!» 
Кіназға, атын алыб, тосды басқа ат;
Өтеді мұнан кейін неше жылдар.
Басында бір қорғанның Алек тойлаб, 
Жасақпен жанындағы күліб ойнаб,
Қайғы жоқ, хасірет жоқ, ішіб бәрі,
Күндерді бастан кешкен сөйлер ойға аб.


123


124
Ескерді бір мезгілде атын Алек,
Сұрайды: «Есен-сау ма һәм қайда? деб: 
«Жүрісін, жүйріктігін танған жоқ ба?
Жабығыб қалмады ма?» дейді жүдеб».
Қайда деб, жоқтаған соң Алек атын, 
Айтады біреу тұрыб: «Кіназ батыр! 
Басында биік қырдың әлдеқашан;
Тыныштық алыб, атың ұйықтаб жатыр».
Мұны естіб, Алек жерге қараб төмен, 
Ойлайды: «Отдаб босқа шал не жеген?!
Құу бақсы! Өтірікші, алжыған шал,
Атымды айырыбсын босқа менен».
Көруге атдың сүйек-сайақтарын,
Ертіб аб «Игор» менен қонақтарын, 
Сарайдан шығыб, Алек келе жатыр, 
Жағалаб Днепрдің (
1
) алабдарын.
Құуарған жатыр сүйек қыр басында, 
Селеулер жел құбылтқан тұр басында. 
Құм көмген, жаңбыр жуған сүйекдердің 
Аралаб кіназ Алек жүр қасында.
1
Днепр – өзеннің аты.


125


126
Ақырын, айағын caб, шығыб басқа, 
Сөз сөйлер, кіназ тұрыб өлген досқа:
«Жат, достым! Кәрі иеңнен қайтқан бұрын, 
Құдірет қарамайды көб-аз жасқа.
Жазыбды сені асыма сойғызбасқа.
Қаныңмен топырағым тойғызбасқа. 
«Ажалың атдан болар» деб сандалыб, 
Шал мені қорқытқаны осы бас-па?!»
Білдірмей, бас ішінен жылжыб шығыб, 
Кіназға қара жылан шабды ысқырыб. 
Оралыб айағына, шаққан кезде, 
Батырдан шықды дыбыс, жаны ышқыныб...
Алекді жоқтаб жұрты көб жылайды, 
Өлген соң, жылағанға ол тұрмайды.
Днепр жағасында асын беріб,
Көбіршіб сабты айақдар быжылдайды.
«Олга мен кіназ «Игор» дөң басында: 
Тойлаған жасақдары һәм қасында:
Күндерді, бастан кешкен сөйлей түсер, 
Сабдты айақ жүрген сайын ортасында...


127


128


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет