Экология и естественные науки



Pdf көрінісі
бет11/22
Дата31.03.2017
өлшемі4,25 Mb.
#11024
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

 
Резюме 
В статье раскрываются понятия и сушность фундаментализма, экстремизма, 
терроризма, их взаимосвязь и пути преодоления этих явлений. 
 
Summary 
The  are  clearly  shown  the  conception  and  point  of  fundamentalism,  extremism 
and terrorism, also their interface and ways to overcome them. 
 
 
 
 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

88
 ~ 
 
 
Л.Б.Бердіғожин
1
,О.Е.Рамазанов
2
, Ж.Ж. Сәкенов
1
 
1
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
2
Қызылорда «Болашақ» университеті 
 
ЗҰЛҚАРНАЙ АЛДАМЖАР ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ 1836-1838 ЖЫЛДАРДАҒЫ АЗАТТЫҚ 
ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ  МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Қазақстан 
тарихын,оның 
ішінде 
тәуелсіздік 
жолындағы 
азаттық 
қозғалыстарды  зерделеуде,тарихи  ой-пікірдің  дамуында  тарихнаманың  құрамдас 
бөлігі және теориялық негізі болып табылатын методологиялық ізденістердің орнын 
атау керек. 
1980—жылдардың  аяғында  1990-жылдардың  бас  кезінде  бұл  салада 
Ж.Қасымбаевтың,  Н.Е.Бекмаханованың,  А.К.Бисембаевтің  мақалалары  жарияланды 
[1]. 
Бұл  авторлардың  ізденістері  кеңірек  түрде  Зұлқарнай  Алдамжардың  
‘‘Тарих:пайым  мен  тағылым’’деген  2003  жылы  жарық  көрген  түрлі  мақалалар 
жинағында  жалғасын  тапты.Ондағы  тарихтың  методологиялық  мәселелеріне 
арналған  бөліміне  К.Л.Есмағамбетов  пікір  білдірді.Ол  жөнінде  баспасөз  бетінде  де 
рецензия жарияланды [2]. 
З.Алдамжардың  баспасөз  беттерінде  жарияланған  методологиялық  мәнді 
еңбектерінде  1836-38  жылдардағы  азаттық  қозғалысы,қозғалыс  көсемдері  Исатай 
Тайманұлы  мен  Махамбет  Өтемісұлы  туралы  мол  мағлұматтар  беріліп,келелі 
зерттеулерге жол салды (3). 
Тәуелсіз даму  өткенді мұқият зерделемей,келешекті кеңінен болжамай,жүзеге 
аса  қоймайды.  Сондықтан  да  қалың  жұртшылық  бүгінгі  ұлттығымыз  бен 
мемлекеттігіміздің  тарихи  бастауларына  айрықша назар  аударуда  тек  күні  кеше  ел 
жолында жан қиған ерлеріміз қаншама. Халық ондай ұмтылмас тұлғаларды қандай 
тауқімет  тартса  да,естерінен  шығармақ  емес.Енді  соның  сырына  салиқалықпен 
қарамай,  әншейін  көк  етіктінің    бірі  ғой  деп  салғыртсынсақ,  тарихи  санамыз 
тайызданбаса молаймайды. 
Ендеше,  ең  болмаса  аты  ұранға  айналып,бір  тайпа  елдің  туына  айналған 
тұлғаларға  байланысты  ақиқаттарды  аңыздардан  аршып  алуға  күш  салмасақ 
болмайды. 
Бұл 
қазіргі,жаңаша 
жазылар 
төл 
тарихымыздың 
абыройлы 
міндеті.Тарихымызға  көзқарас  ол  қазақ  елінің  тарихына  жаңаша  қарау  деген  сөз. 
Алдымен,  өз  елімізді  дүние  жүзіне  таныту  үшін  өз  көзқарасымызды  талдап, 
саралауымыз, 
пайымдауымыз, 
жүйелеп 
тереңдетуіміз, 
түзетуіміз 
керек. 
Тарихымыздың  бас  кейіпкері  –  ұлт  перзенттері  жайында  айтқанда,оларды  іштей 
өзіміз  біліп,қастерлі  сезімімізді  жүрегімізге  құйып,елжіреп  еске  алған  мен,олар 
жөніндегі  аңыз  әңгімелерді  жатқа  айтқанмен,бұл  бәрібір  жеткіліксіз.Біздікі  сырттай 
әсерлену ғана.Өркениетті елдердегі сияқты,ол перзенттеріміз жайлы сүбелі зерттеу 
еңбктеріміз  барма.Бабалардан,аталардан,аға  буынан  естіген,бірден  –  бірге  жеткен 
үзік-үзік 
әпсаналармен 
шектеліп 
жүрміз.Одан 
басқа 
қолымызда 
ештене 
жоқ.Деректер аз,жазылып қалған үлгілер одан да тапшы.Ғылыми жүйе емес,ауызша, 
үй-ішілік,әркім  өз  атасын,бабасын  дәріптейтіндей,әр  кім  өз  аймағының,руының 
батыр-билерін  мақтап  кетеді.Тарихтың  бас  кейіпкері  –  ұлттың  ұлы  перзенттері,өз 
елінің  тәуелсіздігі  үшін  батырлығын,шешендігін,ақын-жыраулығын,  әділ-билігін, 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

89
 ~ 
 
ғылыми ізденістерін, ағартушылық өнерін аямаған ардақты ұл қыздары дегенді сан 
қайталап  айтуымыз  керек  –ақ.  Адамзат  тарихының  адами  тұлғасы  болуы 
міндет.Өйткені,адамсыз  тарих  болмайды,  тарихсыз  адам  да  жоқ.  Демек,тарихи 
тұлғаларға 
оның 
өзінің 
заманының 
тарихынан 
лайықты 
орын 
берілуі 
тиіс.Енді,егеменді  ел,рухани  жаңаша  түлеу  үстіндегі  ұлт  қалпымыға  енгенде,адам 
тарихына,ерлер  өмірнамасына  ерекше  жауапкершілікпен  қарайтын  мезгіл  туып 
отыр.Қазақ  халқының  ардақты  ұл  қыздарын  бір  бірінен  асыра  дәріптеп,алалап 
қараудың жөні жоқ.Алаш азаматы деген ардақты атаққа ел тағдыры,халық тағдыры 
үшін  аянбай  тер  төккен,өз  қандарын  төккен,  жандарын  қиған,ар-намысы 
таза,ұлтжанды ұл-қыздары лайықты. 
Бұл  бағытта  бергісі  Кіші  жүз  өңіріне,арғысы  бүкіл  қазақ  даласына  аңыз 
болып,ер  кейіпінде  тараған,елдікпен  ерліктің  символы  Исатай,от-жалынды,өлең 
сөздің  перісі,халқы  Исатайдың  інісі  деп  бағалап,ардақтаған  жауынгер  ақын 
Махамбет 
есімдерін 
тарихқа 
өзі 
орындарымен,аттарымен  жазу 
ұрпақтар 
парызы.Тарихтағы  өз  бейнелерін  бабаларымыз  өздері  мүсін  деп  өздері  жазып 
кетті.Исатай мен Махамбет дегенде біздің ең алғашқы сүйенетініміз,ол Махамбеттің 
өз  шығармалары.Халық  қамын  жеп,Исатайға  ілесіп  өмірлерінің  соңғы  күндеріне 
дейін  тәуелсіздік  рухына  адал  болған  бабаларымыздың  алтын  әліппен  жазылған 
өзіндік шығармалары. 
19  ғасырда  қазақ  жері  арқылы  Орта  Азияға  қарай  ентелей  жылжыған  Ресей 
отаршыл  әкімшілігін  қалтыратып  әуре-сарсаңға  түсірген,бүкіл  қазақ  бас  иіп 
мойындап,соңына  ерген  Исатай  Тайманұлы  кім  еді  деген  сұрақ  1836-1838 
жылдардағы  халық-азаттық  қозғалыс  тарихына  қалам  тартқан  зерттеушілерден 
дұрыс, әділ бағасын ала-алмай келе жатқан тарихи-философиялық мәселе. 
   Себебі,Қазан төңкерісіне дейін де,одан кейінгі Кеңестік кезең кезінде де бұл 
сұрақ  тек  бір  жақты  таптық  идеологияның  үстемдігі  тұрғысынан  қаралап 
келді.Тәуелсіздікпен  бірге  енген  қоғамдағы  өзгерістер  төл  тарихымызды  жаңаша 
жазуға мүмкіндік беріп отыр. 
Шындығында Исатай Тайманұлы кім еді?. Ешбір ханға да,батырға да ермеген 
халықтың  Исатайға  еруінің  мәні  неде,талай  билер  мен  шешендер,  ақсақалды 
қариялар  мен  жауға  шапқан  батырлардың  бітістіре  алмаған  ру  аралық  жанжалға 
Исатай қалайша төрелік айтып,тоқтау салды,өз елінен жеріп Хиуа ханын паналаған 
Қайыпқали  сұлтан  мен  Науша  батырды  қасына  тартуда  Исатай  қандай  амал 
қолданды деген сұрақтарға мүмкіндігінше әділ жауап беруге тырыстық. 
    Исатай    1791  жылы  қазіргі  Атырау  облысы  Қызылқоға  ауданы  жеріндегі 
Тайсойған  құмында  Тайман  жалы  деген  жерде  дүниеге  келген.  Ата-бабаларының 
шежіресіне  салып  және  зерттеушілермен    ақын-жыраулар  шығармаларына  сүйеніп 
Исатайдың өз жұртын сараласақ былай болып шығады [4]. 
      Кіші  жүздің  байұлы  бірлестігіне  кіретін  беріш  руының  жайық  бөлімінен. 
Жайықтан-Наурыз,Бақалай.  Наурыздан-Тілеуке. Тілеукеден-Ағатай,Шағатай,Есіркеп. 
Ағатайдан-Айболат,Қауат,Жәнібек,Боқай,Атабай. 
Боқайдан-Бегәлі. 
Бегәліден-
Тайман,Тоғай,Жабал. Тайманнан-Исатай. 
     Исатайдың өз  жұртын  саралағанда  бүкіл  беріш руына ұран болған  Ағатай 
есімі  белгілі  [336].    Сонда,Исатай  батырдың  бесінші  атасы  Ағатай  тарихта  қалай 
қалды  деген  сұрақ  туады.    Әр  ұрпаққа  орта  есеппен  30-35  жасты  есептегенде 
Ағатай XVII ғасырда өмір сүрген болып шығады. 
Мұрат Мөңкеұлының шығармасында ол туралы көрсетіледі [5]. 
Ағатай  арғы  біздің  ұранымыз,  -  деп  жырлағандағы  бүкіл  беріш  руы  ардақ 
тұтып,батырлық,ақындық,шешендік  қадір  –  қасиеті  арқасында  ұранға  айналған 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

90
 ~ 
 
Ағатай  батыр  туралы  ақындар  жырға  қосса,халық  өз  арасында  аңыз-әңгіме 
таратқан. 
      Оларда  Ағатай  батырдың  беріш  руы  ұранына  айналу  оқиғасы  былайша 
баяндалады. 
Қазақ  пен  қалмақтың  жаугершілік  заманында  қалмақтың  Ахай  атты  ханы 
бейбіт ауылдарға шабуыл жасап көп шығынға ұшыратады.Қазақ ауылдары ес жиып 
Ұлы  жүзден  Шилібай  батыр,Орта  жүзден  Науша  батыр,Кіші  жүзден  Есет 
батырлардың жасақтары бірігіп қалмақтарға шабуылдағанмен Ахай ханның қамалын 
ала  алмайды.Ұрыс  саябырсып,қазақ  қосындарының  жауынгерлік  рухы  түскен 
мезгілде  жалғыз  атты  жауынгер  ‘‘Алшындап’’  ұрандатып  жауға  тап  береді.Оған 
ілескен  қазақ  жасақтары  қалмақтарды  талқандап,көп  олжа  түсіреді.Жаугершілік 
заманның  заңы  бойынша  бұйырған  олжадан  үлес  алудың  орнына,жауға  жалғыз 
шапқан  Ағатай  батыр,ел  ағалары  батырлар  мен  билерден  өз  ұрпағына  есімін  ұран 
етіп белгілеуді қалап алады. 
     Міне,сол  уақыттан  бастап,Ағатай  есімі  бүкіл  атырапқа  жайылған  беріш 
руының қасиетті ұранына айналады. 
      Мұрат 
Мөңкеұлы 
ысық 
руының 
ақыны 
Жылқышымен 
айтысқанда,Ағатайдың ерлігін жырға қосады. 
Ағатай  өзінің  Боқай  деген  баласына  көршілес  түркімен  елінен  қыз 
айттырып,құда  түседі.  Боқай  қайын  жұртына  барып,  қалындық  ойнап  жүргенде, 
түрікмендерге  шабуылдаған  қызылбастармен    /  парсылар  /  шайқаста  қаза  табады. 
Қалындық жүкті болып ұл бала табады. 
Ағатай  немересіне  Бегәлі  деп  ат  қойып,өзі  тәрбиелейді.Бұл  жерде 
түйіндейтініміз,  1836-1838  жылдардағы  қозғалыс  кезінде  Исатайдың  Маңғыстау 
адайлары мен түркмендері бітістіріп жер дауын шешуінде қазақ халқының ежелден 
қалыптасқан  қыз  алып,  қыз  беріскен  көрші  елмен  құдалығына  сенгендігін  айтсақ 
қателеспейміз.  Ығылман  Шөрековтің  ‘‘Исатай  –  Махамбет’’  жырында  түрікменмен 
байланыс, көрсетіледі [6]. 
Исатай  ауылының  Бөкей  ордасының  территориясына  қоныс  аударуы  1808 
жылдар  шамасында,  ал  Исатайдың  ел  басқару  ісіне  араласуында  немере  ағасы 
Жабал Беғалыұлының орны ерекше [7]. 
Ата  бабаларымыз  ұрпақтары  дүниеге  келгенде  әрдайым  жақсы  жақтарын 
теліп  отыратын,сәбидің  өн  бойында  мінез-құлықтарының  басым  көпшілігі  дарыған 
деп  пайымдайтын  туған  анадан  таралатын  нағашы  жұрт  Исатай  өмірінде  қандай 
дәрежеде орын алған. 
Исатайдың анасы Нағибала Байұлының Есентемір руының қызы. 
Сол  мезгілде  Исатайдың  нағашылары  тайсойғанды  мекендеген.Кейін  Исатай 
шағын  қолымен  жайықты  жарып  Кіші  жүзге  өткен  жолында  көтерілісшілерге  көп 
көмек  берген.Исатай  тобында  болған  Есентемір  руы  батырлары  Мыңбай,  Ұлтарақ, 
Байпақ, Шеңгелді туралы: 
 Есентемір – Көктаубай 
Сұлтанкелді, ер Мыңбай. 
Ұлтарақ, Байпақ, Шеңгелді –ай, 
Жау көрмесе сағынды –ай, - деп жырланған [8]. 
Ал 
жоғарыда 
келтірілген 
Сыралы,Дәріке 
атақты 
Алдар 
бидің 
тұқымдары.Олардың  да  аналары  Есентемір  руының  қызы  болған.Ер  жігіттің 
азаматтық  болмысын  үш  жұртына  қарап  анықтайды  десек,  Исатайдың  қайын 
жұртын саралауда зерттеушілер алдында күрделі  міндеттер тұр. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

91
 ~ 
 
Ол  Исатайдың  тарихта  белгілі  екі  әйелінің:  Мылқым  мен  Несібелінің  руларын 
анықтауда аңыз әңгімелерден шындық фактіні ажыратып алу. 
    Исатай  батыр  Мылқым,  Несібелі  атты  екі  әйелінен  алты  ұл,бір  қыз 
сүйген.Исатайдың бірінші әйелі Мылқым ысық руының қызы.Халық қозғалысындағы 
Қалдыбай,Иманбай,Ысмайыл,Қабыланбай,Қали,Жапалақтардың 
туған 
ағайыны.Жақия,Ақай,Оспан,Досмағамбеттің  аналары  Мылқым  1837  жылы  15 
қарашада Тастөбеде шайқасында оққа ұшқан [9]. 
Ал  батырдың  екінші  әйелі  Несібелі  өмірі  де,кезінде  өз  халқымыз  тарихында 
болмағандай  орыс  декабристерінің  әйелдерінің  өмірлеріне  қызығып,көтермелеп 
айтқандай  дәрежеден  артық  болмаса,бір  кем  емес  өнегелі  де  талас-тартысты 
жолдар мен иірленген. 
Көтерілістің  өнбойында  өмірлік  серігіне  адал,сүйеніш  болған  Несібелінің  қай 
рудың  перзенті  екенін  анықтаудада  зерттеушілер  көзқарасы,қарапайым  халық 
сөздеріне  ғана  негізделгенін  айтпасқа  болмайды.Исатай  батыр  өмірі  туралы 
деректемелік зерттеудің авторы Ә.Сараев өз еңбегінде Несібелінің руы жайық беріш 
деп топшылап,оған дәлел ретінде Несібелінің туғандарының Исатай ауылымен бірге 
көшіп-қонып жүргенін алға тартады [10]. 
Бұл пікірді мұрағат  деректері де жоққа шығармайды [11]. 
Оны  біз  қазақ  қоғамында  бір  ру,бір  бөлімнің  ұл  қыздарының  өз  ара  некесіне 
жеті атаға дейін тыйым салынғанымен,яғни Несібелі жайық беріш болғанымен жеті 
атадан  кейінгі  тараулардан  қосылуы  және  халқымыз  арасында  сақталған 
әдемі,ақылды,көркіне  ісі  сай  қыздарын  ауылдан  ұзатпау  яғни  ‘‘Жақсыны  жатқа 
жібермеу’’  принципі  арқылы  деп  дәлелдей  аламыз.Көтеріліс  күндері  жаугершілік 
замандардағыдай  күй  кешіп,ауыртпалық  арқаласада  сұлу  келбетін  сақтап  өзіне 
сұқтанған  хан-сұлтандар  тобына  иіліп  те  қарамаған  Несібелі  анамыздың,  жастай 
қосылған  қосағы  Исатай  батырдың кескін-келбеті қандай болды  деген  заңды  сұрақ 
туады?. 
   Тарихтағы  Исатай  батырдың  бет-бейнесін  ең  алғаш  сомдаған,жауынгер 
серігі Махамбет,өзінің ‘‘Тарланым’’ атты өлеңінде бейнеледі [12]. 
Исатай  бейнесі  туралы  Шернияз  ақын толғаулары  да  Махамбет  жырларымен 
пара-пар. 

Сағынам,ауызға алсам Исатайды! 
Ер тумас ел жағынан ондай жайлы. 
Қарадан халқы сүйіп ‘‘ханым’’ деген, 
 Жігіт екен төрт тұрманы түгел сайлы. 
Кешегі Исатайдың арқасында, 
Ие едім ен дәулетке басы байлы. 
Исатай ділмәр еді топтан озған, 
Нар еді Байтерекке басын созған. 
Ер тумас ел бағына Исатайдай, 
Мінезі  толқушы  еді  толған  айдай,–  деп  өлең  шумақтарымен  Исатайға  халық 
қамқоры деп баға береді [13]. 
Исатай  Тайманұлының  бет–бейнесін  жырмен  сомдауда,өзіне  дейінгі  ақын-
жыраулар  шығармаларын  шебер  пайдаланған  Ығылман  Шөреков  толғауына  тең 
келетін шығарма жоқ. 
Ту сыртынан қараса, 
Тұтас екен денесі. 
Тоты құстай тұрпаты, 
Табылмаған кесімі. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

92
 ~ 
 
Ат үстіне мінгенде, 
Аруағы көтеріп, 
Көптен озған төбесі. 
Орта бойлы ер екен, 
Жауырыны жазық,мойны ұзын, 
Оқ тартқанда қолы ұзын. 
Сәукеле сатқан,үлкен көз, 
Жазық маңдай,кең бетті, 
Қырмызы қызыл келбеті. 
Ой менен ақыл,білікті, 
Сыпайлық,көркемдік, 
Салмақпен сабыр,құлықты 
Бір денеге сыйғызып, 
Жаратқан алла бөлмепті [14]. 
Ағайын-туыстары,нағашы,  қайын-жұрттары  жағынанда  әсем  көмкерілген  бет-
бейнесі  жағынанда,  старшындық-әкімдік  лауазымы  жағынанда,ауқатты  тұрмыс-
тіршілігі жағынанда өз заманының алды болған Исатай неліктен көтеріліске шықты?. 
      Бұған жауапты,бір бақташыны өлтірді,мал тонады деген себептен басқаны 
айтпайтын  орыс  деректерінен  гөрі тағы  да батырдың  серігі  Махамбет пен  басқа  да 
өз  заманының  ақын-жыраулары  шығармаларынан  іздейміз.Қазақ  ауылдарының 
қонысының тарылуы,жайылым жерлерінің азаюы,орыс отаршыл әкімшілігі саясатын 
мүлтіксіз 
орындаған 
хан 
сұлтандардың,жайық 
орыс-казак 
әскерінің 
өктемдігі,озбырлығы  халық  бұқарасының  жаппай  наразылығын  туғызды.Халық 
осындай жағдайда тығырықтан шығатын жол іздеді.Әділдікті жақтап,халық мұңын өз 
мұңындай 
түсініп,ел 
басқаратын,дұрыс 
жол 
сілтейтін 
басшылық 
керек 
болды.Сырым,Қаратай,Қайыпқали  сияқты  қозғалыстар  басшылары  кезінде  ақ  пен 
қараны 
айырып,уақыт 
талабына 
жетік 
болып 
алған 
халық,ру 
басшылары,старшындар 
басқан 
қадамы 
дұрыс,өздеріне 
жағатын 
көсемді 
таңдады.Олардың  таңдауы  Исатай  батырға  түсті.Исатайдың  көпті  ерткен,алдына 
қойған  мақсаты  Махамбет  шығармаларында  айқын  баяндалған.Махамбеттің 
‘‘Баймағамбет  сұлтанға  айтқаны’’  атты  өлең  жырында  бұған  дейін  айтылмаған  тек 
Исатайға ғана тән ойлар түйіні,көтерілістің бағдарламасы іспетті. 
Исатайдың  бітім–болмысы,күрескерлік  бейнесі  Ығылман  Шөрековтің‘‘Исатай-
Махамбет’’ жырында өз орнын тапқан. 
Исатай  батырдың  күрескерлік,көсемдік,  би-шешендік,батырлық  болмысын 
ақын-жыраулар  толғауларымен  бейнелей,сомдай  отырып  Қазан  төңкерісіне  дейінгі 
зерттеуші Никита Савичевтің мына бір жолдарын да қалыс қалдыра алмадық. 
  ‘‘Ол не бір қиын азап шегіп жүрсе де,аса пысық тапқыр болатын.Тағдыр оны 
күйрете  алмады,өйткені  қайғы–қасіреттің  батыры  ретінде  өз  тағдырын  Исатайдың 
өзі жасады ’’ [15]. 
    Исатай  туралы  мұрағат  деректерін,  ақын-жыраулар  шығармаларын,орыс 
және  кеңестік,қазақстандық  зерттеушілер  еңбектерін  саралай,салыстыра  отырып 
ойымызды былайша түйіндедік. 
       Исатай  Тайманұлы  өзінің  болмысымен,  шешендік  әділ  би  өнерімен, 
батырлығымен,  қиыннан  жол  табатын  тапқырлығымен,  ақ  адал,  ақ  жарқын 
көңілімен  халқы  таныған,тарихта  аты  мәңгіге  қалатын  көтеріліс  басшысы, 
халқымыздың азаттық жыршысындай болған  батыр ұлы. 
Исатайдың  батырлығы  бұрынғы  замандардағыдай  жекпе  жекте  емес,өз 
заманының  озық  әскери  құралдарымен  жасақтанған  орыс  жазалаушы  әскеріне 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

93
 ~ 
 
қарсы  шығуында,әскери  өнерді,қол  басқару  өнерін  терең  білгендегінде,жауға 
шапқанда  қолдың  алдында  болып,кейін  шегінгенде  жолдастарын  қорғалап  қолдың 
артынан жүруінен көрінеді. 
Исатайдың  осы  қасиеттерін  қарсыласы  полковник  Геке  де  таңдана 
мойындап,Исатайды шын соғыста емес,байқаусызда,кездейсоқ жеңдік деп бағалаған 
[16]. 
Исатай  әділ  би,сөзге  шешен,турашыл  адам.Бұл  қасиеті  Исатайдың  Жәңгір 
ханмен  оның  әкімдеріне  орыс  саясатын  қолдап,халыққа  озбырлық  жасаған 
әрекеттерін  беттеріне  басуында,адай  мен  әлім  рулары  арасындағы  жер  таласын 
бітістіруінде,қазақ пен түрікмен арасындағы кикілжіңді шешуінде көрінеді.Исатайдың 
ел  тұтастығын  ойлаған  істері,оның  бай  мен  жарлыны,румен  руды,жүзбен  жүзді 
бөлмеу идеясында жатыр. 
Бұл  бағытта  Исатай  қазақ  хандарының  ел  басқару  істерін,қазақ  қоғамының 
рулық  генеологиясын  жете  айырып,  білуі  өте  маңызды.Бір  мысал,қазақтар  Кіші 
жүзде әлімұлы руларын аға ру ретінде қадір тұтқан.Мұны хандар да сақтап,орынды 
пайдаланған.Ру  арасында  тепе-теңдікті,бірлікті  сақтап,әлімұлы    арқылы  бүкіл 
арқа,маңғыстау,сыр  бойларына  ықпал  еткен.Әлім  руы  Исатайға  ақыр  аяғына  дейін 
сеніп, көтеріліс кезінде бірге болған. 
Исатайдың  халық  азаттығын,ел  тәуелсіздігін  ойлауы  оның  болмысының 
айнасы деп бағалауға тұрады.Зерттеушілердің бізге дейін Исатай көтеріліс басшысы 
ретінде  Жәңгір  хан  ордасын  қалың  қолмен  қоршап,ханды  өлтірмеуі,оның  басты 
кемшілігі деп бағалауы Исатай өмірін дұрыс зерделегенде ғана ол ойлардың мүлде 
қате екенін түсінгендейміз. 
Исатай  барлық  қиындықтардың  ‘‘қаралы  заманның’’  басты  кінәлілері  орыс 
отаршылдары деп бағалаған.Сол үшін күрескен асыл ер. 
Азаттық  үшін  күресте,мақсатына  жету  үшін  бірінші  өзіне  Жәңгір  ханды 
түсіністікке  шақырды,кейін  бұл  жоспары  болмағасын  жайықтан  өтіп,бүкіл  қазаққа 
жар салды. 
Исатай тәуелсіздік үшін, елден безген Қайыпқали мен қазақ ауылдарын талай 
қан-қақсатып  тонаған  Хиуа  ханымен  де  одақ  құруға  тырысты.Мүмкін,ерте  қаза 
болмағанда Кенесары менде қосылуы мүмкін еді. 
Азаттық жолында өз жанұясын да,өз өмірін де жау оғына тосқауыл қойды.Өзі 
бастаған күреске ол сенді.Артында қалған ұрпақтары қасиетті істі жалғастырады деп 
ойлады. 
Исатайдың  арманы  бір  ғасырдан  аса  халқымыздың  ардақты  ұл-қыздарының 
алға қойған мақсатына ұласты. 
Тәуелсіздік туы қазақ халқына ауыртпалықты болса да 1990 жылдары орнады.  
1836-1838  жылдардағы  халық-азаттық  қозғалыс  тарихында  Исатайдың  бар 
болмыс  бітімінің  ашылып,тарихта  қалуында  жауынгер  серіктерінің  өлшеусіз  еңбегі 
болғаны  рас.Халық  көтерілісінде  жорық  жолын  жырлайтын  ақындар  болған,  олар 
сарбаздарға дем беріп,жігерлендіріп,бұрынғы өткен батырларды дәріптеп,үлгі өнеге 
етіп,жырға қосқан. 
Бірақ,  жауынгер  ақын  Махамбет Өтемісұлы  сияқты  халық  көтерілісінің  көсемі 
дәрежесіне жете алмаған. 
Исатай деген ағам бар, 
Ақ кіреуке жағам бар, - деген ұйқастар,немесе: 
Исатай басшы, 
Мен  қосшы,  -  деген  сөз  байламдары  Махамбеттің  1836-1838  жылдардағы 
халық қозғалысындағы көсем Исатайға өте жақын серік болғаны Исатай көтерілістің 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

94
 ~ 
 
тарихи басшысы болса, Махамбет халықты өлең-жырмен үгіттеген,көтерілісшілердің 
рухани басшысы. 
     Махамбеттің осындай дәрежеге жетуін тарихи ой елегінен өткізгенде,тағы 
да жаынгер ақынның өскен ортасын, түп-тамырын ажыратпаса болмайды. 
     Махамбет  Өтемісұлының  өмірін  зерттеушілерге  және  мұрағат  деректеріне 
сүйенсек,Махамбет 1803 жылы туған деген пікір үстем [17]. 
     Махамбеттің  бабалары  он  екі  ата  байұлының  беріш  руы,жайық  бөлімі 
делінеді.Ру 
шежіресінде 
Жайықтан-Дәулет, 
Дәулеттен-Тумаш, 
Тумаштан-
Жаубасар,Ерназар.  Ерназардан-Кұлмәлі.  Күлмәліден-Өтеміс.Өтеміс  төрт  әйел  алған 
адам. 
Бірінші 
әйелінен 
Тоқтамыс,екінші 
әйелінен 
Бекмағамбет,Махамбет,Қожахмет,Ыбырайым,Әйіп,Хасен, 
үшінші 
әйелінен 
Ысмайыл,Сүлеймен, төртінші әйелінен Досмайыл туылған. 
Оны Махамбет ақын өлеңмен баяндайды [18]. 
Махамбеттің  анасы  Қосуан  алаша  руының  қызы.Жауынгер  ақынның 
нағашылары  Сарыбас,Сатай,Қаратай,Бекқожа,Берекеттер  өз  заманының  батыр 
адамдары болған [19]. 
   Ал,  Махамбетке  шешендік  өнер  нағашы  жұртынан  жұққан  деген  халық 
арасында  әңгіме  де  бар.Қосуан  ана  Исатай-Махамбет  көтерілісінің  басынан  аяғына 
дейін бірге жүрді. 
Көтеріліс  кезінде  73  жастағы  қарт  ана  Махамбет  пен  ноғай  батыры 
Жолымбетті бітістіріп келістіруде: 
Екі жақын дос болса, 
Жамандар кірер араға. 
Ағайынды жат көрме, 
Күш жұмсауды шат көрме, 
Нақақтан ұлым қан төкпе, - деп ара түскен. 
Махамбеттің  екінші  әйелі  Типан  да  алаша  руының  қызы.Ал,  бірінші  әйелі 
Ұлтуған  Шеркеш  руының  перзенті.Зерттеуші  К.Е.Есмағамбетов  мұрағат  деректері 
арқылы  Махамбеттің  Құнбақты,  Қасбана  деген  әйелдері,  Салық  және  Тоқтамыс 
деген ұлдары болған деген пікір айтады.Бұл жаңалық жаңа зерттеулерге жол ашуы 
тиіс [20]. 
Осылай  Махамбеттің  үш  жұртын  ой  елегінен  өткізіп,өмірнамалық  тұрғыда 
саралағанда  жауынгер  ақын  болмысы  тура  болмаса  да  қол  бастаған  Исатай 
болмысына  ұқсас.Сауатты,білімді,өнерлі,батыр  мінезді  Махамбетті  қара  басының 
қамы  үшін  емес,ел  үшін,халық  бостандығы  үшін  күресті  десек  бұрын  мұндай 
құбылыс  болмағандықтан  1836-1838  жылдардағы  көтеріліс  қол  жеткізген,  бүкіл 
қазаққа әйгіленген көшпенділер өркениетінің шыңы деп бағалауға әбден лайықты. 
 Махамбет  ақын  тарихтағы  өз  бейнесін,бітім  болмысын  өзі  сомдап  кетті.  
‘‘Еңселігім екі елі’’ атты өлеңінде ақын  бет-бейнесі әдеби тілмен өрілген. 
Ту түбінен ту алған, 
Жауды көріп қуанған, 
Мен - Өтемістің баласы, 
Махамбет атты батырмын! 
Жауынгер 
ақынның 
өлеңдерінде 
1836-1838 
жылдардағы 
көтеріліс 
мақсаты,халық арманы өз ой пікірімен біте қайнасып,жыр болып төгіледі. 
 Желп-желп еткен ала ту, 
Жиырып алар күн қайда? 
Орама мылтық тарс ұрып, 
Жауға аттанар  күн қайда? 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

95
 ~ 
 
Жалаулы найза қолға алып, 
Жау тоқтатар күн қайда? (Ұлы арман өлеңі). 
Еділ 
үшін 
егескендігін,тектер 
үшін 
тебіскендігін, 
жайық 
үшін 
жандасқандығын,қиғаш  үшін  қырылысқандығын  Махамбет  өзінің  ‘‘Баймағамбет 
сұлтанға айтқаны’’ өлеңінде айрықша жеткізеді [21]. 
Махамбет 
өз 
заманындағы 
көзі 
ашық,арабша,орысша 
сауаты 
бар 
саясаткер.Халық  арманын,мұңын  мұңдамаса,  Махамбет  өзіне  жайлы  Жәңгір  хан 
ордасын  тастап  Исатайға  қосылмас  еді  ғой.Ен  дәулеті  бар,старшын  деген  үлкен 
лауазымы  бар,беделі  бар  Махамбеттің,  Исатайға  жеке  мүддесі  үшін  қосылды  деу 
қиын. 
Өзі  жастай  табынып  өскен,бар  асыл  ойына  тәнті  болған  Исатайдың 
азатшыл,көпшіл,халықшыл  ойларын  Махамбет  сөз  жоқ  Жәңгір  хан  әкімдерінің 
саясатымен, өз білімі арқылы орыс саясатымен салыстырып көргені анық. 
Махамбеттің білімін,саясаттан хабарының мол екендігін 1839 жылы жауынгер 
ақынмен  кездейсоқ  кездескен  орыс  жиһанкезі  Е.П.Ковалевскийдің  өзі  таңдана 
жазған ғой [22]. 
Махамбеттің  батырлық,тапқырлық  қасиеттері  де  көтеріліс  кезінде  ашылған. 
1837  жылы  27  қарашада  орыс-казак  есауылы  Истоминнің  79  орыс-казак  және 125 
хан  жасауылдарымен  кездескенде,  күші  басым  жауды  Махамбет  айласымен  бөгеп 
қайрат көрсеткен. 
Исатайды 
құтқарғанмен 
қуғыншылар 
Махамбеттің 
соңынан 
қалмайды.Сонда,жауынгер ақын астындағы бұлық көпшікті жарып,ішіндегі мамығын 
шашып құтылып кетеді  [23]. 
Көтеріліс  басында  Махамбет,Исатайдың  мақсатын  дұрыс  түсінбеді,ақындық 
қызбалығын 
талай 
көрсетті.Сондықтан 
да,көптеген 
зерттеушілер 
Исатай 
Махамбеттің  тілін  алып,Жәңгірді  өлтірсе,көтеріліс  жеңер  еді  деп,қате  пікір 
ұстанды.Өз ойының қателігін Махамбет кейін түсінді. 
Оны 
Исатай 
қазасынан 
кейінгі 
шығарылған 
өлеңдері 
айқын 
дәлелдейді.Махамбеттің 1837 жылдың 13 желтоқсанында Исатаймен кіші жүзге өтуі, 
Исатай  тапсырмасымен  қазақ  ауылдарын  аралап,Хиуа  хандығына  дейін  баруы,бұл 
Махамбеттің таза күрескерлік,азат ой-пікірінің қалыптасып шындалған кезі.Махамбет 
орыс отаршыл әкімшілігімен оларға қызмет қылған Жәңгір хан әкімдерінің саясатын 
жақсы түсінді,оны Исатайша бағалады. 
Тарихи  тұлғалар  өмірін  зерделегенде  түйіндегеніміз  халқымыздың  азаттық 
күрес  тарихында  Исатай  әділеттік  үшін  күрескен  батыр,көтеріліс  көсемі  ретінде 
Қазақстан  тарихында,азаттық  қозғалыстар  тарихында  қалған  мәңгі  өлмес 
тұлға.Махамбет – көтеріліс жаршысы,идеологы. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет