Бруцеллез – ретикуло-эндотелиялық жүйені айрықша зақымдайтын жалпы инфекциялы-аллергиялық ауру. Ол жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратын жиі қамтитын хрониосепсис түрінде өтеді.
Этиологиясы. Ауру қоздырушы – бруцелдер тобына жататын микробтар. Инфекцияны адамдар арасына жануарлар таратады. Олар сүт, нәжіс, зәр және іш тастау кезінде қынап шырышы арқылы микробтар бөліп шығарады. Адамдарға алиментарлық жолмен зақымданған тері арқылы жұғады.
Патогенезі. Адам организміне бруцеллдер лимфа түйіндеріне жиналады, артынан қан арқылы әр түрлі тканьдер мен ағзаларға, оның ішінде орталық және шеткі нерв жүйесіне тарайды. Бруцеллдер тор қабық асты кеңістігіне енгенде, ми қабықтарының, бас сүйек-ми және жұлын нервтерінің асептикалық қабынуы байқалады.
Клиникасы
Клиникасы
Н.И. Рогоза мен А.С. Пенцик ұсынған жіктеме бойынша нейробруцеллездің 4 кезеңі бар:
Инкубациялық кезең немесе алғашқы латенттік бруцеллез. Бұл кезеңде вегетативті-тамырлық дисфункциямен үйлесетін астеноневротикалық бұзылымдар басым байқалады. Ол 15-тен 45 күнге созылады.
Шұғыл сепсистік немесе инфекциялық кең таралу фазасы ретикуло-эндотелиялық жүйе ағзаларындағы едәуір өзгерістермен (лимфатикалық түйіндердің, көк бауырдың және бауырдың үлкеюі), дене қызуының көтерілуі, терлеу, арықтау, т.б. симптомдар арқылы сипатталады. Оларға невриттер мен невралгия, айқын білінетін вегетативтік бұзылымды полиневриттер түрінде белгі беретін шеткі нерв жүйесі зақымдану симптомдары қосылады.
Ұзаққа созылатын, созылыңқы немесе созылмалы фаза. Бұл кезеңде нерв жүйесінің ошақтық зақымдану (менингит, менингомиелит, менингоэнцефалит, арахноидит, энцефаломиелит, субарахноидалдық және паренхиматоздық геморрагия) симптомдары пайда болады.
Екінші латенттік фаза немесе екіншілік созылмалы бруцеллез. Оған шашыранды ошақтық белгілер мен вазомоторлы-церебралдық бұзылымдар арқылы білінетін нерв жүйесі зақымдануының соңғы құбылыстары тән.