Экология және адам тіршілігінің Қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша ДӘрістер



Pdf көрінісі
бет45/49
Дата06.10.2023
өлшемі0,79 Mb.
#113200
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Кіші өзендерді қорғау мәселесі
Республикамызда 8643 тұрақты және уақытша су ағыстары белгілі. 
Олардың жалпы ұзындығы 123 мың км. Қазақстанның өзендерінің ерекшелігі олардың біртекті 
таралмауында. Жер бетіндегі су қорына әсіресе, Орталық және Батыс Қазақстан кедей. Республикамыздың 
бүкіл жазық территориялары сирек өзен торымен сипатталады. Ойыл және Нүра бассейнінде ол бар болғаны 
км
2
-ге шаққанда 0,13—0,022 км. Шөлейт және шөлді аудандарда өзендер жоқ деуге болады. Қалық өзен 
торы Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Кенді Алтайдың таулы және тау етегіндегі аудан-дарында түзілген. 
Бірақ, осы таудың сулы өзендерінің өзін суаруға пайдалануға байланысты халық тұщы судың тапшылыгын 
сезіп отыр. Бұл республика халңынан суды ысырапсыз пайдалану мен қорғау қажеттілігі туралы ойлануды 
талап етеді. 
Кіші өзендер кіші дегі аталғанмен, олардың экология түрғысынан алғандағы маңызы үлкен. Себебі, 
ірі өзендердің жағдайы кіші өзендерге байланысты. Олар қан тамырлары тәрізді бүкіл Қазақстан 
территориясын торлап жатыр. 
Республика өзендерінің көп бөлігі Каспий, Арал теңіздерінің, Балқаш және Теңіз көлдерінің тұйық 
ішкі бассейндеріне, тек Обь—Ертіс, Есіл және Тобыл өзендерінің бассейні ғана Солтүстік Мұзды мүхитына 
барып құяды. 
 
 
Дәріс 8. Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері мен әдістері.
 
Экологиялық қауіпсіздік мәселесі 
– бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды 
проблемаларының бірі болып отыр. Аталмыш проблеманың пайда болуының басты алғышарты – қоршаған 
ортаға адамзат перзентінің антропогендік және техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген 
әсері деп тұжырым жасауымызға болады. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында адамзаттың 
шаруашылық әрекеттері мен өндірістік қатынастарының ғылыми-техникалық жаңару биігіне көтерілуі – 
экономикалық реформалардың ерекше сипат алуына (модернизациялануы мен интеграциялануына) түрткі 
болды. Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен жағдайлары бүгiнгi таңда 
маңызды орын алып тұр. Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге жаңа экологиялық қауiпсiздiк жүйелерiн 
басқару да бой көтерiп келедi. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк саясатын уағыздап, 
табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкiнiшке орай Қазақстанда көптеген жылдар 
бойы өндiрiсте табиғи шикiзаттарды өндiргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп 
мөлшерде болды. Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық қауіпсіздік мәселелері оның дамуының 
барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Себебі, өндірістік қоғамның табиғатқа теріс әсерінің 
нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет