1.2 Менеджмент түрлері, әдістері «Менеджмент» термині соның ішінде менеджмент түрлері үнемі қолданылатын ұғымдардың бірі болып табылады, бірақ әрқашан мағынасы жағынан түсінікті мағынаға ие бола бермейді. Себебі бұл сөздің мағынасы көп. Ол бірден бірнеше критерийлер бойынша жүзеге асырылады. Олардың кейбіреулері - ең жиі қолданылатындар – толығырақ суретте қарастырсақ.
Стратегиялық менеджмент
Ұйымдастырушылық менеджмент
Менежмент түрлері
Оперативті менеджмент
Тактикалық менеджмент
Сурет 1 Менеджмент түрлері
Күнделікті қоғамда менеджмент түрлерін кеңінен қолданамыз яғни қандай да бір мақсат пен нәтижеге жету үшін.Шешімдер қабылдау кезінде,оған жету жолдарын анықтау үшін осы менеджмент түрлеріне жүгінеміз.Әр менеджмент түрлеріне қысқыша түрде анықтама бере өтсек.
Ұйымдастырушылық менеджмент-ұйым ішіндегі ресурстар мен процестерді тиімді басқаруға бағытталған басқару қызметінің саласы.Ол жоспарлау,үйлестіру,қызметкерлерді ынталандыру және бақылау сияқты аспектілерді қамтиды.
Тактикалық менеджмент– ұйымның стратегиялық мақсаттарына жетуге бағытталған нақты қадамдар мен шешімдерге бағытталған басқарудың орта деңгейі. Ол қысқа мерзімді мақсаттар мен іс-шараларға назар аудара отырып, стратегиялық жоспарлау мен жедел басқару арасында жүзеге асады.
Стратегиялық менеджмент-негізгі мақсаттарға жету және ұйымның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін ұзақ мерзімді стратегияларды әзірлеуге және жүзеге асыруға бағытталған басқарудың ең жоғары деңгейі. Ол бәсекелестік артықшылықтарды жасауға және нарықтағы позицияларды нығайтуға бағытталған жоғары деңгейдегі шешімдерге назар аударады.
Оперативті менеджмент стратегия мен тактиканы сәтті жүзеге асырудың негізгі элементі болып табылады. Басқарудың бұл деңгейі жоспарлардың бірқалыпты және тиімді орындалуын, сондай-ақ күнделікті қызмет барысында туындауы мүмкін өзгерістер мен қиындықтарға дереу жауап беруді қамтамасыз етеді.
Менеджмент әдістері-мақсатқа жету жолын білдіреді.Менеджмент әдістерінің көмегімен басқару қызметінің негізгі мазмұны іске асады және жүзеге асырылады.Менеджмент әдістерінің 3 негізгі тобын ажыратуға болады.