12.2 Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және
қаржы-экономикалық қызметіне талдау жасалады.
Қазіргі кезде кәсіпорынның табысты жұмыс жасауда өз қызметін айқын және тиімді жоспарлауға,нарықтағы жағдай туралы ақпараттарды жүйелі түрде жинау мен өңдеуге байланысты,ол өз кезегінде кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің стратегиясы мен тактикасын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін талдау оның өндірістік әлеуеті мен қаржылық жағдайын бағалау,сондай-ақ,қызметінің негізгі көрсеткіштеріне әртүрлі ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын анықтау үшін қажет. Мұндай талдау жасау кезінде кәсіпорынның ішкі ресурстары мен мүмкіндіктерінің оның бәсекелік артықшылықтарын қамтамасыз ету және қолдау міндеттеріне сәйкестігі анықталады.
Шаруашылық қызметі талдаудың негізгі мақсаты кәсіпорын қызметінің даму стратегиясын таңдау,дұрыс шешім қабылдау үшін менеджерлер мен басқа да мүдделі адамдарға ақпарат беру болып табылады.Талдау мынадай бағыттыр бойынша жүргізіледі:
1.Өнім өндіру мен сатуды талдау. Мұндай талдаудың негізгі кезеңдері мыналардан тұрады:
өнім ассортиментін талдау,бұл кезеңдегі талдау жұмысының негізгі элементі- номенклатура және ассртимент бойынша жоспардың орындалуын талдау;
өнім сапасын талдау, талдау кезінде сапанын тікелей ( пайдалылық,сенімділік, жарамдылық т.б) және жанама (сапасыз өнімдері үшін айыппұлдар,акауы бар өнімнің көлемі мен үлесі,ақаудан болған жоғалтулар т.б) көрсеткіштер динамикасы зерттеледі;
өндірістің ырғақтылығын талдау, талдаудың бұл кезеңінде ырғақтылықтың тікелей (ыр-ғақтылық,вариация коэффициенттері т.б) және жанама ( кәсіпорын кінәсінен тоқтап тұрғаны үшін төлем, өнімді өз уақытында жібермегені үшін айыппұл т.б) көрсеткіштері есептеледі;
өнімді сатуды талдау, талдау жүрзігу кезінде нақты сатылған өнім көлемі жоспарлы сату көлемімен салыстырылады, жоспарда абсолютті ауытқуы,өсу қарқыны, жоспардың орындалу пайызы есептеледі;
Достарыңызбен бөлісу: |