Экология және адам тіршілігінің Қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша ДӘрістер



Pdf көрінісі
бет10/49
Дата06.10.2023
өлшемі0,79 Mb.
#113200
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49
Популяциялар құрылымы. 
Популяциялар құрылымы – бір жағынан түрдің биологиялық 
қасиеттеріне негізделіп, екінші жағынан – ортаның абиотикалық факторлар мен басқа түрлердің 
популяциялар әсерінен қалыптасып құрылады. Популяциялар құрылымы тұрақты болмайды. 
Территориядағы особьтардың таралуы топтардың жынысы, жасы, морфологиялық, физиологиялық мінез-
құлықтары және генетикалық ерекшеліктері бойынша ара қатынастары популяциялық құрылымын 
көрсетеді. Популяциялар кеңістіктегі құрылымы

популяция осбьтарының кеңістікте орналасу 
ерекшеліктері. Ол тіршілік ортасының және түрдің биологиялық ерекшелігіне байланысты. Жылдық 
мауысымы, популяцияның сандық мөлшері уақыт бойынша өзгеруі мүмкін. Сондықтан популяция 
особьтары кеңістікте бірқалыпты, кездейсоқ және топтанып орналасады (сурет-1).
Біртекті 
кездейсоқ 
топтық 
Cурет 1. Популяция особьтары кеңістікте орналасуы. 
Популяция особьтарының кеңістікте орналасуы. 
Табиғаттағы особьтардың бірқалыпты орналасуы 
сирек кездеседі. Кездейсоқ орналасу көптеген өсімдіктерде, жануарларда кездеседі. Топтанып орналасуда 
особьтар топ-топ болып кездеседі, мысалы, сүтқоректілер табыны, құстар коллониясы. Топтанып орналасу 
популяция үшін қолайсыз жағдайда үлкен тұрақтылық береді.
Жануарлардың ортаның қолайсыз жағдайларына немесе олардың даму циклдарына байланысты 
жылжып қозғалуын миграция
 
деп атайды. Олар жүйелі және жүйесіз болуы мүмкін. Мысалы, құстардың 
жылы жаққа ұшуы маусымдық миграция болып табылады.


Жануарлардың қозғалуына байланысты территорияда орналасуы әртекті болады тіпті субстратқа 
бекініп тіршілік ететін түрлерінің өзінде кеңістікті үнемді пайдалануға икемділігі болады. Асцидияларда (су 
түбіне бекініп тіршілік ететін омыртқасыз жануар) өсіп келе жатқан коллониялардың шеті басқа түрдің 
коллониясына жанасқан соң олардың үстін орай өсіп, оны көміп тастайды. Егер бір түрге жататын 
коллниялар кездессе, оның әрқайсысы көршісінің өсуін тоқтатып, басқа бағытқа қарай өсе бастайды.
Популяциядағы жекеленген особьтардың кеңістікте орналасуына қолдау жасайтын инстинктер 
құстарда, сүт қоректілерде және кейбір балықтарда, амфибияларда, сондай-ақ жүйке жүйесінің құрылысы 
күрделі кейбір жәңдіктерде, сегізаяқтарда және т.б. кездеседі.
Кеңістікті пайдалануына байланысты қозғалатын барлық жануарларды екі топқа бөледі: бір орында 
тіршілік ететін, көшіп-қонып жүретіндер. 
Бір орынды тіршілік ететін организмдерде өмірінің барлық кезеңі немесе негізгі кезеңдері ортаның 
белгілі бір бөлігінде ғана өтеді. Егер қандай да бір жағдайлармен сол жерді тастап кетуге мәжбүр болса, 
кейінірек сол жерге қайтып оралады. Көптеген түрлер ұзақ та алыс миграциялардан кейін өздері көбейетін 
жерге қайтып келеді. Мұны экологияда хоминг деп атайды. Мысалы, қараторғайдың бір жұбы жылына 
өзінің ұясына келіп қонатыны белгілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет