Сифилиспен сырқаттанғандарда нерв жүйесінің зақымдануы 15-25%-ын құрайды. Сифилистен болатын қосымша неврологиялық асқынулар әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, медициналық қызмет көрсету ерекшеліктеріне және халықтың мәдени деңгейіне байланысты. ДДҰ мәліметтері бойынша жылына бұл аурумен 20 млн адам ауырады екен.
Нейросифилис
тің алғашқы(мезодермалық) және кешеуілдеген (эктодермалық) көріністері ажыратылады.
Алғашқы мезодермалық асқынулар біріншілік (бас ауруы, радикулалгия, неврит) және жиірек екіншілік (менингит, миелит, менингорадикулоневрит және менингомиелит, цереброжұлындық васкулит) кезеңдерінде, яғни инфекция жұққаннан бірнеше айдан 2-3 жылға дейінгі мерзімде дамиды.
Кешеуілдеген эктодермалық асқынулар (созылмалы миненгит және менингомиелит, гумма, пахиминенгит, эндоартериит) сифилистің үшінші кезеңінде, яғни ауру басталғаннан 3-6 жыл кейін өрбиді.