8.2 Коммерциялық құпияны қорғау жүйесі және құпияны жариялағаны үшін қолданылатын іс-шаралар.
Қазіргі кезде ақпарат қаржылық капиталдың қайтымдылығын және еңбек тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін маңызды құралдардың бірі болып табылады. Әрбір кәсіпорында өзіндік ерекшелігіне сәйкес ақпараттар бірнеше түрге бөлінуі мүмкін:
жабық ақпарат;
қызметтік қолданысқа арналған ақпарат;
қол жетімділігі шектеулі ақпарат;
еркін қолданысқа арналған ақпарат.
Кәсіпорын туралы заңды түрде алынғанкез-келген мәлімет коммерциялық құпия болып табылмайды.
Кәсіпкерлік құпияны құрайтын мәліметтер жүйесін дұрыс анықтаудың және оны қорғауды ұйымдастырудың маңыздылығы жоғары. Сондықтан кәсіпкерлік құпияны құрайтын мәліметтердің негізгі тізімін, олардың маңыздылық категориясы бойынша бөлінуін анықтап алу алу керек, сондай-ақ мұндай мәліметтер жария етілген жағдайда, кәсіпорынға келтірілетін зиянның сипаты мен мөлшерін ескерген дұрыс. Бірақ ақпараттарға қол жеткізуге шектеулердің шамадан тыс көп болуы әріптестермен өзара қарым-қатынасты күрделендіре түседі және ақталмаған шығындардың ұлғаюына алып келуі мүмкін. Ақпараттарды қорғау кәсіпкерлік қызметтен түсетін пайданың өсуіне жағдай жасауы тиіс.
Кәсіпорыннан құпия ақпарат төмендегілер арқылы таралуы мүмкін:
мемлекеттік бақылаушы органдардың заңсыз жолмен қол
жеткізуі (мысалы, негізсіз тексеру, заңсыз талап ету т.б.);
бәсекелестердің шпиогаждық тәсілі;
әлеуетті инвесторлардың әділетсіз әрекеттері (мыс. Жаңа
жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін айта отырып ақпараттар алу);
мақсаттарына пайдалануы немесе жариялауы;
ұжымдағы қызметкерлердің өз мақсаттарына пайдалануы немесе
үшінші жаққа беруі (таратуы).
Коммерциялық құпияны жариялаудың теріс салдарлары көп. Сондықтан әрбір кәсіпорында құпияны қорғау жүйесіне ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Коммерциялық құпияны қорғау үшін, ең алдымен, мұндай мәліметтерді жариялауға шектеулер қою қажет. Ол үшін кәсіпорында белгілі бір құжаттар дайындап, бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруы керек:
Біріншіден, коммерциялық құпияны құрайтын құпия сипатқа ие болатын мәліметтер тізімін анықтау қажет;
Екіншіден, коммерциялық құпияны қорғау қалай жүзеге асырылатындағы жөнінде ереже дайындау қажет. Яғни, құпия мәліметтермен жұмыс жасауға кімдер құқылы, оны бақылау құқығы кімге берілген, коммерциялық құпияны жариялаудағы жауапкершілік т.б.
Үшіншіден, әзілленген құжаттар негізінде лауазымдық нұсқаулықтарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет;
Төртіншіден, кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне хабарлай отырып, жауапкершілік пен жазалау мәселесін қатаң ескерту қажет;
Бесіншіден, коммерциялық құпияны сақтау үшін қажетті барлық жағдайлар жасалуы тиіс.
Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғалары коммерциялық құпияға жатқызылатын мәліметтерді жарияламауға міндетті. Бірақ заңнамалық актілермен қарастырылған жағдайларда мемлекеттік органдардың ақпараттарды жариялауы коммерциялық құпияны жариялау болып есептелмейді.
Коммерциялық құпияны қорғауды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды шартты түрде ішкі және сыртқы деп бөлуге болады. Олар өз кезегінде құқықтық, ұйымдастырушылық, техникалық және психологиялық болып бөлінеді. Осы аталғандарды сурет (17-сурет) түрінде көрсетуге болады.
Құпиялылықты қамтамасыз етудің іс-шараларының әсері, негізінен,кәсіпорын персоналына бағытталған . Коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтермен жұмыс жасайтын жұмыскерлер мыналарға міндетті болып табылады:
жұмыс бойынша оларға белгілі коммерциялық құпияны сақтауға
және белгіленген тәртіппен рұқсат етілмейінше жарияламауға;
коммерциялық құпияны сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі
бұйрықтар, ережелер, нұсқаулар талаптарын орындауға;
бөгде адамдар олардан коммерциялық құпия болып табылатын
ақпаратты алуға әрекет жасаған жағдайда, тиісті лауазымды тұлғаға немесе кәсіпорынның тиісті бөлімшесіне тез арада хабарлаға;
іскерлік қатынастар жасайтын шаруашылық субьектілердің
коммерциялық құпияларын сақтауға;
жұмыстан босаған жағдайда олардың иелігінде болған
коммерциялық құпия болып табылатын ақпараттардың барлығын (қолжазбалар, сызбалар, суреттер, дискілер, дискеталар, флешкалар, кино-фото пленкалар т.б.) тиісті лауазымды тұлғаға немесе бөлімшеге өткізуге.
Әдетте, мұндай міндеттемелер еңбек шартын жасасу кезінде жазбаша түрде берілетін болады.
Коммерциялық құпияның құпиялылығын қамтамасыз етудің сыртқы іс-шаралары сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, валюталық-қаржылық және басқа да іскерлік байланыстарды жүзеге асыру кезінде қажет. Ол үшін келісімге келген тараптар коммерциялық құпиянықұрайтын мәліметтердің сипаты, құрамы, сондай-ақ оны сақтаудың өзара міндеттемелері жөнінде арнайы келісім жасауы тиіс. Шетелдік әріптестермен келісім-шарт жасалған елдің заңнамаларына сәйкес келу керек.
Коммерциялық құпияны сақтауды қамтамасыз етудің құқықтық іс-шараларының басқа іс-шараларға қарағанда маңыздылығы жоғары және оларды тиімді қолдануға септігін тигізеді. Құқықтық іс-шараларды іске асырудың алғашқы қадамы коммерциялық құпияны сақтауды қамтамасыз ету бойынша ережелер қабылдау болып табылалы. Бұл ережеде келесілер анықталады:
коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер құрамы мен
көлемі;
коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерге жұмыскерлердің
және қызметке қосымша тартылатын адамдардың қол жетімдігін қамтамасыз ету тәртібі;
коммерциялық құпия болып табылатын бұйымдарды,
ақпараттарды, құжаттарды пайдалану, есепке алу, сақтау және таңбалау жағдайы;
коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану
жағдайына бақылауды ұйымдастыру;
коммерциялық құпияны жариялаған жұмыскерлерге тәртіптік
және материалдық ықпал етудің заңда қарастырылған іс-шараларын қолдану жағдайы;
құпияны сақтауды қамтамасыз ету жауапкершілігін жүктеу.
Жоғарыда аталған ережені қабылданғаннан кейін, коммерциялық құпияны сақтаудың ұйымдастырушылық іс-шараларын әзірлеуге болады.
Коммерциялық құпияны
қорғауды қамтамасыз ету
Ішкі
Сыртқы
Құқықтық
Психологиялық
Ұйымдық
Техникалық
1. Коммерциялық құпяиның сақталуын қамтамасыз ететін ереже қабылдау.
2. Толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасасу.
3.Коммерциялық құпияны жарияламау жөнінде және оның жауакершілігін ескертетін қолхат алу
1. Арнайы бөлімшелер құру.
2. Құпия іс-қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру.
3. Құпиялықты қамтамасыз етуге жауапты адамды тағайындау.
4. Ақпаратқа қол жеткізудің рұқсат ету жүйесін әзірлеу.
1. Ақпараттың таралуы мүмкін көздерін анықтау.
2. Ақпаратты сақтау үшінарнайы құралдар мен бағдарлама – өнімдерді сатып алу және монтаждау
3. Ақпараттың таралу каналдарын іздеу және техникалық қорғау бойынша жүйелі түрде жедел іс шаралар жүргізу
1. Персоналдар мен әріптестермен және түтынушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
2. Ұжымда қолайлы жағдай жасау.
3. Күмәнді адамдарды анықтаумен байланысты тұрақты түрде тексерістер жүргізу
17 – сурет – Кәсіпорынның коммерциялық
ақпаратын қорғауды қамтамасыз ету
Шешімін табуы тиіс айтарлықтай маңызды мəселелердің бірі коммерциялық құпияны қорғау бойынша аталған іс-шаралардың барлығын кім жүзеге асыратындығын анықтау болып табылады. Əрине, мұдай міндеттемелерді орындау жеткілікті теориялық жəне тəжірибелік білімдері бар жоғары білікті мамандарға тапсырылады. Ірі кəсіпорындарда коммерциялық құпияны қорғауды қамтамасыз ету үшін арнайы бөлімше құрылуы мүмкін. Мұндай бөлімшелер тек ірі кəсіпорындарда ғана емес, коммерциялық қызметпен айналысатын барлық кəсіпорындарда құрылғаны дұрыс. Кез-келген кəсіпорында құпия мəліметтер болады, олардың айырмашылығы қорғау іс-шараларының көлемінде ғана. Банктер, корпороциялар, холдингтер, ірі зауыттар сияқты шаруашылық субьектілерде мамандырылған арнайы бөлімше құрылса, орта жəне шағын кəсіпорындарда бірнеше жауапты қызметкерлер ғана анықталуы мүмкін.
Коммерциялық құпияны қорғауды ұйымдастыру кезінде оның экономикалық тиімділігіне де көңіл бөлу қажет. Сондықтан мынадай екі жағдайды ескеру керек:
1) құпияны сақтауды қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындар коммерциялық құпия жария болған жағдайда, болуы мүмкін экономикалық зиянмен салыстырғанда аз болуы тиіс;
2) коммерциялық құпияны сақтауды қамтамасыз етудің жоспарланған іс-шаралары кәсіпкерлік қызметтің экономикалық тиімділігін арттыруғасептігін тигізуі қажет.
Коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты қорғау барысында кәсіпорын мынадай міндеттерді шешуі қажет: Бірінші, ол өз қызметі жөнінде тұтынушылар және жабдықтаушыларды ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз етуі және жарнамалауы қажет. Екінші, кәсіпорын қызметінің көптеген аспектілерін жарнамалау үшін, оның нақты ақпараттық мәліметтерін ашық пайдаланбау мүмкін емес. Бұл жағдайда кәсіпорынның коммерциялық құпиясын ашу проблемасы туындайды.
Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңының 11-бабында (Жеке кәсіпкерлік субьектісі туралы ақпаратты қорғау) коммерциялық құпияны қорғаудың құқықтық негіздері қарастырылған. Осы заңға сәйкес, коммерциялық құпияны қорғау коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз алуға, таратуға не пайдалануға тыйым салудан тұрады.
Жеке кәсіпкерлік субьектісі коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа еркін қол жеткізуге құқығы бар адамдар тобын айқындайды және оның құпиялылығын қорғауға қатысты шаралар қолданады. Сонымен қатар, ақпаратты қолжетімділік санатына жатқызу тәртібін, коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты сақта және пайдалану шарттарын айқындай алады.
Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз әдістермен алған, жария немесе пайдаланған адамдар келтірілген залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуге міндетті. Жеке кәсіпкерлік субьектісі немесе ол уәкілеттік берген адам өз қызметкерлерінен коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу туралы қол қоюын талап етуге, ал оны тексеруді жүзеге асыратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы ескертуге құқылы.
Міндетті түрде жариялануға не акционерлердің, шаруашылық серіктестік қатысушыларының немесе өзге де белгілі бір адамдар тобының назарына міндетті түрде жеткізуге жататын ақпараттың тізбесі кәсіпкерлік субьектісінің құрылтай құжаттарымен белгіленеді. Кәсіпкерлік субьектісі коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты бермеуге құқылы. Ол өзінің жұмыскерлеріне, акционерлеріне, үлескерлерге және басқа да сәйкес тұлғаларға жалақыларының, шарт бойынша сыйақылардың, авторлық гонорардың, дивиденттердің дұрыс есептелгенін тексеруге және олардың пайдадағы, мүліктегі үлесін анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтерлі ұсынуға міндетті болып табылады.
Мемлекеттік орган өзіне жүктелеген функцияларды іске асыру барысында алған кәсіпкерлік субьектісі туралы кез келген ақпарат жария етілмеуі және таратылмауы тиіс. Заңды күшіне енген сот шешімі бар ақпаратты қоспағанда, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты кәсіпкерлік субьектісінің келісімінсіз жария етуге болмайды. Жеке кәсіпкерліктің нақты субьектісінің қызметі туралы мәліметті ашпайтын жинақталған ақпарат жалпыға қолжетімді болып табылады.
Құқық қорғау органдары прокурор санкциясы, тереу органдарының ие болмаса сот қаулысының негізінде жеке кәсіпкерлік субьектсінен де, мұндай ақпарарқа ие мемлекеттік органдардан да қажетті ақпаратты, соның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпараты сұратуға және алуға құқылы.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 26-бабына сәйкес, үшінші жаққа белгісіз болуына байланысты ақпараттың нақты немесе әлеуетті коммерциялық құны болып, онымен заңды негізде ерін танысуға болмайтын және ақпаратты иеленуші оның құпиялылығын сақтауға шара қолданатын жағдайда, қызметтік немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат азаматтық заңдармен қорғалады. Мұндай ақпаратты заңсыз әдістермен алған адамдар, қызметшілер немесе контрагенттер қызметтік немесе коммерциялық құпияны жария етсе, келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |