Екінші том маса астана, 2022 ахмет байтұрсынұЛЫ



Pdf көрінісі
бет5/67
Дата03.10.2024
өлшемі6,35 Mb.
#146744
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
А.Байтұсынов Маса жинақ

ЕСЕК ПЕН ҮКІ.
Үркектеу, үйір емес онша қолға
Бір Есек ұлы сапар шықты жолға. 
Есекдің бойы тәуір болғанменен,
Есебде қосылмайды есі молға.
Және де бұл Есекдің көзі соқыр, 
Басшысыз, соқыр қалай жүрсін оңға? 
Ылағыб тура жолдан, қаңғыб кетді, 
Қисайыб, қыңыржақтаб шығыб жонға.
Ішіне қалың орман барыб кірд,
Білмеймін, не жол тауыб неғыб жүрді? 
Күн батыб, қас қарайған уақытда,
Есекдің ылаққанын Үкі көрді.
Үкі айтды мінгіз Есек мені! деді;
Мініб аб, мен бастайын сені деді;
Жолды айтыб, жөнді сілтеб мен отырсам, 
Көзіңнің һеш нәрсе емес кемі деді.
Бір ауыз сөз қайырмай, Есек көнді, 
Мініб аб, Үкі отырды сілтеб жөнді. 
Жерлерден адыр-бұдыр аман өтіб, 
Ағаштың жиегіне жақын келді.


33
3–7069


34
Жол табқан қараңғыда басшысына, –
Ден қойыб, бастағыш деб, Есек сенді. 
Бір кезде таң сарғайыб – машырықдан
Ағаштың арасына сәуле енді
Үкілер күндіз соқыр, түнде көргіш, 
Есекең, іс мәнісін білмей ергіш
Үкіден, таң атса да айрылмайды,
Деб ойлаб Жарықда да жөн сілтегіш.
Күн шықды, жарық болды дүниа жүзі
Үкінің бұлдырайды көрмей көзі.
Өзгеге жөн көрсетіб, бастау түгіл
Әлі бар отырарлық жай – ғана өзі.
Сонда да Есегіне сыр бермеске,
Айтатын, білгішсініб, міне сөзі:
«Ал келдік жаман жерге! Енді сақтан! 
Жолама! Сол жақтағы өзенге аққан.
Бетіңді оң жағыңа сала жүріб,
Аман өт! Мынау жатқан ылай қақтан
(Ол жердің өзені де, қағы да жоқ!
Білмеймін, соқыр Үкі қайдан табқан!)


35


36
Есекді Үкі билеб, алыб қолға,
Салыбды нақ ғазазыл түскен жолға. 
Пәлен деб күн ілгері неғылайық,
Түскені ондай жолға бақпа? сорма?
Бұл сөзді байандаған болмас айыб!
Һәркімнің ісіне бар сөз лайық.
Көркем сөз мұнан артық таба алмадым
Тал түсде ылаққанға жолдан тайыб.
Көб білім, көбді үйретер, болмаса да,
Не пайда? Жабыққаннан құр мұңайыб,
Соқырға көрсеткенмен, көре қоймас!
Сонда да, үміт үзіб, отырмайық.
Арланбай, адасқанды әшкерелеб,
Қойалық погоннойын жұртқа жайыб.
Болады ақылсыздың мысалы есек
Ғылымсыз надан адам соқырға есеб. 
Қалбынан есек асыб ат болмайды,
Қойса да қорасына асыл төсеб.
Алтынды айағыңа басқанменен,
Болмайды асылы азыб, балшық кесек. 
Жақсыны жақсы деген, мақтау емес, 
Жаманды жаман десең, болмайды есек. 


37


38
Қауымынан мұсылманның шыққан жолды,
Айыбба, ғазазылдың жолы десек. 
Білгішсіб кей білімсіз жол айтыб жүр, 
Байқасақ, не оңды жол ол айтыб жүр. 
Халыққа надан адам басшы болыб
Халықдың надандығын молайтыб жүр. 
Наданға надандықбен, жұрт ерген соң,
Тал түсте ылақды деб соны айтыб жүр.
Жазған сөз жаным ашыб Алашыма;
Алашдың адасқан аз баласына.
Қаннан қан, еткен інім бауыр жұртым! 
Қараған «Қара таудың» қаласына;
Іші лас сырты таза залымдардың 
Алданыб құр сыртының тазасына.
Мәз болыб байғазы алған балаларша 
Сатылыб жылтыраған танасына,
Әбілдің зиаратын аттаб өтіб
Қабылдың бата қылма моласына,
Қорыққанға қос көрініб қойдай үркіб
Тығылыб дажалдың ит ханасына,


39


40
Ес кетіб, сабыр қалмай сасқалақтаб.
Қорыққаннан көзің сыймай шарасына,
Ұмытыб Хұдайды да, Құранды да, 
Бас ұрма, Лат – Манат ағашына!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет