Экология және адам тіршілігінің Қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша ДӘрістер


Адамның іс-әрекетінің қауіпсіздігі



Pdf көрінісі
бет48/49
Дата06.10.2023
өлшемі0,79 Mb.
#113200
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Адамның іс-әрекетінің қауіпсіздігі 
– адамның іс-тіршілігі мен қауіп-қатер бір-бірімен кездеспейтін 
тұйық шеңбер. 
Әрине, адамның іс-әрекетінің процесінде қауіп-қатер әр уақытта болғанымен, ылғи да бола бермейді. 
Ондай қауіп болуы үшін үш жағдай болуы керек: қауіп нақты бар; адам қауіп-қатер аймағында; адамның 
қолындағы қорғану құралдары жеткіліксіз.Сонымен, 
қауіпсіздік 
– бұл іс-әрекет кезінде қауіп-қатердің 
болмайтындығы айқын болған жағдай 
Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында экологиялық қауіпсіздіктің 
басымдықтары экологиялық, энергия және ресурс сақтаушы технологиялар негізінде табиғат пайдаланудың 
стратегиясы мен құрылымына принципті өзгерістер енгізу қажеттігін алға тартады. 
Экологиялық қауіпсіздік Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің табиғи-тарихи негізі және 
құрамдас бөлігі ретінде жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қоршаған ортаға шамадан тыс антропогендік 
әсердің салдарынан, сондай-ақ дүлей апаттардан өнеркәсіптік авариялар мен күйреулерден қорғалу 
дәрежесімен айқындалады.Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы осылардың экологиялық құқығының 
тетіктері болып саналады. 
Экологиялық қауіпсіздік – жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын 
қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының 
жай-күйі. 
Сондықтан Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің 1) табиғи-тарихи негіздері, 2) 
принциптері (қағидаттары), 3)стратегиялық мақсаты, 4) басқару жүйесі; 5) экологиялық талаптар және 
өтпелі кезеңнің басымдылықтары бар. 
1. Табиғи-тарихи негіздерге – Қазақстан Республикасының табиғи ерекшеліктері, оның жартысынан 
астамы шөл және шөлейт аумақтар, табиғатты пайдаланудың ресурстық-шикізаттық жүйесі, халық 
шаруашылығы кешені өнеркәсіптердің, әскери объектілердің, табиғи техногендік процестердің зиянды 
әсерлері мен шетін табиғат жүйелері жатады. 
2. Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің принциптері Қазақстан Республикасы 
экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында Жер планетасының тұтастығы мен табиғатының өзара 
байланыстылығын мойындай отырып, Рио-де-Жанейро Декларациясының принциптеріне сәйкестендірілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет