«Экономика және бизнес» пәнінен дәріс жинағы


Таза қаржылық шығындар тәуекелі



бет61/63
Дата05.03.2023
өлшемі465,86 Kb.
#71661
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
«Ýêîíîìèêà æ?íå áèçíåñ» ï?í³íåí ä?ð³ñ æèíà?û

Таза қаржылық шығындар тәуекелі – инвестициялық жобаның іске асыруына немесе жартылай іске асуына байланысты тәуекел.
Кәсіпорын тәуекелдері қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Ұзақ мерзімді тәуекел кәсіпорын болашақтағы дамуымен байланысты болады, оған өндірістік дамуға кеткен дәлелсіз аз мөлшеріндегі төлемдер, кадрлық саясатты көтеруге кеткен шығындар.
Қысқа мерзімді тәуекел міндетті емес контрагенттер таңдауға, нарық конъюктурасындағы есептеуді ұйымдастырудағы тиімсіз формаларын таңдаудағы шығындар.
Тәуекелді азайту тәсілдері
Кәсіпкерлік тәуекелді бағалау үшін келесі әдістерді пайдаланады: статистикалық: эксперттік: есептеу-аналитикалық. Статистикалық әдіс белгілі бір кәсіпорында немесе соған ұқсас кәсіпорындарда мүмкіндік жағдайларды, тәуекел көлемін анықтау мақсатында жоғалтулар мен кіріс статистикасын оқып білу. Мүмкіндік дегеніміз белгілі бір нәтиже алу мүмкінділігі. Мысалы: жаңа тауардың нарыққа сәтті енуі.
Тәуекел көлемі 2 көрсеткішпен сипатталады: орташа күтілген мағына мен мүмкін болу қорытындысының ауытқымалылығы.
Орташа күтілген мағына белгісіз жағдайлармен байланысты, мүмкін болушы қорытындылардың орташа есептелген көлемі түрінде анықталады.
Эксперттік бағалау әдісі эксперт - мамандардың тәуекелдің болу мүмкіндігі жөнінде пікірлесуде негізделген. Эксперттің білімі мен тәжірибесі негізінде берілген сипаттамалар көп жағдайда нақты баға береді. Эксперттық әдіс көбінесе көп мөлшерде уақытша және еңбек ш ығындарын жұмсамай аяқ басқару шешім қабылдау үшін ақпарат алуға мүмкіншілік береді.
Есептеу аналитикалық әдіс жаңа жобаның тәуекелдерін талдауда көбінесе пайдаланады. Жоба тірі организм ретінде өзінің арнайы даму сатыларымен қарастырылады. Жобаның өмірлік циклі келесі этаптардан тұрады: өндеу этапы, нарыққа шығару этапы, өсу этапы және құлау этапы. Жобаның өмірлік циклін зерттей отырып әрбір бір этаптары жөнініде ақпарат алуға, кейінгі керек емес себептерді анықтауға, тәуекел дәрежесін бағалауға болады. Бірақта тәжірибеде ондай қажетті ақпарат жинау өте қиын.
Кәсіпкерлік қызметті жүргізу барысында көп жағдайлар анықталмаған сипатта болады. Оның негізгі бағыттары тауар өндіру, сату, өткізу кезеңдерінде кәсіпкер зиян көруі немесе материалдық, қаржылық зардап шегуі мүмкін. Бұл тәуекелдікті анықтайды. Кәсіпкер өз қызметін бастамас бұрын тәуекелдік деңгейін анықтап, шешім қабылдауы қажет.
Кәсіпкерлік тәуекелдік деп – кәсіпкердің болашақта өз ресурстарын, табысынан, қаржысынан айырылу мүмкіндігін көрсетеді. Кәсіпкерлік тәуекелдіктің келесі бөліну түрлері қарастырылады.





Бөліну түрлері

Тәуекелдік түрлері

1.

2.
3.


4.
5.

Кәсіпкерлік қызметіне қарай

Көлеміне қарай


Қайнар көзіне қарай
Пайда болу сферасына қарай
Сақтандыру мүмкіндігіне қарай

өндірістік, коммерциялық, қаржылық, ақпараттық
жергілікті, салалық
субьективті, обьективті
ішкі, сыртқы
сақтандырылған, сақтандырылмаған

Кәсіпкерлік қызметіне қарай тәуекелділік келесі түрлерге бөлінеді:
Өндірістік тәуекелдік – тауарлар мен қызметтерді өндіру процесімен тікелей байланысты. Ол өндірістің тоқтауы, негізгі өндірістік қорлардың істен шығуы, айналым қорларының жоғалуы немесе зақымдануы, шикізат пен құралдардың уақытылы жеткізілмеуіне байланысты.
Коммерциялық тәуекелдік – тауарлар мен қызметтерді сатумен байланысты нарықтағы өзгерістер арқылы анықталады.
Қаржылық тәуекелдік – ол банктер мен қаржылық институттармен байланысты тәуекелдік.
Ақпараттық бұл – кеңес беру, ақпаратпен қамсыздандырумен байланысты.
Көлеміне қарай тәуекелділік келесі түрлерге бөлінеді:
Жергілікті тәуекелдік – жеке фирмалардың тәуекелдігі, ал салалық тәуекелдік белгілі бір салаға байланысты тәуекелдік.
Пайда болу табиғатына қарай тәуекелділіктің бөліну түрлері:
Субьективті тәуекелділік – кәсіпкердің жеке басының қасиетіне байланысты болатын тәуекелдік. Тәжірибенің, қаржысының болмауы, ұйымдастырушылық қабілетіне, адамдар мен қарым – қатынасына байланысты анықталады.
Обьективті тәуекелділік – сыртқы жағдайларға байланысты болатын тәуекелдік. (ақпараттың жеткілісіз болуы, стихиялық немесе форс – можорлық жағдайларға байланысты, нарықтағы өзгерістер, инфляция деңгейі, салық салудағы өзгерістер).
Пайда болу сферасына қарай тәуекелділіктің бөліну түрлері:
Сыртқы тәуекелдік – экономикалық саясаттағы күтпеген өзгерістердің болуынан пайда болады.
Ал ішкі тәуекелдік – тиімсіз менеджмент, қате маркетингтік саясат, фирманың ішкі келеңсіз жағдайлардың болуынан пайда болады.
Сақтандыру мүмкіндігіне қарай тәуекелділіктің түрлері:
Сақтандыруға мүмкін болатын тәуекелдік – сандық өлшеуге және анықтауға болатын жағдайларды ұйымдардың сақтандыруға міндеттеме алуы;
Сақтандыруға мүмкін емес тәуекелдік – оның деңгейі мен болжамы туралы ешқандай ақпарат жоқ, ол үлкен тәуекелдіуті қажет етеді және оны сақтандыруды өз мойнына алуға ұйымдардың батылы жетпейді.
2. Кәсіпкерлік тәуекелдік деңгейіне әсер етуші факторлар
Кәсіпкерліктегі тәуекелдік белгілі бір факторлардың әсерінен болады. Бұл жағдайлар ішкі және сыртқы факторлар әсерінен пайда болады. Бірінші жағдайда кәсіпкер тиімді менеджментті қолдану арқылы тәуекелдікті азайтуға мүмкіндігі болады. Ал екінші жағдайда ол тәуекелдік деңгейіне ешқандай өзгеріс енгізе алмайды.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік үшін тәуекелділік негізгі элемент болып табылады. Егер де кәсіпкер өз уақтысында тәуекелділікке бара білсе, онда ол сол ісі үшін сый ақыға ие болады.
Тәуекелділік деп анықталмаған жағдайда іс-әрекет етуді атайды немесе тәуекелділікке бел буу деген сөз бар. Тәуекелділіктің негізгі ерекшеліктері – анықталмаған жағдай, күтпеген жағдай, сенімсіздік және жетістік болады деп болжау. Егер де, елде саяси және экономикалық жағдайлар тұрақсыз болса, онда тәуекелділік деңгейі жоғарылайды. Тәуекелділіктің негізгі екі қызметі қарасытырылады: ынталандырушы және қорғаушы.
Ынталандырушы қызметі екі аспектіден тұрады: конструктивті және деструктивті. Бірінші жағдайда тәуекелділік инновациялық-инвестициялық шешім қабылдауда тұрақтандырушы қазметін атқарады, ал екінші жағдайда ол жүзеге аспай қалуы да мүмкін, бірақ кәсіпкер оған шүбә келтірмейді.
Қорғаушы қызметі де екі аспектіден құралады: тарихи-генетикалық және әлеуметтік-құқықтық. Бірінші жағдайда адамдар мүмкін болатын қолайсыз жағдайлардан қорғану әдстерін іздейді, ол үшін кәсіпкерлік тәуекелділікті сақтандыру қажет. Ал екінші жағдайда мүмкін болатын тәуекелділікті реттеу қажет болады.
Кәсіпкерлік тәуекелділік келесі ерекшеліктерімен сипатталады:

  • қарама-қайшылық;

  • салыстырмалылық;

  • анықталмағандық.

Қарама-қайшылық сипат тәуекелділіктің бір жағынан экономикалық, саяси, рухани, танымдық жағынан ғылыми-техникалық прогресстің дамуына мүмкіншілік берсе, екінші жағынан дұрыс шешім қабылданбаған жағдайда зиян келтіруі мүмкін.
Салыстырмалылық шешім қабылдаудың бірнеше варианттарынан біреуін таңдау мүмкіншілігін көрсетеді. Егер таңдау болмаса, онда тәуекелділік жағдай да болмас еді.
Анықталмағандық дегеніміз кәсіпкер алдағы уақытта не болатынын дәл білмейді, тек болжамды шамамен ғана анықтайды.
Әлемдік ғылымда кәсіпкерлік тәуекелділіктің классикалық және неоклассикалық теориялары қалыптасқан. Кәсіпкерлік тәуекелділіктің классикалық теориясында тәуекелділікті мүмкін болатын шығындардың математикалық күтімі арқылы анықтайды.
Тәуекелділік ол қабылданған шешімге байланысты пайда болатын шығынмен байланысты.
ХХ ғасырдың 30-шы жылдары ағылшын экономистері А.Маршалл мен А.Пигу кәсіпкерлік тәуекелділіктің неоклассикалық теориясын ұсынды. Мұнда кәсіпкер белгілі бір шешім қабылдау барысында екі критерияны ескеруі қажет, олар:

  • күтілген пайда мөлшері

  • пайданың мүмкін болатын өзгерістері.

Бұл теорияға сәйкес кәсіпкер шекті пайдалылық концепциясына негізделіп шешім қабылдайды, яғни ең үлкен пайда алуы мүмкін вариантты таңдайды. Сонымен, тәуекелділік, ол кәіпкердің болашақта қосымша шығындалу мүмкіндігі немесе болжамдалған табыс мөлшерінен аз табыс алып қалу мүмкіндігін білдіреді.
Кәсіпкерлік тәуекелділікті анықтау жолдарын үш топқа бөліп қарастыруға болады, олар:
1. тиімді басқару теориясына сәйкес адамдардың кез келген қызметі тәуекелділікпен байланысты, себебі барлық жағдай анықталмаған сипатта. Бұл бағытта тәуекелділіктің келесі қасиеттері қарастырылады:
1. жалпы қасиетке ие болуы арқылы тәуекелділік бір ғана қызметпен байланысты емес , ол барлық қызметті қамтитынын анықтаймыз. Белгілі бір тәуекелділік жағдай орын алған кезде бір адамдар оны қорқынышпен қабылдап, мүлкінен айрылып қалуға қауіптенеді, ал біреулері осыдан пайда тапсам деп үміттенеді, ал біреулері физикалық қорқыту арқылы материалдық игіліктерді иемденуді көздейді.
2. жүйелілік теориясы бойынша тәуекелділік кез келген мақсатты іс-әрекетпен байланысты.
3.әлеуметтік-экономикалық динамика теориясы бойынша тәуекелділік деңгейін бағалауға және болжауға болады.
2. Тәуекелділікті анықтаудың екінші бағыты оны регрессивті потенциал нәтижесі деп қарастырады. Мұнда тәуекелділіктің келесі сипаттарына ерекше көңіл бөлінеді:
- бұрынғы уақытта қажетті болған қасиеттерінің, сапасының, материалдық және рухани құндылықтардың ескіруі және қайта қалпына келмеуі;
- жаңа қасиеттердің, материалдық және рухани құндылықтардың пайда болуы, бірақ олардың болашақтағы жай күйінің беймәлім болуы;
- жаңа кәсіпорындарды құру, технологияларды қолдану арқылы қауіпсіздік жағдайды азайту;
- өндірістік потенциал өсуімен қатар экологиялық мәселелердің өршуі т.б.
3.Тәуекелділікті анықтаудың үшінші бағытында тәуекелділік шаруашылық қызметінің нәтижесінің анықталмаған жағдайы ретінде қарастырылады. Мұнда тәуекелділіктің келесі ерекшеліктері қарастырылады:
- теңсіздік;
- иерархиялық;
-кешенділік.
Процесстердің бірқалыпты жағдайда болмауына байланысты теориялар тәуекелділіктің пайда болуы мен қалыптасуына зерттеулерді терең жүргізуге мүмкіндік берді. Қалыпты жағдайда тәуекелділік ауытқу ретінде қарастырылса, бір қалыпты емес жағдайда оның себептерін толық анықтауға болады. Мұнда кәсіпкерлік тәуекелділік кәсіпкердің күткен нәтижесінің сәйкес келмеуі, ауытқуы, мақсатына жетпеуі ретінде қарастырылады. Мақсатқа жету барысында өте көп шешім қабылдауға тура келеді, бірақ соның ішінде аз шығынмен, көп қайтарыммен болатын шешімді дәл табу мүмкін емес, сондықтан ол тәуекелділік жағдайды дамытады. Шешім қабылдауда варианттардың көп болуы, теңсіздік жағдайды болдырады.
Тәуекелділікті басқару барысында оларды кездейсоқ және иерархиялық деп бөледі. Бірінші жағдайда ағымдық жағдайлармен анықталса, ал екінші жағдайда ол билік органдарымен байланысты. Себебі, кәсіпкер белгілі бір макроортада іс-әрекет етеді және сыртқы орта жағдайларын міндетті түрде ескеруі қажет. Мысалы, өз стратегиясын құру барысында үкіметтің саясатын, инфляция деңгейін, еңбек нарығындағы жағдайларды ескеру қажет болады.
Тәуекелділікті кешенді зерттеу арқылы олардың жеке әсерін емес, барлық жағдайдағы әсерін қарастыруға болады. Мысалы, бағалы қағаздарды сатып алу барысында біреуін көп мөлшерде алса, онда тәуекелділік деңгейі жоғары болады, ал егер портфельде бірнеше бағалы қағаз болса, онда тәуекелділік деңгейі біршама төмендейді және шығын аз болады.
Кәсіпкерлік қызмет барысында көптеген шешімдер тәуекелділік жағдайда қабылданады. Бірақ, менеджер, егер жоғары пайда болмаса, көбінесе тәуекелділікке бармайды. Бірақ тәуекелділік жағдайда да одан қашуға болмайды, тек оны дер кезінде анықтап, оған дұрыс баға бере білу қажет. Тәуекелділікті басқару ол тәуекелділік жағдайды басқару болып табылады және сол арқылы кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады.
Басқару және тәуекелділік экономикалық жүйенің бір-бірмен байланысқан элементтері болып табылады. Көбінесе кәспкерлер өз ішкі сезіміне, тәжірибесіне сүйеніп, тәуекелділікті дер кезінде анықтап, оны алдын алып отырады, бірақ ол әрқашан орындала бермейді, сондықтан тәуекелділікті басқарудың ғылыми әдістерін қолдану қажет. Жалпы тәуекелділікті басқару келесілерді қамтиды: тәуекелділік жағдайдағы кәсіпкерлік қызметтің мүмкін болатын нәтижесін анықтау; тәуекелділік факторларына баға беру; тәуекелділік деңгейін азайту арқылы табысты жоғарылату. Тәуекелділікті басқару стратегиясы мен тактиканы құру арқылы жүзеге асырылады. Және оларды құру барысында тәуекелділікті басқарудың келесі әдістері қолданылады:
1 әдіс – тәуекелділікті алдын алу. Бірақ ол сыртқы факорлармен байланысты пайда болатын тәуекелділікпен байланысты емес, кәсіпкер ішкі факторларды басқару арқылы тәуекелділік деңгейін азайта алады.
2 әдіс - тәуекелділікке әсер етущі факторлардың деңгейін азайту. Ол үшін кәсіпкер келесі іс-шараларды жүзеге асыруы қажетті: жоспарлау сапасын жақсарту, өндірісті тиімді ұйымдастыру және басқару; икемді технологияларды қолдану және резервтік қор құру; мемлекеттік реттеуді жақсарту; стратегияны дұрыс таңдау т.б.
3 әдіс - тәуекелділікті сақтандыру жүйесін құру.
4-әдіс – тәуекелділікті басқаруды тиімді ұйымдастыру.
Тәуекелділікті басқару барысында оған әсер етуші факторларға талдау жаасалады, ол факторлар келесілерді қамтиды:
1. қызметіне қарай тәуекелділікке әсер етуші факторлар (өндірістік, коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, банктік);
2. басқаруға мүмкін болуымен (фирма басқара алатын немесе басқара алмайтын факторлар);
3. шығу көзіне байланысты ішеі және сыртқы деп бөлінеді. Кәсіпкер үшін сыртқы факторлар анықталмаған жағдайда болады және олармен байланысты тәуекелділікті ол басқара алмайды.
Тәуекелділікті басқарудың соңғы кезеңі оның деңгейіне баға беру болып табылады.
Нарықтық экономика ерекшеліктерін ескере отырып тәуекелділік түрлерінің базистік принциптерін анықтауға болады. Тәуекелділіктің бөліну түрлері:
1. Пайда болу себебіне байланысты:
а) субъективті тәуекелділік(кәсіпкердің жеке қасиеттеріне байланысты анықталады)
б) объективті тәуекелділік (ақпараттардың жетіспеушілігі, апаттардың болуы, нарықтағы күтпеген өзгерістер т.б.)
2. Мәселені шешу кезеңіне байланысты:
а) шешім қабылдау кезеңінде (тәуекелділк деңгейін анықтаудағы қателіктер немесе ақпараттардың жеткіліксіз болуы)
б) шешім қабылдау барысында (дұрыс шешім қабылдамау салдарынан)
3. Тәуекелділік көлеміне байланысты:
а) жергілікті, бір фирмаға қатысты тәуекелділік.
б) салалық, сала ерекшелігіне байланысты болатын тәуекелділік
в) аймақтық, субъекті орналасқан аумақты қамтиды
г) ұлттық, макроэкономикалық кәсіпкерлік қызметті қамтиды.
д) халықаралық әлемдік нарық конъюнктурасының өзгеруіне байланысты пайда болатын тәуекелділік.

  1. Әсер ету деңгейіне байланысты:

а) сыртқы – экономикалық саясаттағы, макроэкономикадағы өзгерістер, табиғи апаттар, валюталық тәуекелділік.
б) ішкі – кәсіпорынның мамандану деңгейімен анықталады.
5. Кәсіпкерлік қызмет түріне байланысты тәуекелділік:
а) қаржылық – қор нарығы, банктердің қызметімен байланысты тәуекелділік;
б) өндірістік – мәжбүрленген үзіліс жасау, негізгі қорлардың істен шығуы т.б. байланысты пайда болатын тәуекелділік.
в) коммерциялық – нарық конъюнктурасында пайда болатын күтпеген тәуекелділік.
г) инвестициялық – инвестициялық қызметпен байланысьы болатын тәуекелділік;
д) инновациялық – инновациялық анықталмаған жағдайлармен байланысты болатын тәуекелділік.
6. Мүмкін болатын нәтижесіне байланысты тәуекелділік келесі түрлерге бөлінеді:
а) таза тәуекелділік – кері немесе нөлдік нәтиже алу мүмкідігі жоғары тәуекелділік, олар: табиғи, экологиялық, саяси, транспорттық және коммерциялық тәуекелділік.
б) спекулятивті тәуекелділік – бұл оң немесе кері нәтиже алу мүмкіндігі жоғары тәуекелділік, ол қаржылық тәуекелділік болып табылады.
Таза тәуекелділікке келесілер жатады: саяси тәуекелділік, экологиялық тәуекелділік, транспорттық тәуекелділік, мүліктік тәуекелділік, өндірістік тәуекелділік. Енді осы тәуекелділік түрлеріне жеке тоқталып өтейік.
Саяси тәуекелділік деп саяси жүйенің өзгеруімен, саяси тұрақсыздық, қоғамдағы саяси күштердің өзгеруімен байланысты кәсіпкерлердің мүліктік зиян көруін айтамыз.
Саяси тәуекелділік келесілерді қамтиды:

  • әскери шаралар, революция, ішкі саяси жағдайдың өршуі, тауарларды конфискілеуді енгізу, үкіметтің өз міндеттемелерін орындамау себебінен шаруашылық қызметтің шығын болуы т.б.

  • төтенше жағдайлардың болуынан төлем мерзімдерінің уақытын ұзарту;

  • салық мөлшерінің жоғарылауы;

  • ұлттық валюта шектеулілігі т.б.

Саяси тәуекелділікке әсер етуші факторлар екіге бөлінеді: тікелей (заңдардың өзгеруі, мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының күтпеген іс-әрекеті, салық жүйесі т.б.), жанама (саяси жағдай, елдегі экономикалық жағдай, халықаралық жағдайлар т.б.)
Саяси тәуекелділіктің салдарлары келесілер:

  • көтерілістер мен жұмысшылар ереуілі;

  • транспорт тарифтерінің өсуі;

  • энергия бағасының өсуі;

  • салық салу жүйесінің өзгерісі;

  • капиталдар қозғалысына ресми түрде рұқсат беру немесе тыйым салу;

  • өкілетті органдармен қарым-қатынасы.

Экологиялық тәуекелділік – деп қоршаған ортаның ластануымен байланысты тәуекелділікті атаймыз. Экологиялық тәуекелділік келесілерді қамтиды: қоршаған ортаға, адамдардың өмір сүруіне зиян келтіру мүмкіндігі, өндірістік объектілердің экологиялық қауіптілігі, мүмкін болатын табиғи апаттар, өндірістердің сыртқа ортаны ластауы т.б. Қоршаған ортаға зиян келтіру деңгейі ормандарды, суларды, ауаны, жер ресурстарын, биосфера мен ауыл шаруашылық өнімдеріне келтірілген зиян мен олардың жойылу деңгейі, ластануы арқылы анықталады. Үшінші адамдарға зиян келтіру деңгейін аурулардың көбеюі мен өлім деңгейінің өсуімен анықтауға болады. Бұл жағдайда кәсіпорындар қоршаған ортаны ластауға байланысты азаматтық жауапкершілікке тартылады.Қоршаған ортаны ластау салдарын жақын аралық және алыс аралық деп бөлуге болады. Бірінші жағдайда әсері бірденнен көрінсе, екінші жағдайда ол ұзақ уақыт өткеннен кейін білінеді.
Қоршаған ортаны ластау келесідейбөлінеді:

  1. Табиғи – табиғи апаттар арқылы көрінеді;

  2. Антропогендік (адамдардың қызметі нәтижесінде пайда болады), олар: биологиялық – адамның қызметіндегі кездейсоқ жағдайлар; микробиологиялық – микробтардың көбеюінен пайда болады, адамдар қызметі оларға қолайлы өршу жағдайын жасап отыр; механикалық – маханикалық әсер ету арқылы табиғаттың өздігіен ластануы; химиялық – химиялық заттардың ауаны ластауы; жылулық - өндірістердің қалдықтарының жылуы негізінде пайда болатын газ түріндегі лас заттар; радиоактивтік – ортадағы радиоактивті элементтердің қажетті деңгейден асып кетуі т.б. Негізгі зиян келтірілетін объектілер: жер, су, ауа болып табылса, олар жанама түрде адамдардың денсаулығына, жануарларға, өсімдіктерге кері әсер етеді. Экологиялық тәуекелділікті азайту үшін экологиялық маркетинг қызметін қолдану қажет және ол келесі қызметтерді қамтиды: қоршаған ортаны қорғау, қауіпті ауруларды алдын алу және олармен күрес, өндірістердің қоршаған ортаға зиянын азайту жолдарын қарастыру, экологиялық қаржыландыру көздерін анықтау, қоршаған ортаға әсер ету деңгейіне баға беру, кәсіпорындардың қызметін экологиялық сақтандыру, кәсіпорындардың есебін талдау және экологиялық таза өнімдерді өндіруге көшу т.б. Табиғи қорғауды қаржыландырудың негізгі бес көзі қарастырылады:

    1. мемлекеттік бюджеттік аударымдар;

    2. табиғатты қорғаудың мақсатты қорлары;

    3. кәсіпорынның өз қаржылары;

    4. салық салудағы жеңілдіктер;

    5. қаржыландырудың халықаралық көздері.

Транспорттық тәуекелділік – жүктерді транспорт арқылы тасымалдау барысында қалыптасатын тәуекелділік( су жолы, әуе жолы, автомобиль, темір жол т.б.). Транспорттық тәуекелділікке байланысты халықаралық саудада негізгі шарттар жасалған Ол 4 түрге бөлінеді, олар: СИФ,КАФ, ФОБ, ФАС.
СИФ келісімі ағылшын тілінің алғашқы үш сөзін білдіреді, олар: тауар құны, сақтандыру және фрахты. Бұл келісім шартта сату-сатып алу келісімі жасалады.Мұнда тәуекелділікті сатушы өз мойнына алады. Сатушы тауарларды, жүкті жөнелту портына жеткізіп береді, оны артады, жүктерді фрахтайды және жүкті сатып алушыға жеткізгенге дейін сақтандырады. Және соған сәйкес құжаттарды сатып алушыға жібереді.
КАФ келісімі ағылшын тілінен аударғанда: құны және фрахтысы дегенді білдіреді. Мұнда сатушы өнімді белгіленген орынға жеткізіп беру келісімін жасайды, ал сақтандыру міндеті сатып алушыға жүктеледі.
ФОБ келісімі – ағылшын тілінен аударғанда бортқа дейін еркін деген мағынаны білдіреді. Мұнда сатушы жүкті бортқа дейін жеткізіп береді және жүкті артады, ал тасымалдау шығындары мен сақтандыруды сатып алушы өз мойнына алады.
ФАС келісімі бойынша жүкті артудан бастап барлық тәуекелділікті сатып алушы өз мойнына алады.
Мүліктік тәуекелділік деп кәсіпкердің өзінің өндірістік және қаржылық қызметінде өз мүлкінен айрылып қалуы немесе жоғалтып алуы, бұзылуымен байланысты. Мүліктік тәуекелділікті келесі топтарға бөлсек болады, олар:
- табиғи апаттар салдарынан мүліктен айрылып қалу тәуекелділігі;
- өндірістегі авриялық жағдайдан мүліктен айрылып қалу тәуекелділігі;
- ұрылардың іс-әрекеті салдарынан мүліктен айрылып қалу тәуекелділігі;
- тасымалдау барысында мүліктердің сынып қалуына байланысты тәуекелділік.
Жоғарыда аталған тәуекелділік деңгейін төмендету үшін мүліктердің жекелей түрлерін сақтандырып қою қажет, сонымен қатар, кәсіпорында материалды жауапты қызметкерлерге материалдық жауапкершілікті жүктеу қажет және аумақты күзету жұмыстарын күшейту қажет.
Өндірістік тәуекелділік – бұл өндірістік үрдіс барысында үзілістердің болуы немесе тоқтап қалуына, технолгиялық операциялардың істен шығуы, шикізаттың төмен сапасы, кызметкерлердің тиімсіз жұмыс істеуі нәтижесінде пайда болатын тәуекелділік.
Кәсіпорындағы шаруашылық және қаржылық қызметінің тәуекелділігі келесілерді қамтиды:

  1. кәсіпорынның өнімдерді өткізуге байланысты келісімдерінің орындалмауына байланысты пайда болатын тәуекелділік;

  2. жеткізіп берушілердің келісімді орындамауына байланысты қажетті материалдарды өз уақытында алмауына байланысты пайда болатын тәуекелділік;

  3. жеткізіп берушілердің алдын ала төленген қаражатты қайтармау салдарынан пайда болатын тәуекелділік;

  4. өнімдерді сатудан түскен қаражаттың кешіктірілуі салдарынан пайда болатын тәуекелділік;

  5. сатып алушының өнімді қайтарып беруімен байланысты тәуекелділік;

  6. өндірістік жоспарлар мен жобалардың жүзеге аспай қалуынан пайда болатын тәуекелділік;

  7. берілген жағдайды дұрыс емес жоспарлау нәтижесінде пайда болатын тәуекелділік;

  8. сыртқы инвестициялар мен несиелерді өз уақытында алмауынан пайда болатын тәуекелділік.

Спекулятивті тәуекелділік оң немесе теріс нәтиже алумен байланысты. Спекулятивті тәуекелділікке қаржылық және коммерциялық тәуекелділік жатады. Коммерциялық тәуекелділік кәсіпкердің тауарларды сатып алу-сату қызметінің нәтижесінде пайда болатын тәуекелділік. Коммерциялық тәуекелділік келесілерді қамтиды:
- тауарларды нарыққа өткізу тәуекелділігі;
- тауарларды тасымалдауға байланысты тәуекелділік;
- сатып алушының қабылдауымен байланысты тәуекелділік;
- форс-мажорлық жағдайлармен анықталған тәуекелділік.
Қаржылық тәуекелділік – қаржылық кәсіпкерлікпен және қаржылық операциялармен байланысты пайда болатын тәуекелділік. Қаржылық кәсіпкерлікте негізгі тауарлар ақша, валюта және бағалы қағаздар болғандықтан кәсіпкерлік тәуекелділіктің басқа түрлеріне қарағанда мұнда тәуекелділік өте жоғары десе де болады. Қаржылық тәуекелділік келесілерді қамтиды:

  • валюталық тәуекелділік;

  • несиелік тәуекелділік;

  • инвестициялық тәуекелділік.

Валюталық тәуекелділік- бұл валюта курсының өзгеруімен байланысты пайда болатын тәуекелділік.
Несиелік тәуекелділік – бұл несие алушының несиені қайтара алмай қалуы немесе пайыздық мөлшерлемесін төлей алмай қалу мүмкіндігімен байланысты тәуекелділік.
Инвестициялық тәуекелділік – инвестициялық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде пайданың болмауы немесе шығынға ұшырау мүмкіндігімен байланысты тәуекелділік. Бұл жағдайда тәуекелділік объектісі ретінде инвестордың мүліктік жауапкершілігі қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет