Екінші том маса астана, 2022 ахмет байтұрсынұЛЫ



Pdf көрінісі
бет10/67
Дата03.10.2024
өлшемі6,35 Mb.
#146744
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67
Байланысты:
А.Байтұсынов Маса жинақ

ЖҰБАТҰУ.
Әлди-әлди, ақ бөпем!
Ақ бесікке жат, бөпем!
Жылама, бөбем, жылама,
Жілік шағыб берейін;
Байқұтанның құйрығын
Жібке тағыб берейін.
(Қазақдың бала жұбатұу өлеңі)
Қайран, еркін
Замандарың!
Тарлыққа жоқ
Амалдарың!
Еркін дала
Еркің қайда!?
Еркіңдегі
Көркің қайда!? 


83


84
Нұулы, нұулы
Жерің қайда!?
Сұулы, сұулы
Көлің қайда!?
Еркін көшкен 
Елің қайда!?
Ел қорғаны
Ерің қайда!?
Тұура айтатын 
Биің қайда!?
Би бардағы
Күйің қайда!?
Адал көңіл
Андың қайда!?
Жалған антдан
Сақдық қайда!?
Бауыр тартқан 
Жүрек қайда!?
Намыс қызған 
Сүйек қайда!?
Нұулы жерден
Күшті айырды,
Сұулы көлден
Сұсты айырды.
Ер орнына
Еркек қалды;
Көлеңкеден
Үркек қалды;
Би орнына
Биің болды;
Би деу бірақ
Қиын болды,
Қаралды би
Жақтау болды;
Қараны жан
Ақтау болды;
Бауыр, жүрек
Талас боб тұр;
Намыс, сүйек
Қалаш боб тұр.
Малың алдау, 
Талауда тұр;
Жаның арбау, 
Қамауда тұр;
Айағыңды
Тұсау қысды,


85


86
Жақтарыңды
Құрсау қысды.
Көрмесіңе
Пердең мықты;
Өтбесіңе
Кермең мықты;
Енді жатыб 
Ұйықтау қалды,
Ұйықтағанды
Мақтау қалды 
«Әлди-әлди!» 
Деб тербеткен,
Ұйықтасын деб.
Көб тербеткен,
Қарның ашса
Ұлықтарың 
Жілік шағыб
Май бермекші;
Тоңсаң түлкі
Құйрықтарын 
Жібке тағыб
Бай бермекші.
Әлди-әлди! 
Мен де деймін;
Сірә, «әлдиге»
Сенбе деймін.
Н. Қ. ХАНЫМҒА.
Рахатсыз өтсе де өмір жасым,
Бұл жөнімнен Хұдайым айырмасын.
Ұзақ жолға ниет қыб бір шыққан соң, 
Жарым жолдан қайтбасбын, қарындасым!
Сұу да болар ол жолда, тау да болар;
Жаудың оғы, жайған тор – ау да болар;
Мынау пайда, мынасы зиан демек,
Ол ерлікдің ісі емес – сауда болар;


87


88
Шалдығатын, шаршайтын жерлер де бар.
Шалдыққанға мұқалмас ерлер де бар. 
Қайратданыб, қажымай тырмыссаң да, 
Шыққызбайтын жолыңда өрлер де бар.
Шаршайды деб ойлама шалдыққаннан; 
Ұзақсыныб жатбасбын жалыққаннан;
Жұрт, қолымнан келмесе, өкпелемес, 
Барын сақтаб мен айаб алыб қалман.
Ел мұнымды білемін ұқпайтынын;
Көтермеге талғанда шықбайтынын;
Шалыс басыб айақды жығылғанда, 
Жатқаныңнан тұрма деб мықтайтынын.
Мен өлсем де өлемін жөнімменен.
Тәннен басқа немді алар өлім менен. 
Өлген күні абарыб тығары көр,
Мен жоқ болман көміліб тәнімменен.
Тән көмілер, көмілмес еткен ісім;
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін;
Жұрт ұқбаса, ұқпасын жабықбаймын:
Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін.


89


90
АҚЫН ІНІМЕ.
Азырақ сөзге құлағың сал, ақын інім! 
Ойымыз, рухымыз жақын, інім!
Ағалық правасын қолыма алыб,
Келемін айтайын деб, ақыл інім!
Өзімді ағаңмын деб үлкейтемін;
Онымды көремісін мақұл, інім!
Адасқан ағаңыздың жері болса,
Тілеймін ете гөр деб ғафұу, інім!
Жай жатсаң жаңылмайсын, адасбайсын, 
Күресде кім кетбейді қабыл, інім!
Ат қойған аз көбіне қарамастан,
Ақылға біздер жарлы, фақыр, інім!
Доңыздай талғамай жеб семіргендер,
Саналыб ақылдыға жатыр, інім!
Сүйікті милләтыңа болам десең, 
Нашардың көбірек же, хақын інім!
Сыйласын десең жұртың қадір тұтыб, 
Айғырсыб момындарға ақыр, інім!
Білімді ел ішінде болам десең,
Шешенсіб жоқды сөйлеб лабыр, інім!


91


92
Қолыңнан мұның бірі келмес болса, 
Кісімсіб ең болмаса қақыр, інім!
Сөзіңді тыңдатайын десең жұртқа, 
Ет асыб табақ-табақ шақыр, інім!
Аузымен орақ орыб бәрін де етер, 
Қымызды шара-шара сабыр, інім.
Ет пенен қымыз беріб, сөйлеб көрсең, 
Айтқаның жұртқа балдай татыр, інім!
Ақылың Афлатондай болсадағы, 
Қымыз бен еті жоқ құр татыр білім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет