Экология және адам тіршілігінің Қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша ДӘрістер



Pdf көрінісі
бет39/49
Дата06.10.2023
өлшемі0,79 Mb.
#113200
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   49
Қазақстандағы радиациялық жағдай
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі — радиациялық ластану болып қалып отыр. Радиоактивті 
ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын 
нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша 
тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік өнімдерімен бірге адам ағзасына 
түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін. 
Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Семей 
полигонында 1949-дан 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс, оның 90-ы ауада, 354-і жер астында және 
26-ы жер бетінде жүргізілген. 
Олар Қазақстан территориясының біраз бөлігінін радиациялық ластануына әкелді. Шығыс Қазақстан 
түрғындары Хиросима-Нагасаки мен Чернобыльдан кейінгі ең үлкен иондаушы сәулелену дозасын алған. 
Радиациялық әсерге байланысты туған аурулар туралы мәліметтер 1989 жылға дейін құпия сақталып келді. 
Ресми емес көздердің мәліметтеріне сүйенсек лейкемиядан қайтыс болғандар саны ондаған мың адамды 
құрайды. 
Қазақстан территориясында радиациялық ластану себептеріне мыналар жатады: Семей ядролық 
иолигонында жасалған жарылыстардың салдары, радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық 
өнеркәсіп орындары, ғаламдық жауындар, халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жер 
асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, радиоактивті қалдықтар. 
2.1. Семей ядролық полигоны. 
1995 жылы Шығыс Қазақстан облысының Орталық бөлігіндегі 
жүргізілген аэрограмма, шектрографиялық суреттер жер бетіндегі цезий — 137 активтілігі 65—100 мкм/сағ. 
болғанын көрсетті. 
Кейбір жерлерде 120-500 мкм/сағ. байқалған. Зайсан көлінің Оңтүстік Батыс жағалауында цезий 137 
радиациялық фоны 120—150 мкм/сағ. құраған. 
Бұрын жүргізілген ядролық жарылыстар табиғи сулардың, тек ядролық полигон зонасында ғана емес, 
оған жақын жатқан территорияларда да қалыптасуына теріс әсер етеді. Стронций-90 ең көп мөлшері 
Сарыөзек жылғасы мен Мүржық тауының етегінде «Мұржық» және «Дегелең» аймағында байқалған және 
(
а – 
3 белсенділіктің жоғары деңгейі) Семей облысының Қайнар селосында, Абыралы колхозындағы барлық 
дерлік құдық суларында анықталған. 
Сонымен қатар, Семей қаласынан оңтүстікке қарай, Тарбағатай маңында су алмасу белсенді жүретін 
аймақта — 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет