Рет №
|
Ресми құжат (заңнамалық база, стратегиялар, бағдарламалар, жолдаулар)
|
Кәсіпкерлікті дамыту мен мемлекеттік қолдау жөніндегі міндеттер
|
1
|
2
|
3
|
1
|
Қазақстан Республикасының Конституциясы
|
Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.
|
2
|
Қазақстан
Республикасының
Азаматтық Кодексі
|
Мемлекет кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді.
|
3
|
ҚР – ның үдемелі индустриялық – инновациялық дамуының 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
|
Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау, мемлекет пен бизнестің өзара іс –қимылын қамтамасыз ету осы бағдарламаны Республикалық және өңірлік деңгейде іске асырудың негізгі құралы ретінде қарастырылады.
|
4
|
«Қазақстан - 2030» стратегиясы: Барлық Қазақстандықтардың өсіп – өркендеуі, қауіпсіздігі және әл- ауқатының артуы
|
Мемлекет жекеше сектор басты рөл атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін құра отырып, экономикада маңызды, бірақ шектеулі рөл атқаруға тиіс. Бірақ нарық дамымаған, нарықтық кеңістік әкімшілік жүйенің қалдықтарына толған жерлерде мемлекет нарықты дамыту мен ол кеңістікті тазарту үшін араласуға тиіс. Экономиканың өзі тұрақсыз дамудың аралық кезеңінде тұрғанда, мемлекеттің реттеуші рөлі мен араласуы бара-бар болуға тиіс.
|
5
|
ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына жолдауы.
14.12.2012ж.
|
|