Тақырып бойынша қосымша сұрақтары: 1. Нарық дегеніміз не? Нарық объектілері мен субъектілерін анықтаңдар.
2. Нарық қызметтерін атаңдар.
3. Нарық инфрақұрылымын сипаттаңдар.
4. Нарықтағы «көрінбейтін қол» деп А.Смит нені түсінген?
5. Нарықтың тиімділігі қалай есептеледі?
6. Бәсеке және оның түрлері.
7. Монополия: экономикалық табиғаты және пайда болу себептері.
8. Таза бәсеке нарықтарын сипаттаңдар.
9. Монополияға қарсы реттеу.
10. Әр түрлі нышандар бойынша нарықтың түрлерін атаңдар.
11. Нарық инфрақұрылымының қызметтері Қазақстан Республикасында нарық инфрақұрылымының дамуы ?
12. Биржа дегеніміз не?
Тақырып 6. Сұраныс пен ұсыныс теориясы Дәріс 6.Дәріс-презентация
Сұраныс заңы және сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер ететін факторлар
Нарықтық тепе-теңдік және тепе-теңдік баға түсінгі. Икемділік түсінігі.
Дәрістің мақсаты: сұраныс және ұсыныс ұғымымен танысып, сұраныс және ұсыныс заңдарын талқылау, студенттердің сұрақтарына жауап береді. Сұраныс икмділігі. Ұсыныс икемділігі. Икемділікке әсер ететін факторлар. Нарықтық экономикадағы баға белгілеу механизмі. Негізгі ұғымдар: сұраныс, ұсыныс, сұраныс заңдары, ұсыныс заңдары, икемділік, өте икемді сұраныс, өте икемсіз т.б. Сұраныс заңы және сұраныс қисығы
Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс - ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс - төлем қабілеттілігі бар қажеттілік.
Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі.
Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 6.1. графиктегі көлденең осьте - сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (Д).