«Экономика және қаржы» кафедрасы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарының студенттері үшін


Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы



бет22/55
Дата05.04.2022
өлшемі361,63 Kb.
#29996
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55
Байланысты:
file-8557

10 Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы

10.1 Кәсіпкерлік мәдениетінің мәні мен мағынасы

Кәсіпкерлік мәдениет кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ажырамас бөлігі болып табылады. Ол мәдениеттің жалпы түсініктеріне негізделеді және онымен тығыз байланыста. Мәдениет – адамдардың өндірістік, қоғамдық және рухани қажеттіліктерінің жиынтығы.

Кәсіпкерлік мәдениет – субъектілердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы белгілі бір қалыптасқан қағидалары, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы. Құқықтық және этикалық нормалардың көрінісі ретінде кәсіпкерлік мәдениет мемлекетпен, қоғаммен,тұтынушылармен, қызметкерлермен, әріптестермен, бәсекелестермен қарым-қатынасты қамтиды, сондай-ақ кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін құқықтық актілер, стандарттар, ережелер мен нормаларды сақтауды білдіреді.

«Кәсіпкерлік мәдениет» түсінігінің мазмұны мынадай 3 құрамдас бөлік (компонент) арқылы анықтауға болады:

1) кәсіпкердің бизнестің құндылықтары туралы түсінігі. Әрбір кәсіпкер белгілі бір түрде бизнестің мақсаттарын айқындайды. Оның маңыздылығы мен құндылығын бағалаудың өзіндік шкаласы болады, соған сәйкес тұтынушылар, клиенттер, тауарына деген қажеттіліктер, тауарының сапасы, күтілетін табыстар мен пайдалар туралы талқыға салады;

2) кәсіпкерлік қызметті жоспарлау мен жүзеге асыру кезіндегі мінез-құлық (іс-әрекет) нормалары мен ережелері. Мысалы, көп табыс әкелетін маңызды клиенттерге жоғары дәрежеде қызмет көрсету ережесіне олармен үнемі байланыста болу, олардың қалаулары мен тілектерін ескеру, оларға қажетті тауарларды белсенді түрде ұсыну, сатудан кейінгі қызмет көрсету кіреді;

3) кәсіпкердің нақты іс-әрекеті, соның нәтижесінде кәсіпкер әзірленген ережелер мен мәдени мінез-құлық нормаларын іс-жүзінде асырады.

Кәсіпкер мәдениетінің негізгі элементтеріне мыналар жатқызылады:



  • кәсіпкерлік қызметтің заңдылығы;

  • міндеттер мен міндеттемелерді мінсіз орындау;

  • кәсіпкерлік субъектілерінің өз бизнесін адал жүргізуі, адамдармен, тұтынушылармен, әріптестермен, мемлекетпен адал қарым-қатынаста болу;

  • кәсіпкерлердің жалпы этикалық нормаларды сақтауы;

  • кәсіпкерлік қызметтің қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталуы;

  • кәсіпкерлік іс-әрекетті болжау мүмкіншілігі.

Кәсіпкерлік қызметтің мәдениеті кәсіпорынның әрбір қызметкерінің мәдениетіне және, берінші кезекте, кәсіпорын басшысының ұйымдық мәдениетіне байланысты болып келеді.

Кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениеті ішкі факторлар арқылы анықталады:



  • кәсіпкерлік қызметтің пәні және оны ұйымдастыру жағдайы;

  • меншік иелері мен қызметкерлердің мотивациясы;

  • кәсіпорын басшылары мен жалдамалы жұмыскерлердің өзара қарым-қатынас механизмі, басқарушылық мәдениет деңгейі;

  • нарықта жетекші орынға ие болуға мүмкіндік беретін ерекше басқару стилінің болуы;

  • кәсіпорын басшылары, менеджерлері мен қызметкерлерінің жоғары кәсіби құзыретттілігі және оларды оқыту мүмкіншілігі;

  • кәсіпорын жетуге ұмтылатын құндылықтар туралы нақты әрі айқын түсініктер жиынының болуы;

  • кәсіпорын қызметінің жоғары тиімділікке бағытталуы және ұсынылатын тауарлар мен қызметтер сапасы;

  • тұтынушыларға анық және сапалы қызмет көрсетуі, тұтынушылармен жақсы, өзара қарым- қатынастарда болуы;

  • қызметкерлердің ұйым мүдделеріне берік болуы, ұйымның көздеген мақсаттарға жетуі барысындағы олардың өз рөлінің қаншалықты маңызды екендігі туралы ақпарат алуы;

  • қажетті санитарлық гигиеналық және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау.

Кәсіпкерлік мәдениет кәсіпкерлік ұйымдардың ішкі және сыртқы мәдениеттерінен тұрады. Ішкі мәдениет фирма ішіндегі бизнеске қатысушылардың өзара қарым- қатынасын көрсетеді. Сыртқы мәдениет кәсіпкерлердің өз қызметін жүзеге асыру кезінде байланысқа түсетін жеткізушілеріне, тұтынушыларына, сатып алушыларына қатысты мәдени мінез- құлық ережелерін сақтауды білдіреді.

Кәсіпкерлік мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы мынадай екі жолмен жүзеге асырылады:



  • біріншіден, алға қойылған мақсаттарға айтарлықтай нәтижелі жетуге мүмкіндік беретін мәдени дәстүрлерді қолдау арқылы өткен және қазіргі тәжірибені зерттеу негізінде табиғи жолмен жүзеге асырылады;

  • екіншіден, мінез-құлық пен іс-әрекеттің белгілі –бір кешендерін күштеп енгізу арқылы мақсатты түрде қалыптастырылады.

Келесі жағдайларда кәсіпкерлік мәдениет әлсіз деп саналады:

  • мақсаттарға жету құралдары мен құндылықтар жүйесі туралы айқын түсінік болмағанда;

  • стратегиялық және тактикалық мақсаттар болмаса;

  • ұжым мүшелері ортақ келісімге келе алмаса және әртүрлі көзқарастар қайшылығы туындаса;

  • ортақ құндылықтарды дамыту үшін басшылар ешкандай әрекет жасамаса.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет