Токтың термиялық әсері дегеніміз – денеде әр түрлі күйіктердің пайда болуы; токтың ағза арқылы өту жолында жатқан дене мүшелерінің жоғары температураларға дейін қызып, күрделі функционалдық бұзылуларға ұшырауы.
Электролиттік әсер деп ағза тіндері мен ұлпаларындағы органикалық сұйықтықтардың, қанның ыдырап кетуін, соның салдарынан физ-хим-қ құрамының да өзгерістерге ұшырауын айтамыз.
Токтың механикалық әсерідегеніміз – электродинамикалық эффект әсерінен ұлпалардың жыртылуы, сондай-ақ, қанның, ұлпа сұйықтықтарының ток әсерінен қатты қызып, буға айналуы.
Биологиялық әсер деп ұлпалардың ток өткен кезде тітіркеніп, қозуын, сонымен қатар, ішкі биоэлектрлік үдерістердің бұзылуын айтамыз.
Электр тогының аталған әсерлері салдарынан көп жағд-рда адам тәнінде түрлі электр жарақаттары п.б. олар шартты түрде 2 топқа бөлінеді: жергілікті және жалпы.
Жергілікті электр жарақаттарының түрлері:
Күйіктер – адам тәні арқ. эл. тогы өткен кездегі термиялық әсердің салдары. (немесе эл. доғасы әсерінің) күйіктердің сыртқы түрлері – терінің қызаруы, көлдіреуі немесе биол-қ ұлпалардың қарайып кетуі;
Тері металлизациясы – эл. доғасы әсерінен металл өткізгіштің балқуы нәт-нде теріге ұсақ металл бөлшектерінің енуі (аса қауіпті емес, уақыт өте келе жазылып кетеді) ;
Электрлік белгілер – токқа түскен адам терісінде сұр немесе ақшыл-сары түсті дақтардың қалуы (ауырмайды, тез қайтады);
Механикалық ақаулар – дене бұлшық еттерінің тітіркеніп, тартылуы салдарынан терінің ақаулаға ұшырауы, қан тамырларының жарылып кетуі мүмкін, жүйке ұлпаларының жыртылуы немесе қатты жиырылу салдарынан буындардың шығып, сүйектердің сынып кетуі де мүмкін.;
Электроофтальмия –эл. доғасынан күшті УК сәулелер таралуы салдарынан көздің сыртқы сілемейлі қабаттарының қабынуы (көру қабілетіне теріс әсер етуі м-н).
Жалпы электр жарақаттарына электрлік соққы жатады. (Адам денесі арқылы ток жүріп өткен кездегі бұлшық еттердің қатты тітіркеніп, жиырылуы салдарынан тыныс тарылып, жүректің қызметі бұзылуына, тіпті тоқтап қалуына да әкелуі мүмкін жағдай, негізгі себебі – жүрек фибрилляциясы, яғни, жүрек бұлшық еттері талшықтарының хаосты түрде қатты жиырылуы). Электрлік соққының 4 дәрежесі белгілі: