Екінші том маса астана, 2022 ахмет байтұрсынұЛЫ



Pdf көрінісі
бет7/67
Дата03.10.2024
өлшемі6,35 Mb.
#146744
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   67
Байланысты:
А.Байтұсынов Маса жинақ

ДОСТЫМА ХАТ.
Қырағы қиа жазбас сұңқарым-ай!
Қажымас қашық жолға тұлбарым-ай!
Үйілген өлексені өрге сүйреб:
Шығармақ қыр басына іңкәрім-ай!
Жарқыраб жақсылықдың таңы атбай тұр:
Түнерген төбемізден бұлт арылмай;


45


46
Көк етті, көн терілі, көніб қалған,
Сықса да шыдай беру жұрт жарылмай.
Кім біліб, ер еңбегін, сезіб жатыр? 
Кім шыдаб жолдасдыққа төзіб жатыр? 
Сасық ми, салқын жүрек санасыздар 
Алаңсыз ақ малтасын езіб жатыр;
Сынайтын, жақсы менен жаманды өлшеб, 
Құлдықдың қолдарында кезі жатыр;
Кешегі кеңшілікде керек қылған 
Бостандық болмаған соң, безіб жатыр.
Айтқанмен таусылар ма оны-мұны? 
Талайдың таңдамалы түпкі сыры:
Жанасқан шын көңілмен, жақындық аз – 
Көбінің іші салқын, сырты-ақ жылы;
Ақшаға абыройын арын сатыб
Азған жұрт адамшылық қалмай сыны;
Жаны ашыб жақын үшін қайғырар ма?
Жаны мал, жақыны мал, малдың құлы.


47


48
ЖИҒАН-ТЕРГЕН.
Ойұуын ойыб, 
Орындаб қойыб,
Түр салғандай өрнекке;
Қиыннан қиыб,
Қиырдан жиыб,
Құраб, сөзді термекке, 
Еңбекке егіз, тіл мен жақ, 
Ерінбесең, сөйлеб бақ! 
Именіб көбден,
Сақтық қыб еббен, 
Тасалама ойыңды! 
Ашынса етің 
Ашылмақ бетің,
Тірі көмбей бойыңды, 
Жүрегіңнің жарасын 
Көрсет жұртқа! Қарасын:
Оқушым, ұқбай,
Осқырыб шықбай,
Сабырмен байқа сөзімді! 


49
4–7069


50
Шыққан соң сыртқа,
Жайған соң жұртқа,
Сөз тергеуге төзімді.
Көб мағына аз ләфүз –
Есек басбас тайғақ мұз. 
Қарқылдар қарға, 
Шиқылдар арба,
Бой сүйсінер сазы жоқ. 
Шешенсіб жұртқа, 
Мылжыңдар қыртба,
Ой ісінер сөзі жоқ,
Маған үлгі ол емес;
Ол түсерлік жол емес. 
Жолдар бар өзге;
Жоба бар сөзге,
Жүрекке дөб, ойға жөн. 
Жаманды жаман
Демекпін һәман,
Мейлің тұула, мейлің көн. 
Иланбасам айтбаймын;
Иманымнан қайтбаймын. 


51


52
Һәр жолды ойлаб,
Ойыма бойлаб, 
Ұқтым тайыз тереңді. 
Сайраған тілмен,
Зарлаған үнмен,
Құлағы жоқ кереңді 
Ұқтыра алмай сөз әуре,
Тек тұра алмай біз әуре.
Қараймын кейін:
Орысқа шейін
Хан бағыбды қазақды.
Баға алмай жөндеб,
Басқаға көн деб,
Артқан жұртқа азабды.
Бас адамдар халықды 
Сатыб, сыйлар алыбды. 
Келген соң бері.
Кейінгілері
Болды құмар шекпенге
Өгіздей өрге,
Өткелсіз жерге
Күнде айдаб жеккенге.
Бір күн тойса есектер,
Ми жоқ алдын есебтер. 


53


54
Салыныб дауға,
Сатыныб жауға, 
Болысдықды алысды. 
Қазық боб жұртқа,
Қорған боб сыртқа,
Кім ойлады намысды? 
Мақтады ұлұқ (
1
) болды мәз! 
Қауым үшін қайғы аз. 
Оқытды жасын,
Өстірдіб шашын,
Мал табуға салынды. 
Қаламнан хатдан,
Жауабдан айтқан.
Білді жалғыз алымды. 
Кейбірі шен алмақ да,
Дінін шаншыб қармаққа. 
Басында сәллә,
Аузында Алла,
Молдаларда не ғамал? 
Көздерін сүзіб,
Жүздерін бұзыб.
Алдаб жұртды жимақ мал. 
1
ұлұқ – хәкім


55


56
Ұжмақ молда қолында;
Сауда-сатдық жолында.
Бергенге ұжмақ,
Бермесе дозақ
Деб үйретер халыққа. 
Ұжмахтың кілтін,
Алланың мүлкін
Арендаға (
1
) алыб па?
Молда сатса тиынға,
Ол Алла емес сыйынба!
Шалқаңнан жатыб,
Алланы сатыб,
Аламын деб қорлама! 
Еңбексіз ит жер,
Бейнетсіз бит жер,
Берсеңдер, бер молдаға! 
Өзіңді бірақ, алдама! 
Ақшаға ұжмақ жалдама! 
Ұлғайыб қайғы,
Уытын жайды,
Айтбасыма болмады. 
1
Арендаға 

жалдауға


57


58
Қабағын түйіб,
Қаһарын жиыб, 
Жан жақды бұлт торлады.
Жаңбыр жаумай, жауса қар, 
Жұрт жұтайтын түрі бар. 
Балалық қалыб,
Ес біліб анық.
Ер жеткелі жиырма жыл. 
Байағы қалпы,
Байағы салты,
Бұ неткен жұрт ұйқышыл?
Болсын кедей, болсын бай, 
Жатыр бейқам, жым жырт жай. 
Емшегін еміб,
Анаға сеніб,
Бала ұйықтайды жасдықбен. 
Қымызға қаныб,
Қызарыб жаныб,
Бай ұйықтайды масдықбен,
Шалаб ішкен кедей мас.
Міне жұртдың түрі оңбас! 
Ұйқышыл жұртды, 
Түксиген мұртты
Обыр обыб, сорыб тұр.


59


60
Түн етіб күнін,
Көрсетбей мінін, 
Ойатқызбай қорыб тұр.
Обыр болса қамқорың, 
Қайнағаны сол сорың!
Ойанған ерге 
Ұмтылған жерде 
Еруші аз, серік кем.
Қас білген досды,
Дос білген қасды,
Мұндай елді көріб пе ең?
Қыс ішінде бірер қаз 
Келгенменен қайда жаз! 
Қазағым, елім
1

Қайқайыб белің
Сынуға тұр тайаныб.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш, көзіңді, Ойаныб!
Қанған жоқ па әлі ұйқың? 
Ұйқтайтын бар не сиқың?!
1
Соңғы сегіз жол өлең төңкерісден бұрын шыққан «Маса»-лар-
да сензура рұхсат етбегендікден басылмаған. Б.К.


61


62
АНАМА ХАТ.
Қарағым, дұғайгөйім, қамқор анам! 
Арнаб, хат жазайын деб, алдым қалам. 
Сені онда, мені мұнда аман сақтаб
Көруге жазғай еді Хақ Тағалам!
Бара алмай, өтірікші болыб әбден,
Семейдің түрмесінде отыр балаң.
Мал ұрлаб, кісі өлтірген айыбы жоқ,
Өкімет өр зорлыққа не бар шараң?
«Үмітсіз шайтан болсын» деген сөз бар, 
Жолдар көб жәннатқа да тарам-тарам. 
Оқ тиіб он үшімде, ой түсіріб,
Бітбеген жүрегімде бар бір жарам.
Алданыб тамағыма, оны ұмытсам, 
Болғандай жегенімнің бәрі арам.
Адамнан туыб, адам ісін етбей,
Ұйалмай, не бетіммен көрге барам?
Көб айтбай, қысқасынан сездіретін – 
Балаңның мінезі бар сөзге сараң;
Кетер деб «суға құлаб, отқа түсіб»,
Қайғы жеб, менің үшін болма алаң!


63


64
Отырмын абақтының бөлмесінде
Бұйрықсыз көз жетеді өлмесіме.
Есікдің құлбы мықты, күзетші көб, 
Ажалдан басқа һешкім келмесіне.
Қоршаулы айналасы биік қорған,
Берік қыб салған темір терезесіне. 
Қалайша мұны көріб көңіл сенбес?
Аттаныб жау келсе де бермесіне.
Қаламда Лаухул Махфуз ұмытқан ба? 
Жазбабды бұл орынды көрмесіме. 
Қаңбақпен салмағың тең бұл бір заман –
Ылаж жоқ, жел айдаса ермесіңе.
Тайпалған талай жорға, талай тұлпар, 
Тағдырдың кез болыб тұр кермесіне. 
Солардан жаным-тәнім ардақты емес, 
Орынсыз күйзелейін мен несіне?
TIЛEK БАТАМ
Иә Хұдайым аққа жақ,
Өзіңе айан, мен нахақ.
Аққа деген жолымның 
Абыройын ашбай, жаб!


65
5–7069


66
Айат пенен хадисде 
Адал ниет ақ іске
Жаңылмасам, жоқ еді 
Жаза тартсын деген баб.
Мені ұстатыб, айдатыб,
Зығырданды қайнатыб,
Масайрасыб, мәз болыб,
Қуанғанды өзің таб!
Аз күндікке алданыб
Аз нәрсеге жалданыб,
Адасқанын Алаштың 
Түзу жолға түсір, хақ!
Жақын жерден жау шығыб,
Мақұл сөзден дау шығыб,
Дұшпан ұстаб қолымнан,
Итдер тістеб тонымнан,
Маған тосу болған шақ.
Тұтқын болыб тарығыб,
Жалғыз жатыб зарығыб,
Ашу қысыб, ойды алыб,
Өт жайылыб, бойды алыб,
Дерт жүрекке толған шақ.


67


68
Қатты айтды деб кекдемей, 
Сыйынғанды тек демей, 
Он екі имам әулие
Жиырма сегіз әнбие,
Қолда өңшең әруақ!
Қара балуан, Жәнібек!
Қаз дауысты Қазыбек!
Жетім қалған халқыңа, 
Тұлға болыб артыңа,
Кім тианақ қазық ед?
Құнсыз болыб еріміз,
Жесір болыб жеріміз,
«Жай менікі» дей алмай
«Мал менікі» дей алмай,
Ит пен құсқа азық ек.
Барын салыб таласқа,
Арын сатыб қалашқа,
«Жұрт болалық» деген жоқ, 
Жұрт қайғысын жеген жоқ, 
Іріб, шіріб азыб ек.


69


70
Мұны көріб көзіміз;
Бірігер деб сөзіміз;
Кен болар деб балшықты, 
Көл болар деб шалшықты, 
Біз үмітбен қазыб ек.
Дәреті жоқ айақдар, 
Қорсылдаған сайақдар, 
Былғамасын қасыңды, 
Қасиетті басыңды,
Дегеніміз болмаса,
Қазаққа не жазыб ек?
Байлаттырған қолымды, 
Бөгеттірген жолымды,
Жақыным бар, жатым бар,
Хабарлана жатыңдар!
Мен сендерге жүгіндім, 
Төресі әділ қазы деб!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет