42
Хайырсыз, неше сараң байлар да бар,
Қайықдай
толқындағы қалтылдаған;
Бәрінен тыныш ұйықтаб жатқандар көб
Ұмтылыб талаб ойлаб талпынбаған;
Солардың қатарында біз де жүрміз
Мәз болыб құр түймеге жарқылдаған.
Не пайда өнерің мен біліміңнен,
Тиісті жерлеріне сарф ұрмаған.
Бұл
бір сөз хасірет етіб, хатқа жазған.
Қалмаған түк қасиет, қазақ азған.
Байға мал, оқығанға шен мақсұд боб
Ойлайтын жұртдың қамын адам аздан.
ҚАЗАҚ САЛТЫ.
Қалтылдақ қайық мініб есбпесі жоқ,
Теңізде жүрміз қалқыб кешпесі жоқ.
Жел соқса, құйын қуса жылжи беру
Болғандай табан тіреу еш нәрсе жоқ.
Бұл күйге бүгін
емес көбден кірдік;
Алды, артын аңдамаған бетбен кірдік;
Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сөз:
Алалық алты бақан дертбен кірдік.
44
Бейне бір құдіретді сынағандай,
«Сақтар деб, сақтар болса» сертбен жүрдік
Жат жақды жаратқанға күзеттіріб,
Жақынмен ырылдасдық итдей үрдік.
Білдірдік елдің сырын,
ердің құнын
Елеріб ерегіске екі-үш күндік.
Кіреді тентек есі түстен кейін
Мүшкілін халіміздің жаңа білдік.
Әлі де саңылаусыз салтын бағыб
Түрі жоқ іс айтетын пәлен дерлік;
Ұлы той «көббен көрген» жалғыз мен бе?
Деб отыр, не болса да жұртбен көрдік.
Достарыңызбен бөлісу: