«Экономика және қаржы» кафедрасы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарының студенттері үшін


Кәсіпкерлік инфрақұрылымының мәні мен ерекшеліктері



бет46/55
Дата05.04.2022
өлшемі361,63 Kb.
#29996
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55
Байланысты:
file-8557

13.2 Кәсіпкерлік инфрақұрылымының мәні мен ерекшеліктері

Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттік саясат қосылған құны жоғары жаңа озық технологиялық өндірісті құруға бағытталған шағын кәсіпкерлікті дамыту жолымен орта тапты қалыптастыруды көздейді.Кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттің рөлі-бизнесті дамыту бойынша қызметтер көрсететін институттар жүйесін жасақтау және сәйкес нормативті-заңнамалық базаны қалыптастыру арқылы тұрақты әрі қолайлы бизнес ортаны құрумен сипатталады.

Кәсіпкерліктің қарқынды дамуы мен тиімді жұмыс жасауына кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы айтарлықтай оң ықпал етеді.

Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы-бұл кәсіпкерлік субьектілерін дамытуға көмектесетін және оларға өз қызметін жүргізуге қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз ететін ұйымдар мен бірлестіктер жиыны.



Қазақстандағы мұндай ұйымдар мен бірлестіктерге келесілерді жатқызуға болады:

  1. Мемлекеттің бастамасымен құрылған ұйымдар және мемлекеттік органдар;

  2. Қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар,салалық ассоциациялар;

  3. Халықаралық ұйымдар және шетелдік ұйымдардың өкілдіктері;

  4. Коммерциялық құрылымдар( ақпараттық-аналитикалық,маркетингтік,консалтингтік компаниялар және несиелік ұйымдар мен банктер);

  5. Бизнес-инкубаторлар,индустриалдық аймақтар және технологиялық парктер;

Функционалдық бағытталуына байланысты инфрақұрылым институттарының құрылымын келесі түрде көрсетуге болады:

  • бизнестің қалыптасуы,дамуы және қызмет етуі кезеңдерінде көмек көрсету және мемлекеттік қолдау

  • Қаржылық қолдау

  • Ақпараттық аналитикалық қолдау

  • Біліктілікті жоғарылату және оқыту бойынша қолдау

  • материалдық-техникалық қолдау

Мемлекеттің бастамасымен құрылған ұйымдар және мемлекеттік органдарға төмендегілер жатқызылады:

  1. Кәсіпкерлікті дамыту саясатын іске асыратын және оған жауапты жоғары мемлекеттік орган- Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігі.Бұл министрлік орталық атқарушы орган болып табылады және оның ұйымдық құрылымына «Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті»кіреді.Ол аталмыш министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне жетекшілік жасайтын салалары бойынша кеңес беру көмегін көрсетеді.Сонымен қатар,Департамент өз құзіретін шегінде халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдармен өзара әркеттесу бойынша ұсыныстарды әзірлейді.Оның құрамына Жиынтық-талдау басқармасы,Кәсіпкерлік қызметті нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіру басқармасы,Мемлекеттік рұқсат беру жүйесін реформалау басқармасы,реформалау басқармасы кіреді.

  2. Елімізде кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік құрылымының келесі деңгейі жергілікті атқарушы органдар болып табылады.Яғни,Алматы және Астана қалаларының,облыстардың әкімдерінің аппараты.Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бойынша мемлекеттік саясаты іске асыру үшін әкімдіктер жанынан құрылған департаменттердің( басқармалар),оның құрамына кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ететін бірнеше бөлімдер кіреді.Мәселен,Алматы қаласы әкімдігінің Алматы қаласы кәсіпкерлік,индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы бар.Ал оның құрамына шағын бизнес бөлімі,сауда бөлімі,өнеркәсіп бөлімі т.б кіреді.

  3. Мемлекет пен кәсіпкерлердің өзара іс-қимылын жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі 1560 Жарлығымен Президент жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі құрылды.Бұл кеңес кәсіпкерлікті дамыту және оны тиімді мемлекеттік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Кеңестің негізгі міндеттері мыналар:

  • кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу,нарықтық экономиканың дамуына ынталандыратын жағдайлар жасау;

  • Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін іскерлік топ,кәсіпкерлік қауымдастық және одақтарды шоғырландыру;

  • -кәсіпкерлік саласында маңызды мемлекеттік проблемаларды шешу үшін ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.

Мемлекет кәсіпкерлікті қолдауда қаржылық,ақпараттық-аналитикалық,материалдық-техникалық қамтамасыз ету функцияларын орындайды.Кәсіпкерлікті қолдаудың мұндай нысандарының барлығы жергілікті және өңірлік деңгейде қабылданатын әртүрлі бағдарламалар көмегімен атқарушы органдар арқылы,сондай-ақ осы мақсатта мемлекеттің қатысуымен арнайы құрылған ұйымдар арқылы да жүзеге асырылады.Мұндай ұйымдардың қатарына «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ және оның аймақтық филиалдарын, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Қазақстанның даму банкі»АҚ т.б жатқызуға болады.

Қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар,салалық қауымдасдықтар (ассоциациялар)

Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) бұл заңға қайшы келмейтін,ортақ мақсаттарға жету үшін ерікті негізде азаматтармен құрылған коммерциялық емес ұйымдар.Олар азаматтық қоғамды қалыптастыру мәселелерінде,әлеуметтік проблемаларды шешуде мемлекет пен азаматтардың арасында делдал рөлін механизмдерінің бірі болып табылады.

Кәсіпкерлікті қолдау сферасында үкіметтік емес ұйымдар қоғамдық бірлестіктер,қорлар,ассоциациялар одақтар нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері түрінде құрылуы мүмкін.

Қоғамдық бірлестік азаматтардың ерікті түрде бірігуі нәтижесінде құрылған ұйым болып табылады. Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестіктер болып,саяси партиялар,кәсіптік одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтін,өздерінің ортақ мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрған басқа да бірлестіктер танылды.

Мұндай бірлестіктер ҚР азаматтарыныңсаяси,экономикалық,әлеуметтік мәдени құқықтары мен мүдделерін қорғау және іске асыру мақсатында құралады.Қоғамдық бірлестіктер мемлекеттік органдарымен келісім жасаса отырып өзара әркеттестік және әріптестік байланыста болады.

Азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған,әлеуметтік,қайырымдылық,мәдени,білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым қоғамдық қор деп танылады.Қоғамдық қор заңды тұлға болып табылады,оның дербес балансы және банктік шоты бар.

Жеке кәсіпкерлер және (немесе)заңды тұлғалар өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру,сондай-ақ мүдделерін білдіру мен қорғау мақсатында қауымдастықтар (одақтар) құралады.Қауымдастық (одақ) коммерциялық емес ұйым болып табылады, оның мүшелері өз дербестігін сақтап қалады.

Барлық кәсіпкерлік қауымдастықтардың қызметі шамамен бірдей функциялары жиынын қамтиды:


  • олардың қызмет сферасындағы корпоративтік мүдделерге қатысты мемлекеттік саясат бойынша мүшелерінің ұжымдық ұстанымен білдіру,мемлекеттік шешімдерді әзірлеуге қатысу;

  • қауымдастық мүшелері арасында іскерлік байланыстар орнатуды,дөңгелек үстелдер мен семинарларды ұйымдастыру;

  • өз аймағындағы территорияда немесе нарықтағы өзінің секторында кәсіпкерлік қызметті үйлестіру;

  • қауымдастықтың қатысушыларына сыртқы экономикалық байланыстарда көмек көрсету және әртүрлі қызметтер ұсыну

  • ақпараттық қолдау.

Қауымдастыққа кіру үшін басшының атына өтініш жазу және кіру жарнасын төлеу жеткілікті.Кейбір жағдайларда бірлестіктің басқа мүшелерінің ұсынысы талап етілуі мумкін.

Еліміздегі едәуір ірі кәсіпкерлер қауымдастықтары (ассоци-ациясы)ретінде келісілерді атап көрсетуге болады Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің «Атамекен» жалпыұлттық одағы,Қазақстанның кәсіпкерлер форумы заңды тұлғалар бірлестігі,ҚР-ның сауда-өнеркәсіптік палатасы одағы, «Кәсіпкерлердің тәуелсіз ассоциациясы», «Іскер әйелдер ассоциациясы» т.с.с.

Қазіргі кезде елімізде 200-ден астам кәсіпкерлер қауымдастықтары мен бірлестіктері тіркелген және қызмет етеді.Мұндай бірлестіктер кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі қызметтерді жүзеге асырады және кәсіпкерлер белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді.Олардың қызметі бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға,экономикалық және әлеуметтіа мәселелерді шешуде олардың рөлін арттыруға бағытталған.Сонымен бірге кәсіпкерлер территориялық (республикалық,облыстық,қалалық )және салалық (жиһаз және ағаш өңдеу кәсіпорындарының ассоциациясы,жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ассоциациясы т.б )белгілері бойынша бірігуі мүмкін.

Халықаралық ұйымдар және шетелдік ұйымдардың өкілдіктері.

Қазақстан кәсіпкерліктің дамуына халықаралық және шетелдік ұйымдардың өкілдіктерінің қызметі де өзіндік ықпал тигізді.Айтарлықтай көлемдегі ақшалай қаражаттар мен интеллектуалдық ресустар осы бағытта жұмыс жасайтын қазақстандық ұйымдардың жобаларын қолдауда бағытталады.Халықаралық ұйымдардың бағдарламаларды ұзақ мерзімді мақсатты сипатқа ие болады және бірінші кезекте кәсіпкерлікті дамытуға көмектесетін толыққанды инфрақұрылымды құруға және нығайтуға, қаржы қаражаттармен қамтамасыз етуге, ақпараттық және кеңес беру қызметтерін көрсетуге, мамандарды қайта даярлау мен біліктілігін арттыруға, тақырыптық зерттеулер жүргізуге, инновациялық кәсіпкерлікті дамытуға арналған.

Қазақстанда өзінің қызмет нәтижелері бойынша айтарлықтай танымал халықаралық ұйымдарға келесілерді жатқызуға болады:


  1. Еуразиялық реконструкциялау және даму банкі (ЕРДБ);

  2. Халықаралық даму жөніндегі американдық агенттік (USAID);

  3. Дүниежүзілік банк;

  4. Тәуелсіз мемлекеттерге техникалық көмек бойыншы Еуропалық комиссия бағдарламасы (ТАСИС);

  5. Еуразия қоры;

  6. Біріккен ұлттар ұйымының даму жобасы (ПРООН);

  7. Сорос Қазақстан қоры т.б.

Коммерциялық құрылымдар (ақпараттық – аналитикалық, маркетингтік, консалтингтік компаниялар және несиелік ұйымдар мен банктер)

Коммерциялық құрылымдар кәсіпкерлік субъектілерін қолдауды тікелей жүзеге асырмайды, бірақ дамуына жанама түрде айтарлықтай ықпал етеді. Оларға екінші деңгейдегі банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес ұйымдар, консалтингтік компаниялар, маркетингтік және ақпараттық – аналитикалық орталықтар жатқызылады.

Кәсіпкерліктің тиімді дамуы үшін қаржы – несиелік және инвестициялық қолдау жүйесінің маңызы жоғары. Осы бағытта қолдау көрсету үшін мынадай мекемелер тартылады:


  • Коммерциялық банктер;

  • Микронесиелік ұйымдар;

  • Несиелік серіктестіктер;

  • Лизингтік компаниялар.

Коммерциялық банктер мен лизингтік компаниялар жөнінде алдыңғы бөлімдерде қарастырылғандықтан микронесиелік ұйымдар мен несиелік серіктестіктер жөнінде ғана қысқаша тоқталайық.

Микронесиелеу – кәсіпкерлік бастаманы дамытуға, халықтың экономикалық белсенді бөлігінің өзін – өзі жұмыспен қамтуына бағытталған несиелеудің бір нысаны. Микронесиелік ұйым деп белгіленген мөлшерде микронесиелер беру қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға. Қазақстан Республикасының “Микроқаржы ұйымдары” туралы заңына сәйкес, бір қарыз алушыға сегіз мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде ғана микронесиелер бере алады.

Несиелік серіктестік – жеке және заңды тұлғалар өз қатысушыларының несиелерге және басқа қаржылық қызмет көрсетуге деген қажеттіліктерін олардың ақшаларын жинақтау жолымен және тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен қанағаттандыру үшін құрған заңды тұлға. Несиелік серіктестіктер жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер нысанында құрылтай шарты негізінде құрылады және өз жарғысына сәйкес әрекет етеді. Серіктестікке қатысушыларының саны үштен кем болмауға тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет