«Экономика және қаржы» кафедрасы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарының студенттері үшін


Кәсіпорынның материалдық ресурстарын талдау



бет34/55
Дата05.04.2022
өлшемі361,63 Kb.
#29996
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55
Байланысты:
file-8557

3.Кәсіпорынның материалдық ресурстарын талдау.

Материалдық ресурстарды талдау кезінде мынадай кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:



  • материалдық-техникалық жабдықтау жоспарларының сапасын талдау,талдау жасау кезінде жеткізушілерден алынған шикізеттармен материалдардың сапасы,олардың стандарттарға және шарттың талаптарына сәйкестігі тексеріледі;

  • материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау,бұл кезеңде материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігінің негізгі көрсеткіштер(материал сиымдылық,материал қайтарымдылық,өнімінің өзіндік құнындағы материалдық шығындардың үлес слмағы,шикізаттар мен материалды пайдалану коэффициенті т.б.) есептеледі;

  • кәсіпорынның материалдық ресурстарға қажеттілігін бағалау,мұнда кәсіпорынның запастармен камтамасыз етілу коэффициенті (күн) және шикізаттар мен материалдардың әрбір түрінің орташа күндік шығысы есептеледі.

4.Кәсіпорынның еңбек ресурстарын талдау.Еңбек ресурстарынталдаудың негізгі кезеңдері:

  • жұмыс күшін пайдалану жағдайын талдау.Бұл кезеңде кәсіпорынның еңбек ресуртарымен қамтамасыз етілуіне,персоналдардың біліктілік деңгейіне,динамикасы мен қозғалыс себептеріне талдау жасалады;

  • еңбек өнімділігін талдау,яғни еңбек өнімділігінің өсімі бойынша жоспардың орындалуын тексеру және осы фактордың есебінен өнімінің өсімін анықтау орын алады;

  • еңбек ақы төлеу жағдайын талдау,бұл кезеңде жалақы қорының құрамы динамикасы және пайдалану тиімділігіне талдау жасалады;

5.Өнімнің өзіндік құнын талдау.Өзіндік құнды талдау кезінде келесі кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:

  • өткізілген өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындарды талдау,мұндай талдау кезінде тауарлық өнімді шығару көлемі,өнім бірлігіне кеткен айналымы шығындар деңгейі,тұрақты шығындар сомасының және баға деңгейінің өзгеруіне талдау жасалады;

  • тікелей материалдық және еңбек шығындарын талдау,бұл кезеңдегі талдау жұмысының негізгі элементі жоспарлы және есепті калькуляциялау негізінде әрбір өнім түрі бойынша шығындарды есептеу,сондай-ақ,өнім өндіруге жұмсалған тікелей жалақының жоспарлы және нақты сомасы болып табылады;

6.Пайда мен табыстылық (рентабельділік)деңгейін талдау.Пайданы қалыптастыру мен пайдалануды талдау төмендегілерді қамтиды:

  • пайданың құрамы мен динамикасын талдау,талдау кезінде сатудан түскен табыс,жалпы пайда,өндірістік шығыстар қалдығы,базистік және есепті кезеңдегі әдеттегі қызметтен түскен пайда есептеледі;

  • негізгі қызмет түрлерінің қаржылық нәтижелерін талдау,бұл кезеңде кәсіпорынның барлық негізгі қызметі түрлері бойынша қаржылық нәтижелері есептеледі;

  • кәсіпорынның табыстылығын (рентабельділігін) талдау,мұндай талдау кезінде өндірістік қызметтің,сатудың,өнімінң,активтердің,меншікті капиталдың т.б. табыстылықтары есептеледі;

7.Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.Қаржылық жағдайды талдау келесі кзеңдердң қамтиды:

  • кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау,мүліктік жағдайды бағалау үшін кәсіпорынның иелігіндегі негізгі құралдардың сомасын анықтау қажет,сондай-ақ негізгі құралдардың активті бөлігінің үлесін,жаңару,істен шығу,тозу коэффициенттері т.б. есептеу керек;

  • бағалы қағаздар нарығындағы жағдайын бағалау,мұндай талдау жасау кезінде бір акцияға келетін табыс,акцияның құндылығы,акцияның табыстылығы,дивиденд төлеу коэффиценттері есептеледі.

Сонымен кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін талдау оның қаржылық нәтижелерінің объективті және нақты көрінісін,экономикалық ресуртарды пайдалану тиімділігін,өндірістік әлеуетінің мөлшерін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет