«Экономика және қаржы» кафедрасы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарының студенттері үшін


Тақырыпты пысықтауға арналған сұрақтар



бет20/55
Дата05.04.2022
өлшемі361,63 Kb.
#29996
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55
Байланысты:
file-8557

Тақырыпты пысықтауға арналған сұрақтар
1) «Коммерциялық құпия», «кәсіпкерлік құпия», «қызметтік құпия» түсініктерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтаңыз.

2) Кәсіпорынның қандай құжаттары мен мәліметтері коммерциялық құпия болып табылады.

3) Қандай мәліметтер коммерциялық құпия болып табылмайды.

4) Коммерциялық құпияны қорғауды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар әзірлеңіз

5) Коммерциялық құпияны жариялағаны үшін қандай жауапкершілікке тартылады.

9. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігі

9.1 Кәсіпкерлер жауапкершілігінің мәні, түрлері және пайда болу шарттары

Кәсіпкерлердің жауапкершілігі деп мемлекеттің, қызметкерлердің, клиенттердің, шаруашылық жүргізу субъектілерін құқықтарын бұзуга, орындалмаған (келісімшарттық) міндеттемелерді қалпына келтіруге бағытталған белгілі бір іс-әрекеттерді жасау қажеттілігін, міндетін түсінеді. Сәйкесінше, шаруашылық жүргізуші әріптестер, мемлекеттік органдар кәсіпкерлердің құқықтарын бұзатын шешімдерді қабылдаған және келісімшарт міндеттемелерін орындамаған жағдайда кәсіпкерлердің алдында жауапты болады. Келісімшарттарды дұрыс орындамау немесе мүлдем орындамау жағдайында және заңмен белгіленген міндеттер мен міндеттемелер орындалмаған кезде жауапкершілік пайда болады.

Кәсіпкерлер өз қызметін жүзеге асыру кезінде орын алған заң бұзушылықтарға байлансыты белгілі бір жауапкершілікке болады. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңында мемлекеттік бақылауды, лицензиялауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың жауапкершілік нысандары мен жалпы шарттары (9-бөлім), жеке кәсіпкерлік суъектілерінің жауаапкершіліктері (10-бөлім), сондай-ақ, дара кәсіпкерліктің жауапкершіліктері (7-бап) белгіленген.

Кәсіпкерлік –құқықтық жауапкершіліктердің ерекшелігі келесілермен сипатталады:



  1. Заңмен беллгіленген тәртіппен тіркелген және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар ғана жауапкершілік субъектілері бола алады (яғни, кез-келген азаматтар емес, кәсіпкерлік мәртебесі бар тұлғалар) ;

  2. Жауапкелшілік субъектісінің экономикалық мүдделеріне ықпал ету, қолайсыз экономикалық салдарлар түрлерінде (мүліктік және мүліктік емес сипаттағы) жауапкершілік туындайды ;

  3. Шаруашылық жүргізу қағидаларын жекелей бұзғаны немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда нақты бұзғаны үшін, сондай-ақ кезең ішінде теріс сипатқа ие болған қызметтің жалпы нәтижелері (оң нәтижеге жете алмағаны үшін) үшін жауапкершілік пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет