Экология және адам тіршілігінің Қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша ДӘрістер



Pdf көрінісі
бет41/49
Дата06.10.2023
өлшемі0,79 Mb.
#113200
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49
Радиоактивті қалдықтар. 
Қазақстан территориясының табиғи радиоактивтілігі оны құрайтын 
метереологиялық әртектіліктің түзілуімен генетикалық байланысты, сонымен қатар уран, радий мен торий 
қатарының элементтерімен және космостық сәулеленумен байланысты. 
Табиғи радиоактивтік фон 
әр түрлі 
болуы мүмкін: Ірі су қоймаларының акваторияларында (Каспий, Арал теңіздері, Балңаш көлі) 6—8 мкр/сағ 
болса, граниттік массадан тұратыы территорияларда 50—60 мкр/сағ. ңұрайды. 
Магмалық жыныстар жер бетіне шығып жататын табиғи радиоактивті фоы 18—22 мкр/сағ., ал күшті 
қазіргі тұнбалық түзілістердің табиғи радиациялық фоны 10—18 мкр/сағ. құрайды. 
Космостық сәулелердің жалпы табиғи радиациялық фондағы үлесі 3—8 мкр/саг. 1995 жылы 
зерттеулер нәтижесінде Көкшетау облысының Арықбалық жәые Сарытүбек мекен-жайларындағы барлық 
ғимараттарда радиоактивті газ радонның жоғары кон-центрациясы анықталған. Мысалы, Арықбалық 
селосында екі балалар бақшасы жабылған (радонның концентрациясы 4000 Бк/кум. м жеткен, қалыпты 
мөлшері 200 Бк/кум. м). 
Елімізде үкіметтік емес экологиялық ұйымдардың қызметін саяси, құқықтық негізде дамытуға да 
қолайлы жағдайлар жасалуда. «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Экологиялық сараптау туралы» заңдарда 
жұртшылықтың қатысу ережесі, ақпарат туралы негіздер қаланған. Республикамызда 200-ден аса үкіметтік 
емес ұйымдар қоршаған ортаны қорғау, экологиялық білім беру, радиациялық қаупісіздік, экологиялық 
ағарту сияқты бағыттарда жүмыс істейді. 
Қалалардағы ауаның ластануы, жердің азуы мен шөлейттенуі, өндірістік және тұрмыстық 
қалдықтардың көбеюі, жер асты және жер үсті су көздерінің ластануы, Ертіс, Жайың, Талас, Сырдария, Іле, 
Шу өзендерінің ластанған сулары негізгі экологиялық мә-селелер болып отыр. Ауаның ластануы 15 қалада 
нормадан асып кеткен, Өскемен, Лениногор, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Теміртау, Шымкент, Тараз, 
Петропавл, Карағанды т.б. бұрынғыға қарағанда қазір үлкен деңгейде болып отыр. Арал өңірінің 59,6 млн га 
жері азған. Сонымен қатар көтерілген түзды шаңның ағындары 300 шақырымға, ара қашықтығы 500 
шақырымға дейін таралып жатыр. Республикамызда 20 млрд. тоннадан астам өндіріс және тұрмыс 
қалдыңтары жиналыи қалған. Жыл сайын 14 млн. куб м. тұрмыстың және 700 млн. тонна өнеркәсіптік 
қалдықтар, олардың ішінде 84 млн. тонна уландырғыш т.б. жиналады. Сонымен қатар зауыт, фабрикалар 
өңдеген рудаларын өндіріс қалдықтарының 1—18 үйіндісі жалпы көлемі 56 млн. текше метрді алып жатыр, 
радиоактивті фоны 35 мкр/сағаттан 3000 мкр/сағатңа жетін, халық денсаулығын бұзуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет