Экономикалық шарттарға келесілер жатқызылады:
меншіктің әртүрлі нысандары мен типтерінің болуы және олардың өзара бәсекелесуі;
мемлекеттің тұрақты экономикалық саясаты;
кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымның дамуы;
ақша қаражаттары және олардың қол жетерлік болуы;
төлемқабілетті сұраныстың болуы (тұтынушылардың төлем қабілеттілігі);
бос жұмыс орындарының болуы, жұмыс күшінің жетіспеушілігі немесе артық болуы;
ұтымды сыртқы экономикалық саясат, отандық тауар өндірушілерді қорғау және т.с.с.
Әлеуметтік шарттарға төмендегілерді жатқызуға болады:
еңбек жағдайы және жалақы деңгейі;
кәсіпкерлер мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру;
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру және кәсіпорынды басқару бойынша кеңес беру орталықтарын басқару;
кәсіпкерлік этика мен мәдениет деңгейі және т.б.
Құқықтық шарттарға мыналарды жатқызамыз:
кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдайлар жасайтын және кәсіпкерлік қызметті реттейтін тиімді әрі тұрақты құқықтық база (негіз);
дамыған антимонополдық (монополияға қарсы) заңнама және оны жүзеге асырудың нақты әрекет ететін механизмдерінің болуы;
интеллектуалдық меншікті (өнертапқыштық, патент, лицензия т.б.) тиімді қорғау жүйесі;
кәсіпорынды тіркеу мен таратудың оңайлатылған тәртібі;
өндірістік кәсіпкерлікті ынталандыру бағытында салықтық заңнама жетілдіру;
Кәсіпкерлік орта сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы кәсіпкерлік орта кәсіпкерлердің еркіне баланысты болмаса, ішкі кәсіпкерлік орта кәсіпкерлердің тікелей қатысуымен қалыптасады.
Сыртқа кәсіпкерлік орта кәсіпкерлік қызметті сырттай реттеудің күрделі жүйесін білдіреді. Кәсіпкерлер үшін ол объективті сипатқа ие болады.Өйткені, кәсіпкерлер оны тікелей өзгерте алмайды, бірақ өз ісін жүргізу кезінде ескеруі керек. Сыртқы кәсіпкерлік орта мынадай макроорта сфераларын қамтиды: халықаралық, саяси, экономикалық, әлеуметтік-демографиялық, құқықтық,экологиялық, табиғи-климаттық, ғылыми-техникалық,мәдени т.б.
Кәсіпкерліктің ішкі ортасына мынадай микроорта сфералары жатқызылады: жабдықтаушылар, тұтынушылар, бәсекелестер,байланыс аудиториялары, маркетингтік делдар т.б. жатқызылады.
Достарыңызбен бөлісу: |