Экология және адам тіршілігінің Қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша ДӘрістер



Pdf көрінісі
бет36/49
Дата06.10.2023
өлшемі0,79 Mb.
#113200
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49
Бақылау сұрақтары: 
1.
Дүние жүзінде халық санының артуымен туындайтын мәселелерді сипаттаңыз. 
2.
Озон қабатының маңызын түсіндіріңіз. 
3.
Өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың мәселелерін және оларды шешу жолдарын көрсетіңіз. 
4.
Жасыл революцияның қағидаттарын түсіндіріңіз.


Әдебиет:
1.
Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология.А., 2003. 
2.
Гиренок Ф.И. Экология. Цивилизация. Ноосфера. М., Наука, 1989. 
3.
Камерилова Г.С. Экология города: урбоэкология. М., 1997. 
4.
Журнал «Экология и устойчивое развитие» 2004-2006г.г. 
5.
Әбдраймов Б. Экологиялық зиян сипаттамасы, А., 2001 
6.
Нуркеев С.С., Мусина У.Ш. Экология. А., 2005. 
Дәріс 7. 
ҚР-сының экологиялық зоналары.
 
Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше 
экологиялық 
аймақтарға бөлінеді

А аймағы 
— Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді (1-
суретті қараңыз). Бұл аймақтағы приоритетті мәселе — табиғи ортаның мұнаймен ластануы. 
А аймағына Қазақстанның негізгі мұнай өндірушілері болып табылатын Атырау және Маңғыстау 
облыстары жатады. Халқының саны 1,47 млн. адам, немесе халықтың 9%-ынан кем бөлігін құрайды. Ал 
ұлттық өнімнің шамамен 16%-ын береді. Каспий маңы аймағында мұнай-газ өнеркәсібінің айтарлықтай 
дамуы жоспарланып отыр. Каспий теңізінің солтүстігінде мұнай қоры — 3-3,5 млрд. тонна және газдың — 
2-2,3 м
3
. Ағымдағы мұнай өндіру барлық қордың 1% құрайды. Жылда елдің мұнай өндіру саласын 
қаржыландыру жүргізіледі, жақында одан да артады. 
Каспий теңізінде бекіре мекен етеді. Шектен тыс аулаумен қатар, теңіз суының мұнаймен ластануы 
оның санын кемітеді. Сондықтан, биокөптүрлілікті сақтау мәселесіне көңіл аударылуы керек. 
Қазақстанда мұнай өндіру 
100 
жылдан бері жүргізіліп келеді. Ескірген технологияларды қолдану 
орасан зор экономикалық шығындар мен қоршаған ортаның бұзылуына әкеліп соқтырды. Топырақтың 
деградациясы, судың мұнаймен ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шөлдену 
процестерінің жүруіне, биокөптүрліліктің жойылуына әкеледі. Тыныс алу жолдарының қабыну аурулары 
мұнай өндіретін аудандардағы орташа саны облыспен салыстырғанда жоғары. Канцерогенді 
көмірсутектердің концентрациясының жоғары болуы бұл зонадағы қатерлі ісіктен болатын өлімнің басқа 
аймақтармен салыстырғанда 2-4 есе жоғары болуына әкелді. Жас балалардың өлімі мың адамға шаққанда 37 
адамды құрайды. Бұл көрсеткіш еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш. 
Мұнай өндірілген жылдары 5 млн. тоннаға жуық мұнай төгілген. Бұл грунт пен беттік судың 
ластануына, өсімдіктердің жойылуы мен адамның ұшқыш органикалық қосылыстармен ластануына әкелді. 
Жыл сайын шамамен 740 млн. м
3
ілеспе газдар жатады. Бұл тек бағалы шикізаттың жойылуына ғана әкеліп 
соқтырмайды, сонымен қатар атмосфераның азот және күкірт тотықтарымен, парниктік жанбайтын 
көмірсутектермен ластануы мен осы маңдағы температураның жоғарылауына әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет