Экология и естественные науки



Pdf көрінісі
бет13/22
Дата31.03.2017
өлшемі4,25 Mb.
#11024
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22

 
1 Назарбаев  Н.  Независимому  Казахстану  –  жить  и  здравствовать  // 
Казахстанская правда. – 1998. - 16 декабря. 
2 Материалы  семейного  архива  семьи  З.  Алдамжара.  Ходатайство  секретаря 
Гурьевского обкома партии Кенжебаева А. 
3 Материалы семейного архива семьи З. Алдамжара. Письмо Г.Ф. Дахшлейгера 
академику И.И. Минцу. 
4 Материалы  семейного  архива  семьи  З.  Алдамжара.  Ответное  письмо 
академика И.И. Минца Г.Ф. Дахшлейгеру. 
5 Материалы  семейного  архива  семьи  З.  Алдамжара.  Ходатайство  Г.Ф. 
Дахшлейгера о закреплении темы исследования за З. Алдамжарем. 
6 Материалы  семейного  архива  семьи  З.  Алдамжара.  Приказ  №2  от  15  июля 
1980 года Института истории СССР при АН СССР. 
7 Материалы  семейного  архива  семьи  З.  Алдамжара.  Письмо  зав.сектора 
истории исторической науки Института истории СССР, профессора В.П. Наумова. 
8 Материалы  семейного  архива  семьи  З.  Алдамжара.  Письмо  Розова  В.К. 
заместителю министра народного просвещения Рустемову Л.З. 
9 Материалы  семейного  архива  семьи  З.  Алдамжара.  Письмо  заместителя 
министра народного просвещения Рустемова Л.З. Зулкарнаю Алдамжару. 
10  Материалы семейного архива семьи З. Алдамжара. Письмо З. Алдамжара 
заместителю министра народного просвещения Рустемову Л.З. 
11  Материалы семейного архива семьи З. Алдамжара. Выписка из приказа от 
14 апреля 1984 года, о допуске к защите докторской диссертации. 
12  Материалы  семейного  архива  семьи  З.  Алдамжара.  Заключение 
специализированного совета Д.002.33.01 от 5 ноября 1985 года. 
13  Материалы  семейного  архива  семьи  З.  Алдамжара.  Отзыв  д.и.н. 
Дунаевского В.А. на автореферат докторской диссертации З. Алдамжара.  
14  Материалы семейного архива семьи З. Алдамжара. Отзыв д.и.н. Зевелева 
А.И. на рукопись монографии З. Алдамжара. 
15  Материалы  семейного  архива  семьи  З.  Алдамжара.  Текст  доклада  на 
выступлении, при защите докторской диссертации. 
 
Түйіндеме  
 
Мақала  белгілі  ұстаз,  ғалым,  қоғам  қайраткері  Зұлқарнай  Алдамжарұлының 
танымал  ғалым  болып  қалыптасуындағы  докторлық  диссертациясын  қорғау  сәтіне 
қатысты  тарихының  баяны  Зұлқарнай  Алдамжарұлының  отбасы  мұрағатынан 
алынған деректер негізінде жарияланып отыр.  
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

109
 ~ 
 
Summary 
In  this  articlethe  authors  examinesthe  process  of  becomingwestAldamzharas  a 
scientist.In  particular,considerthe  process  of  protectingtheirdoctoralthesis  in1984in 
Moscow,in  the  sector  ofhistoriographyin  theUSSR  Academy  of  Sciences.  This  articlewas 
publishedbysourcesfrom  the  family  archivesof  the  familyZulkarnayaAldamzhar.  Earlier 
data  sourceshave  not  been  publishedelsewhere,  in  particular,  consideredminutes  of  the 
meetingof the Academic Councilat the time ofdoctoraldissertations. 
 
 
ӘОК 94 (47) 
 
  Ә.О.Тұрдалиев
1
, Р.И. Шәудірбаев

 
1
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Атырау қаласы 
2
 Маңғыстау политехникалық колледжі оқытушысы, Ақтау қаласы 
 
АДАЙЛАРДЫҢ  ОРЫС ӘСКЕРЛЕРІНІҢ ТҮРКІМЕН ЖЕРІН ЖАУЛАП АЛУ ЖОРЫҒЫНА 
ҚАТЫСУЫ (1875-1881 ЖЖ) 
 
   Қазақ    даласының  батысындағы  саны  жағынан  ең  көп  және  ХІХ  ғасырдың 
соңғы  ширегіне    шейін  Ресей  империясы  билігіне  мойынұсынбай,  орыстардың 
Каспийдегі балықшыларының өміріне қауіп төндіріп, топ-тобымен тұтқындап, Хиуаға 
құлдыққа  сатумен  аты  шыққан  тынышсыз  Адай  руы  мекендейтін  Маңғыстауды, 
Орынбор  губерниясынан  бөліп  алып,  Кавказға  әскери  округіне    қарату  шараларын 
жүргізу,  патша  үкіметінің  отаршылдық  саясатындағы  үлкен  бір  бет-бұрыс  болды. 
Аталған  өңір  осыған  дейін  әкімшілік тұрғыдан  Маңғыстау  приставтығы  деп  аталды. 
Приставтыққа  Маңғыстау  түбегінің  аумағы  мен  Үстірттің  Сағызға  дейінгі  бөлігі 
қарайтынды.  Маңғыстауды,  Орынбор  губерниясынан  бөліп  алып,  Кавказға  әскери 
округіне    қарату  шаралары  алынған  соң,  ресми  бұйрық  шығарылып,  1870  жылға 
дейін өңірдің әкімшілік орталығы Форт - Александровскі қамалын күзеткен Орынбор, 
Орал  казак  әскерлері  Терек  казак  әскерімен  алмастырылып,  Маңғыстау  өңірі 
әкімшілік-территориялық  реформа  нәтижесінде      Кавказ  әскери  округі      құрамына 
енгізілді.  
   Маңғыстаудағы  әскери  шараларды  әуелі  бізге  Л.Толстойдың  «Казактар» 
повесінен белгілі Гребеньдік казактар жүргізіп, содан кейін олардың орнын Лабиндік 
казактар  басты.  Себебі,  табиғат  жағдайы  өте  қатал,  аттардың  жем-шөбіне  дейін 
кемемен  жеткізілетін  қамалда  бір  әскер  қосынын  ұзақ  ұстап  жабдықтау,  адамдар 
мен аттары жерсінуі  де қиын болды [1.40 б]. 
  Маңғыстауды  алғаннан  кейін,  1875  жылдан  бастап,  Ресей  империясы 
әскерлері  Парсы  шекарасына  дейінгі  өңірдегі  жауынгер  Ахалдық  Теке  руы 
түрікмендерін  бағындыруға  кірісе  бастады.      Түз  елін  «бөліп  ал  да  билей  бер» 
саясатын  мықтап  ұстанған,  басқаның  қолымен  от  көсеуге  үйренген  ресей  үкіметі, 
түрікмендерге  қарсы    бұрыннан  жауласушы  Адай  руын  да  пайдаланды.  Арадағы 
жаугершілікті  оңтайлы    пайдаланған  патша  үкіметі,  Ахалық  Теке  руы  түрікмендері 
мен Адай руын айдап салу арқылы екі жақты әлсірете отырып, өз отарлау саясатын 
жүргізуге ұмтылды. 
Патша  әскерлері  Түркістанды  әскери  күш  қолдана  отырып  жаулап  алуға 
кіріскенде, оларға айбынды қарсылық көрсеткен  түркмендер болды. Ахалдық Теке 
руы түрікмендеріне қарсы жорыққа әскери әкімшілік тыңғылықты дайындалып, түрлі 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

110
 ~ 
 
амал-тәсілдерді  қолданып  бақты.  Алғашқы  барлау  жұмыстары  қолға  алып,  оны 
түрікмендерді  жақсы  білетін  адайларды  қатыстыру  арқылы  жүргізді.  Осыған  орай, 
1876 жылы көктемінде Ленкоранда тұрған Лабинск казак полкінің №5 жүздігінің тез 
арада  су  жолымен  Форт-Александровскіге  әкеліп,    әскери  жаттығулар  жүргізіп, 
жылқылыарды  жерсіндіру  шараларын  алып,  жергілікті  жердің  әдеп-ғұрыпын 
зерттеп, адайлармен келіссөздер жүргізіп уәде байланысты. Операцияға тәжірибелі 
офицерлерді,  инженер-форсификаторларды,  т.б.  мамандарды  тартты.  Мәселен, 
казак әскерінің жүзбасы Михаил Павлович Арнольди заманына сай, оқыған, білімді, 
атақты  әскери маман  болған.  Жорықтан кейін,  ол осы  сапарынан  «В  Закаспийской 
области»  атты  жазбаларын  қалдырғаны тарихтан  белгілі.  Шығарма  офицердің жол  
жазбалары емес, үлкен тарихи-этнографиялық, танымдық мәнге ие өте құнды еңбек 
табылады. Шығармада орыс отаршылдарының адайлардың мәдени жетістіктері, мал 
шаруашылығындағы 
әдеп-ғұрыптары, 
дәстүрлері 
баяндала 
келе, 
орыс 
отаршылдарының жергілікті халыққа деген қөзқарастары да жазылған. 
  Отан тарихының  келелі мәселелері  зерттелуі  барысында, мұндай  деректерді 
ғылыми  айналымға  қосып,  зерттеудің  маңызы  өте  зор  екендігін  белгілі.  Еңбекте 
Форт-Александровск жай қамал емес,  теңіздің осы жағалауындағы патша үкіметінің 
үлкен  тірек  пункті  деп  көрсетіледі.  Сол  кезге  сай,  қамалдың  әскер  күші  жеткілікті 
жасақталып,  бекіністе  кавказдық  Самур  полкінің  3  ротасы,  500  адамнан  тұратын 
жергілікті әскерлері, артиллериясы болған. Жорыққа дайындық барысында оған бір 
жүздік атты әскер жасағы, шамамен 160-170 адам тағы қосылып, әскери қимылдар 
жүргізу  шаралары  сәйкестендіріліп,  бірлескен  жаттығулар  жүргізілді.  Кавказдағы 
Петровск  портымен  навигация  ашылған  кезде,  тұрақты  түрде  «Каспий»  кемесі 
арқылы  кеме  қатынасы  жолға  қойылып,  әскерді  жабдықтау,  байланыс  жүйелері 
қалыпқа  келтіріліп,  инфраструктура  дайындалды.  Осыған  сай,  болашақ  жорыққа 
қажетті 2 мың түйе көлігі жергілікті қазақтардан жалданып алынған.  
Жергілікті  халықтың  өкілдерінен  жасақталған  әскери  қосындардың  жорыққа 
қатысуы,  оларды  әскери  қару  - жарақпен  жабдықтауды  қажет  етті.  Сонымен  бірге, 
әскери  іс-қимылдар  бірлігіне  сай,  машықтануға  мәжбүрледі.  Қазақтардан  әскер 
қосынын  жасақтау  көп  қиындық  туғызды.      Ат  жемі,  азық-түлік  қазына  есебінен 
өтеліп, қазақтардан әр атты әскерге айына 20 сом, урядниктерге 30 сомнан жалдап,  
әскери жүздік жасақталған. Жүзбасы ретінде, приставтың тілмашы, орысшаға жетік, 
1873  жылы  Хиуа  жорығына  қатысып,  ерлік  көрсетіп  Георгиев  кресімен 
марапатталған Қосым Мырзабаев тағайындалып, 50 сом жалақы бөлінген. 
  Мініс  аттары,  киімдері өз  тарапынан  қарастырылған, аталмыш  әскери  жасақ 
тез арада казак әскерінің үйретуімен, сапқа тұрып, жүруді үйренді.   Қару-жарақтан   
қылыштар  менен  найзалар,  20    білтелі  және  аңшы  мылтықтары  бөлінген.  Әскер 
басшылары қазақтар өзімізге қарсы жұмсайды деп қорқып, мылтықты қөп бермеген 
екен 
[2.С.48-50]. 
Казак 
әскерінің 
жүзбасы 
Михаил 
Павлович 
Арнольди 
жазбаларында,  қазақ  жосыны  туралы  –  «Жасақ  сырт  көзге  ала-құла,  қораш, 
қолайсыз тобыр көрінгенімен, жорық кезінде бізге өте көп көмек көрсетті. Әлденеше 
рет  тіпті  болуы  мүмкін  еместей  тұстардан  су  көздерін  тапты,  ешкімнің  басына 
келмейтін  жерлерден  құдық  қаза  қояды.  Казактарды  мал  жайылысы  бар  жерлерге 
тез апарады, елді мекенді тапқыш, қауіпті алдын-ала сезгіш, пысық, шаршамайды,- 
деп жазған [3.С.15].    
Адай  жасақтары  аталған  жорық  барысында  шолғыншы  барлаушылар  ретінде 
пайдаланылды.  Сонымен  бірге,  қазақтар  түйе  керуенін  күзетіп,  шабармандық 
қызметке  көбірек  пайдаланылыпты.  Орыс  әскері  кей-кейде  қатқан  қара  нан  мен 
қара  суға  қарап  қалғанда,  қазақтар  азық-түліктен  тарықпайды.  Қоржындарында 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

111
 ~ 
 
ақтаған  сөк,  ірімшік-құрттары,  шілденің  ыстығында  бұзылмайтын  қарынға  түрген 
майлы қуырдақтары болғандығына таңданып баяндайды. 
         Арнольдидің назарын атты әскер офицері ретінде қазақтардың Адай жылқысы    
көңіл  аударған.  Олардың  төзімділігі,  қоршаған  ортаға  бейімділігі,  аяқтай  жайылып, 
қоңын  үзбейтіндігі  таңдандырса  керек.  «Мен  бұл  өңірде  3  жыл  қызмет  барысында 
талай  жорыққа  катынаса  жүріп,  қазақ  атының  зорығып,  жолда  қалғанын  көргенім 
жоқ» - деп жазады Арнольди [3.С.17-19]. Тек жусанға ғана жайылып, ертеден кешке 
дейін  100  шақырым  қашықтықты  қиналмай  алатын  қазақ  жылқыларына  қызыққан 
командир, жауынгерлеріне  ат ауыстырып, адай жылқыларын көбірек алуға бұйрық 
берген.  Қазақтардың  өз  аттарын  басқа  жылқылардан  артық  қоятындығы  сондай, 
жорық  барысында    казачество  әскерінің      сұлу  мүсінді  асыл  тұқымды  кабардалық 
аттарын тек сойыстық үшін ғана, өз жылқыларына айырбастағанын аса таңданыспен 
жазады.  Адай  жылқылары  туралы  баяндай  келе,  олардың  сыртқы  түрінің 
қораштығына  қарамастан  ер-тұрмандары  да  ат  арқасына  жайлы  екендігін  жазған. 
Қазақ  қолөнер  бұйымдарының  қасиеттерін  назардан  тыс  қалдырмай,  оларды  жете 
зерттеп, қөшпелілердің қолдан ескен арқандары үзілмейтін мықты екендігін бінеше 
рет  баяндайды.  Әскери  маман  офицер  Арнольдиді  қазақтардың  аттарды  күтіп, 
баптау әдістері қызықтырған, олардың мініс аттарын тағаламайтындығы, қатарынан 
3-4  сағат  жүріп  келіп,  суарып,  салқын  тимес  үшін  тағы  да  жортып,  тер 
шығаратындығы да таңқалдырған. 
          1877  жылдың  24  наурызы  күні  бірнеше  ай  дайындықтан  кейін,  атты  әскер 
Ново-Александровск  портынан  жорыққа  аттанады.  Марштағы  әскерді  қазақ 
жорғасына  мінген  пристав,  1873  жылы  Хиуа  жорығында  ерлігімен  көзге  түскен,   
жауынгер  офицер,    полковник  Н.Навроцкий  бастады.  «Әскери  маршқа,  яғни  атпен 
үш  қатарға  тұрып  сап  түзеп  жүруге      бейімделмеген      қазақтардың  жасағы     
жапатармағай тартып берді» - деп жазады[3.С.20]. 
Бірінші  аялдама,  Түлкілі  сайының  бойыннан  300  шақырым  жердегі  Кендірлі 
шығанағына  дейінгі  сапар  еш  көлденең  оқиғасыз  өткен.    Бекдаш  жеріне  келгенде 
бұларға  тұтқиылдан  қарақшы  түрікмендер  шабуыл  жасаған.  Олардың  мақсаты 
керуендегі  түйелерді  қуып  әкету  болғанымен,  сақ  келе  жатқан  қазақтар  қарсы 
шауып,  қарақшыларды  тоз-тоз  етеді.  Осы жерде  бір  қайғылы  оқиға  болады. Қазақ 
жүздігінің  командирі,  Форт-Александровскіден  шыққалы  өкпе  сырқатымен  ауырып 
келе  жатқан  Қосым  Мырзабаев  қайтыс  болады.Ол  Георгиев  кресінің  кавалеріне 
көрсетілетін құрметпен сол жерге аманат етіп жерленеді. Денесін туыстары 5 айдан 
кейін алып кетіп, ата қауымына жерлейді. Оның орнына   командир ретінде Ержан 
деген жігіт  тағайындалған[1.С.56-57.]. 
Әскер  Форт-Александровскіден  Красноводскіге  дейінгі  608  шақырымды  20 
күнде  жүріп  өтеді.  Жолда  әскерилердің  казак  жүздігінен  3  адам  іш  ауруымен 
ауырып, 12 аттың арқасы жауырып, жол азабын көрген екен. Ал жергілікті қазақтар 
жүздігі  дін  аман  жеткен.  Жоғарыда  айтылған  қазақ  жылқысы  төзімділігі  осы  тұста 
орыс офицерлерін таңдандырса керек.  
Красноводскіден  оларды  қарсы  алған  қолбасшы  генерал-майор  Ломакин 
әскери  қосынның    амандығын,  жағдайының  жақсылығын  көріп  қатты  риза  болған. 
Әсіресе  әлі  қоңын  жоғалтпаған  2  мың  түйені,  ұзақ  жолда  бағымын  келістіріп, 
бабында  ұстаған  қазақтарға  алғысын  білдірген.  Сапар  жалғасын  тауып,  жолда 
зеңбірек сүйретіп болдырған орыс аттарын, тың келе жатқан қазақ жылқыларымен 
алмастыруға  тура  келген  екен.  Копет-Даг  тауларына  жете  құлан  үйірлері  кездесіп, 
қазақтар оларды қуып жүріп атып,  әскерді қуырдақпен тамақтандырды. Ал әскери 
казактар өз кезегінде қабан аулаған. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

112
 ~ 
 
1877  жылы  6  мамырда  Теке  түрікмендерінің  әскері  Қызыл  Арбат  маңына 
бекініп,  орыс  әскерлерін  күтумен  болды.  Бекініске  таяу  келіп  орналасып,  барлау 
жұмыстарын  жүргізіп  тынығу  тұсында,  Арнольди  бір  қызық  оқиғаға  тап  болғанын 
жазады. 12 мамырда сағат 11-де Арнольдидің астындағы парсы тұқымды айғыр мен 
түрікмен айғыры шайнасып қалады. Екеуін әзер айырған қазақтар «бұл жақсы ырым 
емес,  көп  ұзамай шайқас  болады»  -  дейді  [3.С.27].  Қазақтар  айтқандай келесі  күні 
түрікмендер шолғыншы қазақ жасақтарына шабуыл жасап, ұрыс басталды. Бүтін бір 
дивизияға дерлік түрікмендердің атты әскеріне қарсы саны аз орыстардың жағынан 
4 зеңбіректен оқ боратып атып қорғануға мәжбүр болған. Сонда да беті қайтпаған 3 
мыңдай  түрікмендер  250  –  дей  жауынгерден  тұратын  орыс  жасағын  үш  жақтан 
қоршай  бастайды.  Сәті  түскенде  арттан  дағыстандық  рота  көмекке  келіп  үлгеріп, 
бұлар  қырылудан  аман  қалады.  Енді  олар  арттағы  негізгі  күшке  қарай  шегініп, 
қоршауды  бұзып  өтеді.  Ұрыс  даласында  100  түрікмен  өлігі  жайратып  салған  орыс 
әскерінің офицері Арнольди, осы жерде қазақтардың өлген түрікмен бастарын кесіп 
алып,  найзаларының  ұшына  шаншып  алғанын  айтып,  аталмыш  оқиғаны  екі  халық 
арасындағы  бітіспес  жаулықтан  деп  түсіндірген.  Орыс  жүздігінен  11  қазақ 
жасағынан  2  сарбаз,  жаяу  әскерден  1  офицер  мен  3  солдат  жараланса  керек 
[3.С.38] 
         1877  жылы  12-18  мамырда  Орыс  қолы  Қызыл  Арбат  бекінісін  алып, 
қорғанысқа  көшеді.  28  мамырда  текеліктермен  келіссөзге  келе  алмаған  олар,  онан 
әрі ілгерілеуге қорыққып, түнде кері қайтады. Казактар мен қазақ жасағы аррегард 
ретінде шегінген әскердің арттын қорғады. 
         Ақыры  шегінген  әскер    жол  азабын тартып      теңіз  жағасындағы  Молла  Қара 
бекінісіне  жеткен.  Арнольди  өз  жазбаларында,  осы    тұста  қарамағындағы  280 
әскердің  сапқа  жарамдысы  160-тай  ғана  екенін,  120  сарбаздың  ауырып, 
сырқаттанып  жатып  қалғанын  қынжыла  жазыпты.  Жергілікті  әскерге,  қазақтар 
жүздігіне  келсек,  олардың  дымы  кетпеген,  елге  қайтатындарын  естіген  соң 
көңілденіп, түйелерді күзеуге кірісті деп баяндайды. 
          20 тамызда ауру әскерлерін Красноводскі арқылы су жолымен жіберіп, өзі 60 
жауынгерімен,  110  атымен,  адай  жасағымен  бірге  Форт-Александровскіге  оралған. 
Жорық  туралы  берген  есебінде,  ол  есептен  шыққан  43  аттың  кубандық,  таулық 
тұқымынан  екендігін,  ал  қазақ  жылқысының  бірде  -  бірі  саптан  қалмағанын,  қазақ 
жасағының ерлікпен соғысқанын  ризашылықпен жазыпты[3.С.40-45]. 
           Орыс  әскерилері,  қазақ  жасағының  қатысымен  Ахал-Теке  әскери  жорығын 
келесі жылы да қайталағанмен,  жорық сәтсіз аяқталады.         
         Үндістандағы  ағылшын  экспансиясынан  қорыққан  орыс  отаршылдары 
қалыптасқан саяси ахуалға сай, отарлау шараларын үдете түсті. Алғашқы әрекеттер 
сәтсіздікке  ұшыраған  соң  қосымша  әскер  тартылып,  саны көбейтілді. 1880  жылдың 
мамыр  айында  құрамында  13  мың  әскер  және  79  зеңбірігі  бар,  генерал  Скобелев 
бастаған отряд Ресей жақтан Каспий теңізі арқылы Красноводскіге дейін жүзіп өтіп,  
одан  соң  құрлықпен  жүріп  Небит-Дагты  асып  өтіп,  Ахал-Теке  оазисіне  бет  алады. 
Жергілікті  ел  жұрты  Геок-тепе  бекінісіне  тығылады.  Аталмыш  бекіністі  5  мың 
мылтығы бар және 3 зеңбірігі бар теке жасағы қорғаса да, күші басым жау, бекіністі 
1881  жылы  12  қаңтарда  алынды.  Бекіністі  қоршауда  ұстау  барысында  генерал 
Скобелев  өз  әскерінің  төрттен  бірінен  айрылған  екен.  Өз  еңбегінде  түркімендердің 
ерлігі  туралы  жазған  тарихшы  Н.Латкин:  «Туркмены  и  особенно  текинцы  горячо 
любят  свою  родину  и  готовы  защищать  ее  до  последней  капли  крови,  что  они  и 
доказали  при  Геок-Тепе,  где  русские  потеряли  больше,  чем  вообще  за  время 
завоевания  в  Средней  Азии»  [4.С.18]–  деп  жазады.  Түркіменнің  Ахал  елді  мекенін 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

113
 ~ 
 
жайлаған  теке  тайпасының  жігітттерінің  Геок-тепе  (Күйік    төбе)  бекінісін  орыстың 
экспедициялық  корпусынан  қорғауы  барысында  көрсеткен  жанқиярлық  ерлігі 
тарихта  қалып,  патша  өкіметінің  әскери  генералдарының  түркмендерге  деген 
көзқарасын  өзгертіп,  азия  халықтарының  ішінде  осы  оқиғадан  кейін  оларға 
артықшылықтар беруге өз септігін тигізді деп тұжырым жасауға болады.  
       Түркімендердің  ерлігіне  таңданған  генерал  Скобелев  [5.С.301],  болашақта 
Германиямен  соғыс  бола  қалған  жағдайда,  түркмендер  мен  қазақтарды  армия 
қатарына алу жөнінде ұсыныс жасаған. Осы ұсыныс негізінде 1885 жылы 24 ақпанда 
түркмендерден арнайы атты полиция жасақтары құрылып, в 1890  жылы Ауғанстан 
шекарасы бойын барлауға қатысты[6 .С.18],  кейін, 7 қараша 1892 жылы осы негізде 
атты  -  иррегулярлық    дивизион  [7.С.50],  30  қаңтар    1911  жылы  –    кавалеристік 
түркімен дивизионы құрылған[8.С.67-69]. 
          І   дүниежүзілік соғыс басталғанда, теке руы жігіттері басқа халықтар өкілдері 
сияқты  қара  жұмысқа  алынбай,  соғыс  қимылдарына  тікелей  араласқан  кавалерия 
қатарына  алынып,  1914  жылы  29  шілдеде      патша  өкіметі  атақты  Теке  полкін 
жасақтады[9]. Бірақ, кейін патша әскерінің құрамында болды деген желеумен, әскер 
қатарында  болған  түрікмендер  кеңес  өкіметі  тарапынан  репресияға  ұшырап, 
қырылды. 
         Ресейдің  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  өмір  сүрген  тамаша  ірі  әскери 
маман  ретінде  Германиямен болашақта  болатын  соғысты  болжап,  соғысқа  қатысты 
ақыл-ойларын жазып қалдырған. Бұл жазбалар Ресейдің мұрағаттарында осы кезге 
дейін сақтаулы[10]. 
          Атақты  генерал  Скобелев  болашақ  соғысқа  арналған  алдын  –  ала  жоспар 
жасау  керектігін  ескертіп,  осы  жоспар  бойынша  түркімендер  мен  қазақтарды 
пайдалану  жөнінде  былай  деп  жазған:  «Не  растеряться  в  случае  внезапного 
нападения,  а  действовать  по  заранее  разработанному  плану,  например: 
«Удержание  линии  Вислы  устройством  Варшаво  –  Новогеоргиевск  –  Глубо  – 
Наревского  плацдарма  наподобие  Плевны.  На  войне  сердце  суть.  Каково  будет 
состояние сердца… когда образованные бюргеры, утопая в грязях между Вислой и 
Бугом, узнают от молвы, что под Франкфуртом, Кюстрином… живьем сожгли целые 
округа, что все для него святое и милое гибнет??… средствами к достижению этого 
первенствующего  результата  против  Германии…  являются  в  первый  период 
кампании  А)  Туркмены  текинского  племени  Ахала  и  Мерва.  20-30  тыс.  первой  в 
мире  кавалерии.  Путь  следования:  Кизил-Арватская  железная  дорога,  Петровск  – 
Владикавказ  –  Минск.  Вооружение  винтовками  в  пути.  В)  Адаевцы  и  киргизы 
Мангышлака:  6  –  10  тыс.  отличной  конницы.  Посадка  на  суда:  форт 
Александровский  –  далее  или  Владикавказ  –  Минск  по  железнойдороге  или 
Астрахань – Царицын. Вооружение по пути. С) Киргизы бассейна Ори около Орска15 
тыс.,по  Оренбургской  железнойдороге.  Пункт  посадки  –  Оренбург.  Вооружение  по 
пути. В итоге все это составит, 40-50 тыс. неподражаемой конницы» [11.С.96-99]. 
        Патша  өкіметі  қазақтарды  қаруландырудан  қорықты,  бұратана  халықтардың 
өкілдерін  соғыс  өнеріне  үйрету  империяға  қауіп  төндіруі  мүмкін  деген  көзқараста 
болды. 
         Жалпы  алғанда,  1875-1881  жылдары  ғана  жеңіспен  аяқталған  орыс  әскери 
отарлау жорығына қатысқан қазақтар саны 500-ге жеткен екен.     
            Бұл жолы адайларға (бұратаналарға) ескі үлгідегі мылтықтар беріліп, лезгин 
жасағымен  бірге  ұрыстың  ең  ауыр  жеріне  салынған.  Орыс  офицерлері  ұрыс 
тәжірибесі негізінде жасалған тұжырымы бойынша, Адай қазақтарынан казак әскері 
үлгісіндегі  тұрақты  үйретілген  әскер  құрамасын  құру  туралы  ұсыныстары    әскер 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

114
 ~ 
 
басшылардың    тарапынан  қолдау таппады.  «Бұларға  қару  беруге  болмайды,  ертең 
оны өзімізге қарсы жұмсауы мүмкін» - деп сенбестік білдірді[2. С25.].  
    Қорыта  келгенде,  ХІХ  ғасырдағы  Ресей  империясының  қанқұйлы  отаршыл 
саясатының  жалғасы  Маңғыстауда,  одан  әрі  түркмен  жерінде  өз  жалғасын  тапты. 
Аталған саясатты жүргізу барысында отаршылдар, неше түрлі амалдар алып, алдап-
арбау, халықтарды бір – біріне айдап әрекеттеріне барып өз дегеніне жетіп отырды. 
«Жеңіске  жету  үшін  барлық  амалдарда  тамаша»  -    деген  ұстаным  ұстаған 
отаршылдар,  жергілікті  халықтың  жағдайын  ойлаудан  аулақ  болатын.  Отарлауды 
мақсат тұтқан Ресей империясының әскерилері жергілікті халық өкілдерінің көмегіне 
ұмтылғанымен,  оларды  озық  ойлармен,  заманына  сай  қару-жарақ  үлгілерімен 
таныстыруды,  соғыс  өнерін  үйретуден  өлердей  қорықып,  қара  жұмысқа  немесе 
қанды  қырғынға  салды.  Бұл  тек  қана  тәуелсіз  ұлт  өкілдеріне  тиесілі  болуы  керек, 
бұратана елді өнерге баулу отаршылдар үшін қауіп болатынды.                        
 
Әдебиеттер тізімі 
 
1.  Ә.Спан. Иса Тіленбайұлы. Алматы. 2004 ж. 
2.  Ломакин А. 10 лет в Закаспийской области. Тифлис . 1886 г. 
3.   Арнольди М.П. В Закаспийской области.      Тифлис . 1887 г. 
4.  Живописная Россия / Под ред. П.П. Семенова. СПб.;М.,1885. 
5.  Керсновский А.А. История русской армии. В 4 т. М.: Голос, 1999. Т.2. 
6.  По афганской границе: Рекогносцировка и расспросные сведения Туркменского 
конно-иррегулярного  дивизиона  штабс-капитана  милиции  М.К.  Маргания. 
Асхабад, 1885.  
7.  Закаспийская область. Асхабад, 1901.  
8.  Гундогдыев  О.А.  «Как  стадо  испуганных  овец,  гнали  текинцы  неприятеля...»// 
Военно-исторический журнал. 2004. №8. 
9.  Асхабад. 1914. 14 дек. №310. 
10.   Российский государственный военно-исторический архив (РГВИА). Ф.3639. Оп.1. 
Д.6. Д.10.  
11.   Масальский В. Скобелев. Исторический портрет». Изд. «Андреев флаг». М.1998. 
С.76. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет