ы.
аударды. Шекара қызметінің ди ректоры
сай ұйымдастыру қажеттігін ескертті. Мұ-
портының құрылысы салынуда. Осы құры-
тұл ғаларға дереу тапсырма берді. Сапар
.
ем естігіне ескерту жасады. Өз қызметтеріне
керек. Әскери бөлі
уалар шаш етектен. Әскери бөлім ко ман-
қарағанды дереу тоқтатулары қажет. Мен
домство басшысы. Сонымен қатар Шекара
бековке алғыс жариялады. Мемлекеттік
№46 (957)
20.03.2013 жыл,
сәрсенбі
www.alashainasy.kz
3
e-mail: info@alashainasy.kz
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
НАРЫҚ
Еліміздегі ең ірі мегаполистің тұрғыны ретінде Наурыз мерекесіне дайындықты сезіне алып отырсыз ба?
Ардақ
БЕРКІМБАЕВ,
«Адырна» ұлт-
тық-этно гра фия-
лық бір лестігі
қоғам дық қоры-
ның атқарушы
директоры:
Қали
СӘРСЕНБАЙ,
Алматы қалалық
мәслихатының
депутаты:
Аманхан ӘЛІМ,
ақын, публицист,
«Ақиқат»
журналының
бас редакторы:
– Өкінішке қарай, Алматы қаласының тұрғыны ретінде Наурыз
мере кесіне ай тар лықтай дайындықты сезіне алып отырғаным жоқ.
Қыста Жаңа жыл мерекесіне бір ай қалған уақыттан бастап, күздің
соңғы айы қараша айында барлық жер лерге шырша тігіліп, көшелердің
барлығы жыл ты рақтармен көмкеріліп, меке мелердің маңдайшала-
рына құттықтау ло зунгтер ілініп, Жаңа жыл мерекесінің келе жатқанын
сездіретіндей да йын дық жұмыстары басталып кетеді. Көше лердегі,
жалпы қоғамдағы мұн дай өзгеріс көпшіліктің де көңіліне мерекелік
көңіл күй сыйлайды. Наурыз да – қазақтың Жаңа жылы. Ендеше Нау рыз
мерекесі қарсаңында неге дәл Жаңа жылдағыдай дайындық жұмыс-
тары жүргізілмейді?! Бұл, әрине, Наурыз тойының мәртебесін түсіретіні
анық. Негізі, мұның бәрі – қа ла лық әкімдік тарапынан атқарылатын
шаруалар. Рес пуб лика мыздағы бір ден-бір ірі қала бола тұра, жергілікті
атқарушы билік та рапынан халық тық мерекеге деген селқостықтың
орын алуын түсінбеймін. Кө шелер де әлі тазарған жоқ. Негізі, Наурыз
мерекесі келер алдында барлық жерде та за лық жұ мыс тары жүргізіліп,
алдын ала мерекелік безендірулер ілінуі керек.
– Еліміздегі ең ірі мегаполистің
тұр ғыны ретінде Ұлыстың ұлы мере-
кесі
нің дайындығын сезіне алып
отырға ным жоқ. Біз негізі Наурыз
мерекесі нің той лануын Жаңа жыл
мерекесінің деңге йі не жеткізуіміз
керек. Көше лер дегі бе зен дірулер
ме ре кенің мәр тебесін көте ріп, ха-
лық қа мерекелік көңіл күй сый лай-
ды. Тәуелсіздіктің ал ғашқы жыл да-
ры Наурыз мерекесі
не дайындық
ай тар лықтай сезілетін. Қазір Нау-
рыздың тойлануы солғын. Сон дық-
тан Мәде ниет министрлігі та рапынан
нұсқау бе рі ліп, Наурыз ме рекесінің өз
дәреже сінде тойлануына жергілікті
әкімдіктер мән беруі тиіс.
– Меніңше, Наурыз мерекесінің
да йын ды ғын сезіну әр адамның өзі-
нің жан дү ние сіне байланысты. Дү-
ние нің жаңар ға нын, Жаңа жылдың
келгенін алдымен әр адам іштей өзі
сезінуі тиіс. Аса бір көңіл көте ретін-
дей дәрежеде болмаса да, әр жерден
нау рыздың кел генін аң ғар татын дай
билборд тар ды көруге бо ла ды. Мен
өзім барлық нәрсеге сабыр мен қа-
рай тын адам мын. Ал дағы уақыт та
әлі-ақ Наурыз ең ірі көлемде той ла-
на тын мерекеге ай на ла ды. Жаңа
жыл дың бір ай тойла нуы – уа қытша
нәрсе. Қо ғам өзінің ке рек ет кен нәр-
сесін алдыңғы ор ынға шыға рады.
Тек біз сабырмен күтуі міз керек.
Дайындаған Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ
ОЙ-КӨКПАР
Басы 1-бетте
Виктор ЯМБАЕВ,
Алматы әкімдігі жанындағы
Іскерлік кеңестің төрағасы
Шағын және орта кәсіпкерлік – эконо-
микамыздың әлеуметтік аспектісі. Өздері
тауар өндіріп, адамдарды жұмыспен қам-
тып, өз бетімен салық органына тіркеліп,
салық төлеп жатқан бизнестің мазасын
қашыру – ақылға сыймайтын нәрсе. Мұны
Елбасымыз да үнемі айтады. Алайда төлем
Салық комитетінің кәсіпорын есепшотын
болмашы қателігі үшін «тұтқындауы» негізді ме?
БЕЙТАРАП ПІКІР
Олжас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры:
– Біздің кез келген заңнамадан «көлденең ақша табу үшін» саңылау табуға болады. Менің түсінігімде,
Салық кодексінің 609-бабы осындай мүмкіндікті ұсынады. Яғни бұл бап бойынша салық органындағылар
заңдық және жеке тұлғалардың салық міндеттемесін уақытылы орындамағаны үшін шот операциясын
тоқтатуға құзырлы екен. Болмашы қателік үшін бұл өте қатаң жаза деп ойлаймын. Сондықтан шотты
бүтіндей тұтқындаудың орнына, оны уақытша блоктау режиміне түсіру немесе қарыз сомасын шотқа түскен
ақшадан автоматты түрде шегеру секілді нормалармен алмастырған дұрыс секілді.
Жалпы, Елбасымыз шағын және орта
кәсіпкерлікті дамытуға мейілінше басым-
дық беру керектігін үнемі айтады. Мемле-
кет басшысы бұл мәселені өз қадағалауына
алғанын да білеміз. Сондықтан бұл ретте
тексеруші органдар да асыра сілтеуге ба-
тылы бармайды деп ойлаймын.
ИƏ
ЖОҚ
жасауға келгенде, «шотыңыз тұтқын дал-
ған» деп оларды шалқасынан түсіретін
бізде факті жетерлік. Яғни біздің салық
органындағылар шотты жауып тастаған-
дығы жөнінде салық төлеушіге ескерту де
жасамайды. Бұл – бір. Екіншіден, айыппұл
көлемі жылдан жылға өсіп барады. Әрине,
айыппұл ақылға келтіру тұрғысындағы
шара, бірақ ол адамды түгін қалдырмай
сыпырып алу деген сөз емес қой. Осы
жағынан алғанда, біздегі айыппұл шегін
де қайта қарастыру керек.
Міне, осы екі мәселені Үкіметтік дең-
гей де де, Парламент қабырғасында да
көтергенбіз. Қаржы министрі Болат Жәмі-
шовтің алдына осы мәселемен кіргенмін.
Нәтиже жоқ емес. Басқа өңірлерді біл мей-
мін, дегенмен Алматы қаласы бойынша сіз
айтып отырғандай, болмашы қателік үшін
кәсіпкерлерді қинау азайды. Салық орга-
ны өңірлерді аралап тексеруін қысқартты.
Салалық заңнаманың І-бабында: «Са-
лық органы салықтөлеушіге жәрдем десуі
керек» делінеді. Яғни салық органы кәсіп-
керге кәсібінің жетілуіне қолғабыс жасауы
қажет. Бірақ біздің шенді азаматтарымыз
бұл бапқа көз сүзгісі де келмейді, өйткені
оларға қамқорлық танытқаннан гөрі, қа-
на ған әлдеқайда тиімді.
Арықбай АҒЫБАЕВ,
заң ғылымының докторы,
профессор
Қазақбайшылыққа салынуға бол май-
ды. «Мынаны кешірейік, мынаны ке шір-
мейік» дегендей. Негізінен, барлық мәселе
осыдан туындайды. Заң алдында барлы-
ғымыз бірдейміз.
Қазір болмашы қателігін кешірсек, ер-
тең олар есептен жаңылыса бастайды,
содан жаңылысқанымызға да кешіріммен
қараңыздар деуі мүмкін, оған жеңілдік
жасасақ, тіптен санды дұрыс көрсетпеуі
мүмкін.
Жалпы, бұл – білікті мамандардың ой-
талқысынан, үлкен толғаныстарынан
туын даған, мықты ғалымдардан тұратын
жұмысшы топпен әзірленген заң жобала-
ры. Сондықтан оған күмән келтіру де ар-
тық тау болар.
Мүмкін қолданылып отырған жаза қа-
таң шығар. Онда мәселені сол жағынан
көтеру керек.
Дайындаған
Кәмшат САТИЕВА
ҚАЛАЙ ТАРТСА ДА – ҚҰРДЫМҒА
Сарапшылар осылайша тілдерін безеп
жатқанда, биржадағы ойыншылар шығы-
нын санап әлек. Дүйсенбіде Ресей, Еуропа,
Азияның биржа алаңдарында қор индекс-
тері төмендеді. Нью-Йорктегі Уолл-стритте
де құлдырау. Қатты сасқаны ма, Кипр пре-
зиденті Никос Анастасиадис салымшылар
шы ғынын жартылай қайтаруға уәде беріп
тастады. Бірақ оған сөз соңында тоқтала-
мыз.
Иә, 100 мың евроға дейінгі депозитке
– 6,75 пайыз, 100 мың евродан асатын
сома ға 9,9 пайыз салық салу – Еуроодақ
тарапынан Кипрге шұғыл түрде берілетін
10 млрд евро (13 млрд доллар) жәрдемнің
шарты осындай.
Әлбетте, мұндай шешім Кипрде кәдім-
гі дей дүрлігіс тудырды да, жаңғырығы Ре-
сейге келіп жетті. Өйткені шетелдік сарап-
шы лардың ойынша, мұндай «бір түрлі ше-
шімді» қабылдауға Кипрдің банк жүйе-
сіндегі Ресей қаржысы себеп. Өйткені
«Брюс сельдегі келіссөздерде Кипрге бө-
лін ген қаржы осы аралда есепшоты бар
бай орыстардың қалтасына түсуі мүмкін»
деген қауіп айтылған болатын. Германия
канц лері Ангела Меркель депозитке салық
салу шешімін барынша қолдап, оны
«Кипр ге бөлінетін жәрдемді жеңілдетеді»
деп бағалады.
Бірақ та Брюссель келіссөзіне қатысу-
шы лар ең әуелі арал тұрғындарының, со-
сын салымшылардың мұны қалай қабыл-
дай тынын есепке алмапты. Берілетін жәр-
демнің шартын оғаш деп білген жұрттың
ашу-ызасын тудырды. Тығырыққа тірелген
Кипрдің таңдауға шамасы жоқ: не мо-
йынсұнып, қаржы жүйесін тұрақтан ды ра-
ды. Не қаржылық еуроаймақтан шығып,
қар жы дағдарысына ұрынады.
Егер алдыңғы жолды таңдаса, Кипр
бюд жет тапшылығын қысқартуы қажет,
оны салықты көтеру есебінен жүзеге асы-
рады. Сондай-ақ банк заңнамасын рефор-
малайды. Дегенмен саясаттанушы Уәли-
хан Төлешовтің пікірінше, Кипрдің еуро-
ай мақтан шығуы неғайбіл.
РЕСЕЙ ИНВЕСТОРЛАРЫН
КІМ ҚҰТҚАРАДЫ?
Былтырғы қараша айында немістің
«Шпи гель» басылымы Ресей бизнесмен-
дерінің Кипр банктерінде 26 млрд доллар
сақтап отырғанын жариялаған болатын.
Оған Кипр билігі «Шпигельдің» бұл шат-
пағы халықаралық инвестициялық орта-
лық ретіндегі елдің беделіне күйе жағу»
деп қарсылық білдірген. Ал Үкіметтің өкілі
Стефанос Стефану елде «лас» ақшаны жа-
риялауға қарсы заң қабылданғанын ай-
тып, осы үшін Халықаралық валюта қоры-
нан мақтау естіген. «Шпигельдің» күздегі
ақ паратты аспаннан алмағаны бүгін ашыл-
ды. «Фигаро» жазғандай, Кипр банк терін-
дегі 68 млрд евроның 40 пайызы – ре-
сейліктердің үлесінде. Енді олар са лықтың
кесірінен 2 млрд евродай қаржы сынан
қағылуы мүмкін. Бұл – «Газпром» мем ле-
кеттік корпорациясы, «Лукойл» мұнай
алыбы, сондай-ақ бірқатар ірі банк тердің
басына тиетін таяқ.
Осылайша Кипрдегі ахуал ресейлік са-
лымшылардың мүддесіне тиетіндіктен, те-
рістік көршіміздің де қарап қалмайтыны
белгілі. Ресей Президенті Владимир Путин
бұл шешімге «кәсіби емес және аса қауіпті»
деп баға берді.
Дмитрий Медведев «біреудің ақшасын
тәркілегенмен бірдей» деген пікірде.
Әйгілі сарапшы Михаил Хазин бүгінгі
жағ дайды Ресейдің кешегісімен салыс-
ты
рады. «Біздің елімізде 1998 жылы
бар лық банк терде азаматтардың салы-
мын тәркі леу реформасы жүргізілгені
бел гілі. Сол кезде бұл өркениетті емес
Ре сейдің әрекеті деп түсіндірді. Бүгін біз
өркениетті елдердің де дәл сондай әре-
кетке баратынын көріп отырмыз. Жағдай
ушыға бастағанда, бөг де біреулердің
қаржысымен осылайша тесіктерді бітей
бастайды», – дейді ол.
СОҢҒЫ ТҰЯҚ СЕРПУ
Кипр көлемі азырақ салымдарға са-
лық ты алып тастау немесе азайту жөнінде
сау даласуға талпынып көрді. Еуроодақ
ұсақ салымшыларға салық мөлшерін азай-
туға келісім беруге дайын. Тек бюд жет ке
түсетін жалпы түсім жоспарда қа рас ты-
рыл ғандай 6 млрд евроны құраса ғана.
Кипр экономикасы Еуроодақ көле мін-
де шағын болғанымен, банкроттың аз ал-
дында тұрған Грекия, Португалия, Ир лан-
дия және Испанияға көмек көрсетілген
кез де ондағы салымдарға ешқандай са-
лық енгізілмеген еді. Енді бұл қадам са-
лым шылардың банктегі қаржысын шыға-
рып алуға берілген белгідей көрінуі мүм-
кін. Бұл үш жылдан бері қарыз дағдарысы-
мен арпалысып жатқан Еуропа үкіметтері-
не ауыр соққы болары сөзсіз. Бұл шешім
көп теген ма ман дардың пікірін ше, 2008
жыл
ғы дағдарысты ауыздықтауда қол
жет кен басты жетістікті – банк депозиттері
кепілдігін жоққа шығарудан басқа түк те
емес. Әрі бұл шешімнің бастамашысы бұ-
рын салымды қорғаған Еуроаймақтың
қар жы министрлері. Осының бәрі – оф-
шор лы аймақтарға қаржысын сақтайтын-
дарды қорғаштағандардың пікірі.
Брюссель Кипрге беретін жәрдемді екі
есе дерлік қысқартқан соң, бұл елдің билігі
қайтсе де 7 млрд евроны табуға мүдделі.
Сондықтан әлгі шешімге бер жағынан қар-
сылық білдіргенімен, ар жағынан қол-
дайтыны белгілі. Президент Анастасиадис
өз құқығын білдірген еді. Демек, алдағы
10-15 жылда әлгі құнды қағаздың құны
көк тиын. Ал жаңа салықтан жалтару үш
жылға бас бостандығынан айырылуға
немесе 50 мың евро төлеуге алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: