Экология және адам тіршілігінің Қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша ДӘрістер



Pdf көрінісі
бет38/49
Дата06.10.2023
өлшемі0,79 Mb.
#113200
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49
1989 
жылға дейін 
470 
ядролық жарылыс жасалып, 
300 
мың га 
территорияда радиоактивті жауын-шашын түскен. 


1997 
жылы бағалы қылқанжапырақты ормандардың үлкен территориясы (елдің ормандарының 10%-
дан астамы) өрттер әсерінен жойылды. Бұл биоалуантүрліліктің кемуіне әкеліп соқтырды. 
Экологиялық мәселелердің халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен денсаулығына әсері 
орасан зор: жыл сайын улы қалдықтардан келетін шығын 
300 
млн. доллар, ауаның ластануы — 266 млн. 
доллар. Аймақта қатерлі ісіктермен ауыру деңгейі ең жоғары. 
С аймағына
оңтүстік аймақтар жатады. Тұрақты сумен қамтамасыз етуді қажет ететін ауыл 
шаруашылық бағытымен сипатталады. Оңтүстік аудандардағы негізгі экономикалық мәселелер — су 
ресурстарының жетіспеуі, су көздерінің шайынды су-лармен ластануы, жайылымдардың деградациясы, 
табиғи және мәдени ескерткіштердің бүзылуы. С аймағына Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және 
Қызылорда облыстары жатады. Халық саны шамамен 5 млн, негізгі ңызметі — ауыл шаруашылығы. Ол 
суару үшін Арал және Алакөл-Балқаш бассейнінің өзендерінің суын пайдаланады. Аймақтың біраз бөлігі 
ауа райы күрт континенталды шөл аймағында жатыр. 
Ауыл шаруашылығының үлттық өнімдегі үлесі 12%. 1990 жылы мал шаруашылығы ауыл 
шаруашылығы өнімінің 61%-ын құраса, ал 1996 жылы бұл көрсеткіш 38%-ға дейін кеміп кеткен. Суармалы 
жерлер 17 млн га жерді алып жатыр (Қазақстандағы суармалы жерлердің 70%-ы). Бірақ оның көлемі түздану 
мен өнімділігін жоғалту нәтижесінде үнемі кеміп келеді. 
Аймақтың экологиялық мәселелері негізінен су ресурстарын тиімсіз пайдаланумен, ластануымен 
байланысты. 1990—1996 жылдар аралығыңда 10 млн га-дан астам жайылымдық жерлер өнімділігін 
жоғалтып, 17 млн га егістік жерлер өндірістен шығарылды. 
Кеңінен белгілі аймақтық экологиялық мәселе – Арал теңізі. Арал теңізінің кеуіп қалған түбінен 
сарапшылардың мәліметтері бойынша 50—70 мың тоннадан астам түз көтерілуде. Ауыз судың сапасының 
нашарлығы балалар арасындағы инфекциялық аурулардың жоғары болуына әкеліп соқтыруда. 
Су ресурстарын тиімсіз пайдалану, Қытайға судың көптеп берілуіне байланысты Балқаш көлінде де 
Арал тағдыры тууы мүмкін. Қазір су ресурстарына деген қажеттілік 50% ғана орындалып отыр. 
Аймақтың әлеуметгік және экономикалық дамуы экологиялық мәселелермен тығыз байланысты. 
Халықтың ішкі және сыртқы миграциясы байқалуда. Халықтың ауруға шалдығу деңгейі соңғы жылдарда 
2—3 есе артқан. Халықтың өсуі мыңға шаққанда 15,3-ке кеміген. Балалар өлімінің деңгейі мыңға шаққанда 
30,4 құрайды. Негізгі себеп — суға байланысты аурулар. Экстремалды жағдайлар аймақтың әлеуметтік-
экономикалық дамуына кедергі келтіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет