«Экономика және қаржы» кафедрасы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарының студенттері үшін



бет44/55
Дата05.04.2022
өлшемі361,63 Kb.
#29996
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   55
Бағдарламаның бағыттары:

1. Жаңа бизнес бастамаларды қолдау

2.Кәсіпкерлік секторды сауықтыру

3.Кәсіпкерліктің валюталық тәуекелдерін төмендету

4.Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту


1.Қаржылық лизинг немесе банктердің несиелері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау (7%); 2.Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру (50%-дан 70%-ға дейін); 3.Гранттық қаржыландыру (3 млн.теңгеге дейін); 4.Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;

1.Пайыздық ставканы субсидиялау (5%); 2.Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімін ұзарту; 3.Кәсіпорынды сауықтыру бойынша мемлекеттік қолдаудың басқа шаралары;

1.Қаржылық лизингті (5%) немесе банктердің несиелері (8%) бойынша пайыздық ставканы субсидиялау;

1.Кәсіби жаңадан бастайтын кәсіпкерлерге қолдау көрсету (старт-ап жобалар); 2.Шағын және орта бизнес топ менеджментін оқыту; 3.Бизнеске сервистік қолдау көрсету; 4. «Іскерлік байланыстар» жобасы;

19 – сурет – «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағыттары



Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағыты экономиканың шикізат емес секторларында жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді. Ол келесілерді қамтиды:

  • жобаларды іске асыру үшін банктердің / лизингтік компаниялардың несиелері бойынша номиналды сыйақы ставкасын субсидиялау;

  • банкетердің/лизингтік компаниялардың жобаларды іске асыруға бағытталған несиелері бойынша ішінара кепілдік беру;

  • мемлекеттік гранттар беру;

  • өндірістік(индустриялық) инфрақұрылымлы дамыту;

Пайыздық ставканы субсидиялау шарттары

  • Банктің сыйақы ставкасын субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа несиелер бойынша жүзеге асырылады.

  • Сыйақы ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын несиелердің/ қаржы лизингі шартының сомасы кәсіпкердің әрбір жеке жобасы бойынша 4,5млрд. теңгеден аспауы тиіс.

  • Субсидиялау мерзімі кейіннен 10жылға дейін (қаржы лизингі шарты бойынша 5 (бес) жылға дейін) ұзарту мүмкіндігімен 3(үш) жылға дейінгі мерзімді құрайды.

  • Өтінім беруші жобаны іске асырудың жалпы құнының 10%-ынан кем емес деңгейде өзінің ақша қаражатының жобаны іске асыруға қатысуын не жобаны іске асырудың жалпы құнының 20%-ынан кем емес деңгейде өзінің жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен жобаны іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.

  • Сыйақы ставкасын субсидиялау 7%-ын мемлекет өтейтін 14%-дан аспайтын сыйақы ставкасы бар банктердің несиелері бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Банктердің несиелері бойынша кепілдіктер беру шарттары

  • Кепілдіктер тек жаңа жобаларды іске асыру үшін берілетін несиелер бойынша, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған іске асырылатын жобалар бойынша ғана беріледі.

  • Кепілдік беру жүзеге асырылатын несиелердің сомасы бір қарыз алушы үшін 4,5млрд. теңгеден аспауы тиіс.

  • Кепілдік мөлшері несие сомасының 50%- ынан жоғары болмауы тиіс. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін кепілдік мөлшері несие сомасының 70%-ынан жоғары болмауы тиіс, бұл ретте несиенің ең жоғарғы сомасы 20 млн.теңгеден аспауы тиіс.

  • Кәсіпкерлер үшін кепілдіктер ақылы негізде ұсынылады.

  • Өтінім беруші жобаны іске асырудың жалпы құнының 10%-ынан кем емес деңгейде өзінің ақща қаражатының жобаны іске асыруға қатысуын не жобаны іске асырудың жалпы құнының 20%-ынан кем емес деңгейде өзінің жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен жобаны іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.

  • Кепілдік беру жүзеге асыылатын несиелер бойынша банктердің сыйақы ставкасы 14%-дан жоғары бола алмайды. Кепілдік беру жүзеге асырылатын несиелер бойынша Даму Банкі сыйақысының ставкасы 13%-дан жоғары бола алмайды.

Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді гранттық қаржыландыру: "Гранттар беру шарттары"

  • Ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне (нысаналы гранттар бірегейлігімен және жаңалығымен ерекшеленетін жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі).

  • Бір кәсіпкер үшін ең жоғары грант сомасы 3 000 000 теңгеден аспайды.

  • Гранттар түріндегі қолдау шараларын қаржыландыру республикалық бюджет қаржаты есебінен жүзеге асырылады.

  • Грант қаражатын мемлекет ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді іріктеу бойынша нысаналы гранттар ұсынуға арналған конкурс қорытындылары негізінде жергілікті атқарушы органдар арқылы ұсынылады . Бұл ретте ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін " Бизнес- кеңесшісі" экспресс-курстарында қысқа мерзімді оқудан өтуі конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет