2. Негізгі өндірістіік қорларды талдау. Мұндай талдаудың негізгі кезеңдері келесілер:
негізгі құралдардың құрылымы мен динамикасын талдау, талдау жүргізу кезінде құралдарға салынған капиталдың құрылымы мен мөлшерін бағаланады, негізгі құралдар құнының баланс құрылымы мен қаржылық жағдайға ықпал ету сипаты анықталады;
негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін талдау,мұнда негізгі құралдардың қозғалысына (негізгі құралдарды енгізу,жаңарту,шығу,жарамдылық,тозу,өсу коэффициенттері т.б. есептеледі),негізгі құралдарды пайдалану тиімділігіне (қор қайтарымдылығы,қор сыйымдылығы т.б.есептеледі),сондай-ақ құрал-жабдықтардың жұмыс жасау уақытына талдау жасалады;
негізгі құралдарға салынған инвестициялардың тиімділігін талдау,бұл кезеңдегі аналитикалық жұмыстың негізгі элементі-капитал салымының және инвестициялау үшін займдарды тарту тиімділігін талдау;
құрал-жабдықтарды ұстау және пайдалану шығындарын талдау,бұл кезеңде ағымдағы жөндеу мен күрделі жөндеу шығындарына талдау жасалады.