көшірілді. Биыл аталған көрсеткішті 100 пайызға дейін
елген. Демек, барлық әлеуметті
үрде ғана көрсетіледі. «Эл
кеу мерзімі 30 күннен бір күнге дейін азайды. Сол сияқты
қысқарды. Былтырдан бастап барлық лицензиялар тек
деп жатырмыз. Ал халықтың компьютерлік сауаттылығы
51 пайызды құрап отыр. Сонда электронды қызметтерді
жеткізу ді көздеп отырсыздар.
№46 (957)
20.03.2013 жыл,
сәрсенбі
www.alashainasy.kz
2
e-mail: info@alashainasy.kz
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
Шоқпар – Украина Президентінің ресми символы
САЯСИ БЮРО
Гүрзі немесе шоқпар тарихта бес қарудың бірі саналып келді. Осы қаруды әлі
күнге дейін символ ретінде сақтап отырған елдер бар ма?
Болат, Алматы
Әрине, бар. Оның тарихын әріден бас-
тап, қысқаша тарқатып айта кетсек. Сонау
тас дәуірінде тас гүрзі, қола дәуірінде ме-
талл шоқпар болған қару түрі XIII-XVII ға-
сыр лардан кейін әскери маңызын жоғал-
тып, қолбасшы билігінің символына айнал-
ды. Гүрзі XIX-ХХ ғасырларда түрік пашала-
ры, украин гетмандары мен атамандары
үшін билік пен артықшылық символы са нал-
ды. Бұл қару Польша маршалдарының ай-
рықша белгісі болды. Қазіргі уақытта қысқа
шоқпар Украин президенттік билігі нің рес-
ми сим во лына айналды. Украина Президен-
ті нің 1999 жылғы 29 қарашадағы жарлығы
бойынша Украина мемлекет бас шы сының
ресми символдары болып – Ук раина Прези-
ден тінің штандарты, Украи на Президентінің
белгісі, Украина Президен тінің гербтік мөрі
және Украина Президен ті нің шоқпары (бу-
ла ва) танылды. 2010 жы лы 25 ақпанда
ұлық тау рәсімінде Кон сти ту циялық сот
төра ғасы Андрей Стиржак Украина басшы-
сы Виктор Януковичке бас қа ресми сим вол-
дармен бірге алтынмен ап талған, күміспен
күптел ген, қымбат тас тармен безендірілген
қысқа шоқпарды табыс етті.
Әлемдегі христиан қауымының саны қанша?
Христиан діні – әлемдегі ең үлкен дін. Pew Forum ұйымының
зерт теуі бойынша оны ұстанушылар қатары бүкіл Жер хал қы-
ның 33 пайызына дейін жетеді. Қазіргі уақытта әлемде хрис-
тиан қауымының саны 2,33 млрд адамды құрайды. Хрис тиан
дінін ұстанушылардың жартысына жуығы 10 мемлекетке
шоғырланған (кестеге назар аударыңыз).
№
Ел
Христиан
саны
Басым ағымы
1
АҚШ
246 790 000
Протестантизм
2
Бразилия
175 770 000
Католицизм
3
Мексика
107 780 000
Католицизм
4
Ресей
105 220 000
Православие
5
Филиппин
86 790 000
Католицизм
6
Нигерия
80 510 000
Протестантизм
7
КХР
67 070 000
Протестантизм
8
Конго
63 150 000
Католицизм
9
Германия
58 240 000
Протестантизм,
католицизм
10 Эфиопия
52 580 000
Ежелгі шығыстық
шіркеу
Дүниежүзіндегі христиан дінін ұстанатын қауымның саны қанша? Қазіргі кезде қай елде христиан дінін
ұстанушылар саны басым?
Ермек, Алматы облысы
ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫ
– 80 пайызға дейін жететін шығармыз.
(А.Жұмағалиев)
– Қай жылға дейін? (С.Ахметов)
– «А-а-а, 20-сыншы, 20-сыншы жылға
дейін...инфрақұрылым бағдарламасына
сәйкес... «Ақпараттық Қазақстан» бағдар-
ламасына сәйкес...
– Неге олай жоспарлап отырсыз?
(С.Ахметов)
– Енді біз барлығын жылдам жасауға
тырысамыз, Серік Нығметұлы, компьютер-
лік сауаттылықты арттыру жағынан бізде
нақты жоспарлар бар. Әрине, бұл жұмыс-
ты қысқа уақыттың ішінде жасауға ұмтыла-
мыз. Қазірдің өзінде «Электронды үкімет-
тің» қызметтерін кеңінен қолданып жатыр.
Биыл электронды қызметтерді 12 миллион
рет ұсынамыз деген жоспар бар. Оның өзі
– үлкен көрсеткіш. Халыққа қызмет көр-
сету орталықтары... онда біз электронды
қыз метті 15 млн рет ұсынбақпыз... бұл
елді үйретіп жатқан негізгі жүйе...және....
Осылай шұбырта жөнелген министрдің
сөзін бөлген Үкімет басшысы «12-15 мил-
лион деген аз ба, көп пе?» деген сауалды
төтесінен қойды. «Енді қарап көрейікші,
бізде жұмыс істейтін 8,5 млн халық бар.
Дұрыс па? Олар жылына бір-екі рет элек-
тронды қызметті қолданып, салық немесе
мекенжай туралы анықтаманы алса да,
соның өзінде электронды түрде ұсынылған
қызметтердің саны 30 млн-ға дейін бар-
май ма?! Демек, бәрібір халықтың тең
жар тысы халыққа қызмет көрсету орта-
лық та рына барып, кезекке тұрады. Сон-
дық тан бір-ақ сұраққа жауап беріңізші,
электронды қызметтерді енгізу және оны
қолдану арасындағы «айырмашылықты»
қалай қысқартуға болады? Әрине, мем-
лекеттік қызметтердің электронды нұсқа-
сын енгізу жағынан біз (Үкімет – авт.) алға
шығып кеттік. Енді оны қолданатын азамат-
тар, қарапайым халық оған қалай жете
алады? Сіз білім министрімен бірге оты-
рып, бұл жұмысты қалай жоспарлау қа-
жет тігін түсініп алуыңыз қажет. 2020 жыл-
ға дейін компьютерлік сауаттылықты 80
пайызға жеткізу, бұл – тым төмен көрсет-
кіш», – деп қадап айтты С.Ахметов. А.Жұ-
мағалиев болса, бұл сауалға тұшымды
жауап бере алмағаннан кейін тиісті ұсы-
ныстардың барын алға тартып, оны алда-
ғы уақытта Үкіметтің қарауына беремін
деп «ақталды».
тронды жүйенің енгізілуімен бізде қосым-
ша уақыт пайда болады. Біз оны басқа
шар уаларға тиімді пайдалана аламыз», –
дей ді сарапшы Дәурен Топаев.
Астана
ЖИЫН
Достарыңызбен бөлісу: