отырғаным жоқ. Не гізі, Жаңа жыл мерекесі алдында
ешкім жоқ. Содан кейін көшелерден мерекелік да йын-
тінде тойлаудың арнайы сценарий лері жасалуы тиіс.
қоры табылған. Анастасиадис соған сүйе-
№46 (957)
20.03.2013 жыл,
сәрсенбі
www.alashainasy.kz
4
e-mail: info@alashainasy.kz
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
ҚОҒАМ
Зейнеткерлікке ерте шыға аламын ба?
Мен бала күтімінде отырмын, ал жолдасым жұмыссыздар тізімінде тұр. Менің білгім келгені, маған
қандай әлеуметтік көмек берілуі тиіс?
Бағдагүл, Қызылорда облысы
Қандай атаулы әлеуметтік көмек түрлері бар?
Мен ІІІ топ мүгедегімін. Биыл жасым 55-ке толады. Осы орайда менің білгім келгені, мүгедектікке бай-
ланысты зейнеткерлікке ерте шығуға құқым бар ма, егер болса қай жастан шығуыма болады?
Тоқмұрат ҚҰРАМБЕКОВ, Алматы облысы
Сарапшы маманның мәліметінше, ҚР 1997 жылғы 16
маусымдағы №126 «Қазақстан Республикасында мүге-
дек ті гіне, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша
және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң),
азаматтарға мүгедектік тобына байланысты мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақы тағайындалып төленеді. Ал жасы-
на байланысты зейнетақы төлемдерін толық көлемінде
таға йындау «Қазақстан Республикасында зейнетақымен
қам сыз дандыру туралы» Заңына сәйкес, 1998 жылдың
1 қаң тарына дейінгі толық еңбек өтілі әйелдерге 20 жыл
(ер кектерге 25 жыл) болған жағдайда (әйелдердің жасы
58-ге, ал еркектердің жасы 63-ке толғанда) көздел ген.
Осы зейнеткерлік жасқа толған жағдайда, егер зей нетақы
төлемінің мөлшері жәрдемақы мөлшерінен төмен болған
жағдайда, онда зейнетақы мөлшері осы санаттағы мүге-
дектерге белгіленген мүгедектік жәрдемақы мөлше ріне
жеткізілуі тиіс.
Жеңілдікпен зейнеткерлікке шығуға тек бес және одан
да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген
аналардың ғана (толық еңбек өтілімен 53 жасқа толғанда)
құқығы бар. Мүгедектікке байланысты жәрдемақының
және зейнетақы төлемінің қатар төленуі қолданыстағы
заң намалармен көзделмеген.
4
e-mail: info@alashainasy.kz
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
МӘСЕЛЕ
ТҮЙТКІЛ
«Бұл не деген батпан құйрық?»
Сосын әлгі «сетевик» кенедей жабы-
сып, қыр соңымыздан қалмай қойғанда,
«бұл батпан құйрықтың қандай құйрық»
екенін дереу ұғынып үлгердік. Ұғынбаған-
дар иллюзияға малданып, пирамиданың
бір сатысы болып және кетті. Бейресми де-
ректер «бүгінде бұл бизнесте 50 мыңға
жуық қандасымыз жүр» дейді. Ал сол 50
мың ның желілік сауда қағанағын қарық,
сағанағын сарық қылды ма?
«...БОСТАН-БОСҚА
ЖАТҚАН ҚҰЙРЫҚ...»
Көптеген мәліметтер еліміздегі желілік
маркетингтің жыл өткен сайын өркен жа-
йып келе жатқанын айтады. Мәселен, бұ-
рынғы кеңестік елдер арасында Ресей мен
Қазақстанда бұл жүйе кейінгі жылдары
қар қын алыпты. Қазақстанда соңғы бес
жылда бұл бизнес екі есеге өскен. Демек,
желілік сауданың ел ішінде қандай дең-
гейде екенін осыдан да аңғаруға болатын
секілді. Әрине, бұл істе жетістіктерге жетіп
жатқандар да баршылық.
Талғат ӨТЕТІЛЕУҰЛЫ, қытайлық
«Тянь ши» компаниясының өкілі:
– Кезінде кәуап сатып, дәстүрлі биз-
неспен шұғылдандым, кейін қаражат жа-
ғынан қысылып, келеңсіздіктерге тап бол-
«Белсенді болсаң, байлыққа белшеңнен батасың. Азын-аулақ
айлыққа қарап отырасың ба? 50-60 мың теңге жалақының соңында
жүресің бе осылай есек секілді?» деп намысымыз бен тек жатқан
жынымызға тиіп, желілік маркетингке өтуге желіктіріп қоятын
таныстарымыз, тамырларымыз көбейіп барады. «Түгеншекең қызметін
тастап, сонда кіріпті. Қазір түкірігі жерге түспейтін миллиардер екен»
деп «желіліктер» әңгіме айтқанда, аузымыздың суы құрып, тамсана
бастағанымызды өзіміз де сезбей қалатын кездеріміз бар.
300 миллиард АҚШ долларын құ райды.
Күн сайын дүниежүзінде жүз мың даған
адам тәуелсіз дистрибьюторлар қа тарын
толықтырады. Ал экономист-сарап-
шылардың айтуынша, ХХІ ғасырда тауар-
дың 70 пайызы МLM жүйесі арқылы тұты-
нушысын таппақ. Бірақ біздің елдегі желі-
лік маркетинг емес деп ойлаймыз. Жасы-
ра тыны жоқ, бүгінгі желілік маркетингтегі
дистрибьюторлар айлығын асырып айтып,
алдап-арбау әдісін жете меңгерген. «Бір
айда 200 мың таптым» дегенде, қызық-
пай тын пенде болмасы анық. «Өзің кір,
со сын өзіңнен кейін 2-5 адам тартсаң, өзе-
гің талмайды. Төбеге шырт-шырт түкіріп
жа тасың да қоясың, содан айына 70-80
мың теңге есепшотыңа ұдайы түсіп тұра-
ды» немесе «осынша адам тартып, осынша
балл жинасаң, Францияға, Италияға тегін
қыдырып барасың, көлік аласың» деген
сыңайдағы шақырулардан әбден запы
бол дық. Одан қалды, «кірмей-ақ қой, тек
шай ішуге кел» деп шақыруға көшетінін
қай
терсіз. Тап бір сіз кенереңіз кеуіп,
шөлдеп, шай таппай жүргендей.
Сарапшылар жұртты желіктіретін же лі-
нің өзіндік тиімді жақтарын да жоққа шы-
ғармайды. Айталық, егер ғайыптан тайып,
желілік бизнесіңіздің тасы өрге домалап
кетсе, онда табысыңыздың еселеу мүмкін-
дігі, қаржылық тәуелсіздік, өзіңіздің дер-
бес бизнесіңіз сынды критерийлер. Бұл
же тістіктерді кез келген агент майын та-
мызып айтып беруге шебер-ақ. Тек олар
оның кереғар тұстары туралы жақ ашпай-
ды. Экономикамен ұйықтап, экономика-
мен оразасын ашатын үнемшіл қауымның
айтуынша, бұл бизнес «бостан-босқа жат-
қан батпан құйрық емес». Ең бастысы,
мұнда табыстың, айлықтың тұрақсыздығы.
Сондай-ақ моральдық, материалдық са-
лым дарды қажет етуі секілді тиімсіз қыр-
лары да бар. Сондықтан да сіз, агентіңіз
дым. Содан көп ақша табудың жолын із-
деп, осы бизнесті 2004 жылы Алматыда
бас тап, 2005 жылы Қарағандыға көшіп
кел дім, қазір өзімнің кеңсем бар. Ағайын-
да рым да, жора-жолдастарым да осында.
Өнімдер өзіме де жақсы көмектесті.
Ком панияға келмей тұрып ауырғаным бар-
ды. Содан айықтым. Өнімдерін отба сы мыз-
бен пайдаланамыз. Жақында ие болған
көлігім – компанияның сыйлығы. Еңбегім-
нің бағаланғаны деп білемін. Бұ рындары
бас қа елдің өкілдеріне машина бе ріп жат-
қан да, мен де солар сияқты темір тұлпар
алып жатсам қазақтың ұлттық киі
мімен
шық сам деп армандайтынмын. Сол арма-
ным орын
далып, өткен жылы авто
көлік
кілтіне ие бол дым. 2011 жылдың 3 та мы-
зында Қы тай дың Тяньцзинь қаласын да сал-
танатты түрде 200 адамға тарту етіл ді, со-
ның 12-сі Қазақстан нан. Осы ком панияға
кел гелі бері көп мем лекетті араладық. Жыл
сайын ше телге де мал уға барып тұрамыз.
Бірақ бәрі бірдей емес. Дәлірек айтқан-
да, көпшілігінде оның ұшар басындағы адам-
ның ғана қамбасы қомақты толады. Бас қа сы
соның сілекейін ғана қанағат тұты сады.
ЖЕЛІЛІК ИНДУСТРИЯНЫҢ
ШЫНЫ МЕН СЫРЫ НЕДЕ?
ХХ ғасырдың 30-жылдарында дүниеге
келген МLM бизнесін кәсіп еткен 125 ел
бар екен. Бүгінгі таңда 4000 ірі же лілік
компания бар болса, олардың ай на лымы
айт қандай, дереу байып кете қоймайсыз.
Әп-сәтте толағай табысқа кенелмейсіз. Ол
үшін талай жыл керек. Ал ол талай жылдың
таудай табысты болуына да кепіл жоқ.
Желілік маркетингтің шыны мен сыры бұл.
ЖЕЛІЛІК МАРКЕТИНГ ТАУАРЛАРЫНЫҢ
ҚАУІПСІЗДІГІНЕ КЕПІЛ БАР МА?
Бұлай деуімізге былтырғы жылы өз-
бек тердің кәсіпкер ретінде тіркелмеген
же лілік маркетингпен айналысатын жеке
тұлғаларға тыйым салуы түрткі болып
отыр. Естеріңізге сала кетейік, былтырғы
жы лы 1 ақпаннан бастап өзбек үкіметі
қау лы шығарып, шектеу қойған-ды. Себеп
– «өзбектің ішкі нарығына шетелден ағы-
лып келіп жатқан алуан түрлі тауарлардың
сапасына күдіктің күшеюі». Қазақ байғұс
желілік маркетингпен табыс тауып, баю-
дың қамынан аса алмай жүргенде, өз-аға-
мыз халқының денсаулығына алаңдаулы.
Сонымен қатар өзбектер «Өзбекстандағы
желілік сауда-саттық төлемі қолма-қол ес-
ептесу емес, келісімшарт негізінде ақша
ауда рымымен ғана жүзеге асырылуы тиіс.
Ол үшін коммерциялық құрылымдар кө-
тер ме сауда жасауға құқық беретін лицен-
зия алуы керек. Ал төлемақысын қабылдау
тек арнаулы сауда нүктелерінде бақылау-
кассалық терминалы арқылы жүргізілетін
болады» деп, кәмелеттік жасқа толмаған
азаматтарға мұндай саудамен айналысуға
рұқсат етілмейтінін және шегелеп алған-
ды. Сондай-ақ өзбектер салықтан жалтар-
ды деп, Oriflame компаниясының Өзбек-
стан дағы өкілдігін жауапқа тартқандығы
және бар. Ол аз десеңіз, емдік дәрі-дәр-
мек тер мен парфюмерлік тауарлар сата-
тын Ташкенттегі ParfuMed сауда желісінің
төрт дүкені және түріктің Turkuaz супер-
мар кеті мен өзбек-эмират бірлескен кәсіп-
орнының «Комфорт-Элит» атты дүкендер
желісінің жұмысын тоқтатуына да мұрын-
дық болған сол өзбек соты еді.
Ал біздегі желілік бизнестің қауіпсізді-
гіне кім кепіл? Салығын, заңдық негізін
айтпағанның өзінде...
Қарағанды
Тұтынушы құқығы тұншығып тұр
Әншейінде Қазақстан 2000 жылдан
бе рі ConsumersInternational-дың мүшесі
ре тінде ТМД елдері арасындағы тұтыну-
шы лар құқығын қорғау жөнінен жетекші
ор ын ға ие деп мақтанудан жалықпаймыз.
Айта кетейік, ConsumersInternational – құ-
ра мында әлемнің 115 еліндегі дүниежүзі
тұ ты нушыларының құқығын қорғауға
қатыс ты халықаралық тұтынушылық қоз-
ға лыстарды бірігіп қалыптастыруға ықпал
етіп жүрген 220 мүше-ұйымдарды бірік-
тір ген бірегей тәуелсіз тұтынушылар ұйы-
мы. Тіпті біздің елде тұтынушылардың құ-
қы ғын қорғаумен айналысатын 38 ұйым
бар екен. Бірақ сол ұйымдардың тұтыну-
шы құ қы ғын қорғауда қолы байлаулы.
Себебі құны толығымен төленген тауар-
дың не ме се көрсетілген қызметтің сапасы
төмен бо лып шықса, қолыңызда сол та-
уар ға не месе көр сетілген қызметке төлен-
ген түбір тек болуы тиіс. Олай болмаған
жағдайда сот тұрмақ, қайда барып жүгін-
сеңіз де бос әурешілік. Ал қазіргі таңда ба-
зар ларда са тылған тауар мен көше-көл-
денеңде көрсе тілген қызметке төленген
қаржыны рас тай тын түбіртек берушілер
жоқтың қасы. Астан уланып қалсаңыз тіпті
қиын, себебі сот-сараптамалық зерттеу-
ле рі бірнеше айға созылады. Ол уақыттың
ішінде сіз не жа зылып кетесіз, не бақилық
боласыз. Сот қа уланғаныңызды дәлелдеу
үшін қо лыңызда сараптамалық зертхана-
ның «қы рық құлаш» құжаты мен түбіртегі-
ңіз болуы шарт. Ал сараптамалық зерттеу-
лердің қыз мет құны ең кемі 60-70 мың
теңгені құ райды екен. Кез келгеннің қал-
тасы мұн дай зерттеуді көтере бермейді.
Ал қалталы кәсіпкер өзіне қажет құжатты
сатып алып, сотта жеңіп шығады. Тіпті
ақы ры тұтынушы сотқа арызданғаны үшін
айыпты болып, өзі айыппұл төлейтін халге
жетеді. Бұл жағ дайды депутаттар да рас-
тап отыр.
Светлана РОМАНОВСКАЯ, Мәжіліс
депутаты, Қазақстан тұтынушыларының
ұлттық лигасы басқармасының төрайымы:
– Бүкіл Қазақстанға екі зертхана ғана
қызмет етеді. Ал ол жерде жұмыс істеп
отырғандар кімдер? Әрине, мем лекеттік
қызметкерлер. «Қарға қарға ның көзін
шұқымайды», демекші, мы са лы, тұтыну-
шы дәріден уланып қалса, сот оны зерт-
ха нада отырған сол дәрі герге жібереді.
Ол тұтынушыны жақ тау шы ма еді? Әри-
не, дәрігерді ақтап шығады. Мысалы,
шұ жық жеп уланса ңыз, сіздің қолыңызда
шұжықтың бір тілімі және түбіртегіңіз
болуы керек. Сіз дің іш құрылыстарыңыз-
ды тексеріп, нақты диагноз қойғанша бі-
рер ай уа қыт өтеді. Сондайдан мез бол ған
тұты ну шы соңында қолын бір сіл теп кете
барады. Осыдан келіп қара па йым ха лық
құқығын қорғай алмай жүр.
Кез келгеннің басынан өткен жайт шы-
ғар, мысалы, үй маңындағы дүңгіршек тер-
де ашыған сүт те, қатқан нан да тұрады.
Тіпті кейбіріне қайтарып беру үшін қайта
барсаңыз, ақшаңызды қайтарып беруден
бас тартады. Себебі қолыңызда тағы да
сол түбіртек жоқ. Сондықтан «100-200
тең ге ге бола соттың табалдырығын тозды-
ра мын ба» деп қолымызды бір сілтейтініміз
тағы бар. Тіпті СЭС мамандары да мұндай-
да ша ра сыз сияқты. Алматы қалалық са ни-
тар лық-эпидемиологиялық бақылау де-
пар
таменті директорының орынбасары
Қарлығаш Әбдіжаппарованың сөзіне сен-
сек, кез келген сауда орны, қызмет көр се-
тетін орталық болсын, жеке мүлік болған-
дықтан, себепсіз тексеруге болмайды. Тек-
серіс жүргізу үшін тұтынушы арыз-шағым
жа зуы керек.
Қазақстанның тұтынушылар лигасы
ма
мандарының айтуынша, 2518 және
2040 қысқа нөмірлі телефондары мен же-
дел байланыс нөмірлеріне соңғы 20 жыл-
да 200 000-нан астам қоңырау келіп түс-
Азық-түлік тауарлары – 18 526. Жа рам-
дылық мерзімі өтіп кеткен тауарларды са ты-
лымға шығару, тауарлар туралы ақ па рат-
тар дың орыс және қазақ тілдерінде бол ма-
уы, сапасыз тауар, салмағының жет пей қа луы,
азық-түлік бағасы туралы аз ақпарат т.б.
Бұл – тек мамандар тіркеген тұтыну-
шылардың арыз-шағымдары ғана. Шын
мәнінде құқығы жерге тапталып жатқан
тұ тынушы қаншама?! Санына сан жетпей-
тін тауар түрі мен қызметтің көп болғанына
қарай тұтынушылардың да шағымы кө-
бейе түскенімен, әділ түрде қорғалып жат-
қаны жоқтың қасы. Мамандар мұның се-
бебін сот пен кәсіпкерлердің арасындағы
сы байластықтан іздейді. Тіпті тұтынушы
істе жеңіп шыққанның өзінде сот кәсіпкер-
ге ең төменгі мөлшердегі материалдық
жә не моральдық өтемақы төлеуді міндет-
тей ді. Бұл ретте депутат С.Романовская:
«Сотқа ақша беріп, шешімді сатып алатын
қалталылар жетерлік. Егер елімізде тұты-
нушылар құқығын қорғаумен айналыса-
тын тәуелсіз ұйымдар көбейіп, қарапайым
халық оған мүшелік етіп, сапасыз тауар
мен қызметтен жаппай бас тартар болсақ,
кәсіпорындар да тұтынушының құқығын
барынша сақтайтын болады. Тіпті тұтыну-
шы құқығы жайлы сауаттылықты білім ор-
ындарында оқыту керек», – дейді.
кен. Олардың ішінде мынадай сұрақтар
жиі қойылыпты:
Есептегіш құралдың дұрыс көрсетпеуі
салдарынан қарыздар мен өсімақының
көбеюі, түбіртек пен есептегіштегі көрсет-
кіш
тердің сәйкес келмеуі, көрсетілетін
қыз меттерге қатысты бағаның өсуі, яғни
ком муналдық қызметтер (газ, электр қуа-
ты, жылу, су) – 36 659;
Жыл сайынғы және күрделі жөндеу
(шатыр, жерасты бөлмелеріне жөндеу
жүр гізу), сантехникалық қызметтер, соны-
мен бірге, хаттамада көрсетілгендей, тұр-
ғын дардың жиналысында хабарламастан
қызмет көрсету бағаларын өсіру, Тұрғын
үй коммуналды шаруашылығы төрағала-
рын сайлау, яғни ТКШ қызметі бойынша
– 58 400;
Телекоммуникация және интернет –
8071. Көрсетілетін қызметтердің сапасына
ша ғымдар, бейуақытта өшіріп тастау, үне мі
бөгелістер, төлемақыны көтеріп жіберу, ин-
тернет арқылы жүргізілетін ақылы қыз мет-
тер туралы толыққанды мәлімет бер меу.
Медициналық қызметтер – 1750. Көр-
се тілетін медициналық қызметтердің ба-
ға сына шағым, дәрігерлердің тегін жедел
жәрдем қызметінен бас тартуы, қызметті
дұрыс ұйымдастырмау, диагноз бен емді
дұрыс белгілемеу т.б.
Тұрмыстық заттар (техника) – 33 495.
Сапасыз тауар, сатушының тауарды ауыс-
ты ру дан бас тартуы, сонымен бірге тұты ну-
шының басқа да заңды талаптарын ор ын-
дамау, сапасыз қызмет, тауарға қолма-қол
төлем жасаған кезде фискалды чек ұсын бау,
ақпарат беру кезінде шатастыру, қо сымша
ақы төлейтін қызметтерді тық палау.
Сарапшы маманның айтуына қарағанда, «Қазақстан
Республикасының балалы отбасыларға берiлетiн мем-
лекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республика-
сы ның 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 Заңына сәй-
кес, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы
айлық табысы белгіленген азық-түлік себетінің құнынан
төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға
арналған жәрдемақы алуға құқылы. Әр балаға берілетін
жәрдем ақының мөлшері бір айлық есептік көрсеткішті
(АЕК), яғни ағымдағы жылы бұл 1731 теңгені құрайды.
Бұдан басқа, белгіленген кедейлік шегінен отбасының
жан басына шаққандағы орташа айлық табысы төмен
болған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
алуға үміткер бола аласыз. Бұл көмектің айлық мөлшерін
уәкі летті орган отбасының жан басына шаққандағы ор-
таша табысы мен облыста белгіленген кедейлік шегі ара-
сын дағы айырмасы түрінде есептейді. Бұдан басқа, об-
лыс, қала және аудан әкімдері, меншік нысанына
қарамастан, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің
басшыларына өз құқығы мен құзыры шегінде әлеуметтік
қорғауға мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау жөнінде
қосымша шараларды белгілеу құқығы берілген.
Осыған орай, аталған мәселелермен сізге тұрғы-
лықты жеріңіздегі әкімдікке, жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңыз
қажет.
Кез келген адам – тұтынушы. Өмірдің өзі қызмет көрсетуден,
қызметке жүгінуден және тауар сатудан, сонымен қатар сатып
алудан тұрады. Тұтынушының құқын қорғау деген де ұғым бар.
Бірақ отандастарымыз өз құқығын білмегені былай тұрсын,
білген күннің өзінде құқығы жерге тапталып жатса да, құзырлы
органдардан көмек сұраудан бас тартады. Оның екі себебі бар:
біріншіден, құқықтық сауаттылығы төмен; екіншіден, құқық
қорғау шаралары тым ұзаққа созылады. Оған екінің бірінің
уақыты жоқ, тіпті кей жағдайда сот шешімі тұтынушының емес,
қарсы тараптың пайдасына шешіліп жатады.
Сандуғаш ӘЛІМЖАНОВА
Р.S.
Айналып келгенде тұтынушы
құқығы тұтқындалып тұр. Құқығы
аяқасты болған тұтынушы арызын
«құқығымды қорғайды-ау» деген
ұйымға тапсырады, ол – сотқа, сот –
зертханаға... сөйтіп, ақырында арыз
аяқсыз қалып, сиырқұйымшақ-
танып кете барады.
ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚҰРЫҚ
Балгер есік қағып тұрып, үй иесінің үл-
кен даулы мәселесі не болмаса ауруы бар
екенін, тез арада «оқытылмаса» оңай бол-
майтынын айтып сендірген. Сенімге тез
кіре тін оның құрығына бірнеше адам түсіп
те үлгеріпті. Ол аз-маз пұлды қанағат тұт-
пай, үлкен көлемдегі ақша және алтын бұ-
йымдарды алып кетіп отырған. Бұрынғы
қылмыстарын айтпағанда, жуырда ол ке-
зекті адамды ірі көлемде тонап кеткені
анық талды. Бұл жолы оның торына «Мың-
бұлақ» ықшамауданының 14 жасар тұр-
ғыны түскен. Қайыр сұрап жүрген жанға
есік ашқан бойжеткен алдын ала құрылған
«сценарий» бойынша нан әкеп береді.
Балгер қыздың алдына қойған екі үлкен
арманы бар екенін, ол арманды орындау
үшін алтын бұйымдар қажеттігін айтады.
Сонда әлгі қыз бала еш қарсылық көрсет-
пестен, үйіндегі әке-шешесінің барлық
алтын бұйымдарын «балгердің» қолына
ұстатады.
Есеңгіреп қалған қыз бала есін «балгер»
кетіп қалғаннан кейін бір-ақ жиып, жақын-
дарына хабарласқан.
Ұрланған алтын бұйымдарының баға-
сы 850 мың теңгені құраған.
Қазіргі уақытта Марияға қатысты ҚР ҚК
177-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс
қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Заң бойынша алаяқтықпен айналыс-
қан адам бес жылға темір торға тоғытылуы
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: