«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен дәріс жинағы



бет39/58
Дата22.11.2022
өлшемі318,07 Kb.
#51737
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   58
Байланысты:
ЭБ лекция (1)

Р




S
Е



Ре
P0 D
Qе Q
Сұраныспенұсынысқисықтарыныңқиылысуыжалақыныңтеңдікдеңгейіне (Ре) әкеледі, Енүктесіндежұмыспентолыққамтужағдайыорнайды: сұранысұсыныспентеңеледі. ЕгердежалақыРе-дентөменболсасұранысұсыныстанартады, яғниеңбеккерлердіңсаныкемболады, ал, егердежалақыРе-денжоғарыболса, ұсыныссұраныстанартады, яғнижұмыскүшісаныартықболады.
Р – жалақыныңмөлшері; Q – жұмысорныныңсаны




10.2.сурет- Еңбек нарығы.



Еңбек нарығына тән:
- жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);
- әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлер санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы);

  • еңбек нарығында бірде - бір кәсіпорын және бірде - бір еңбекккердің күш ықпалының жүрмеуі;

  • жұмыс күші жалақының мөлшерімен бағалануы.

Еңбектің бағасы ретінде жалақының жалпы дәрежесі графикте сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысуы арқылы көрініс табады. Еңбекке деген сұраныс қисығы тауарға деген сұраныс қисығына ұқсас, ал жұмыс күшінің ұсыныс қисығы – тауар ұсынысының қисығымен ұқсас болады.
Жұмыс күшіне сұраныстың өсуі жұмыспен қамту деңгейін көтеруге және жалақыны өсіруге әкеледі, ал сұраныстың азаюы - жұмыспен қамту жағдайын, жалақыны төмендетуге әкеледі.
Жұмыс күші ұсынысының өсуі жалақының төмендеуіне, жұмыспен қамту жағдайын өсіруге әкеледі. Жұмыс күші ұсынысының азаюы жалақының өсуіне, жұмыспен қамту жағдайының төмендеуіне әкеледі. П.Самуэльсонның теориясы бойынша қоғамдағы жұмыс күшінің жиынтық ұсынысы төмендегі көрсеткіштермен анықталады:

  • халықтың жалпы санымен;

  • жалпы халық санының ішіндегі еңбекке қабілеті бар халықтың үлесімен;

  • белгілі бір мерзімдегі жұмыс уақытының орташа санымен (апта, ай, жыл);

  • халықтың сапалық құрамымен, яғни мамандық дәрежесінің құрамына сәйкес.

Осы көрсетілген факторлармен қатар, керісінше әсерін тигізетін теорияда екі фактор бар. Бұл алмастыру эффектісі - жұмыс орнын қамту тиімділігі мен табыс эффектісі (тиімділігі).
Алмастыру эффектісінің пайда болу себебі жалақының өсуімен байланысты. Жалақы өскен кезде әрбір атқарған сағатқа көп ақы төленеді. Яғни ысырап болған бос уақыт пайда болады. Осы пайда болған бос уақыт шығынды ұлғайтады, сондықтан, еңбеккер бос уақытты қызметке жұмсаудың қажеттілігін түсініп, ол бос уақытын қосымша жұмыспен алмастыруға тырысады. Бұл жұмыс күші ұсынысының өсуіне әкеледі.
Табыс эффектісінің әсері алмастыру тиімділігіне қарсы бағытта қызмет атқарады. Жалақының өсуіне еңбеккер өзінің бос уақытын өсіру мүмкіндігі ретінде қарайды, яғни жалақы өскен кезде еңбекті қысқарту көрінеді. Бос уақытының өсуі еңбек ұсынысының төмендеуіне әкеледі.
Өндіріс факторының бірі: жұмыс күші. Оның табысының негізгі бөлігін жалақы құрайды. Жалақының мәннің анықтауда екі көзқарас бар:

  • Маркс жалақыны жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы емес, жұмыс күші тауарының құны мен бағасының өзгерген түрі деп түсінді;

  • Неоклассиктер жалақы еңбек бағасы деп түсінді.

Сонымен жалақы дегеніміз- жұмысшы күшінің құнының оның бағасының өзгерген түрі.
Жалақының көлемі көптеген факторлармен анықталады:

  • жұмысшы күшінің құны (елдің дамуына байланысты)

  • жұмысшының еңбек өнімділігінің өсуі (қоғамдағы ғылымның, білімнің дамуымен байланысты)

  • жұмысшының квалификациясы мен еңбек сипаты (ауыр жұмыстардың, сирек кездесетін мамандықтардың, ерекше дарынды адамдардың және т.б.)

  • еңбек нарығындағы конъюнктура (жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысқа, жұмыс орынына бәсекеліктің болуы)

  • жалақының қоғамдық деңгейі (жалақының бір бөлігі салыққа, зейнетақы қорына және т.б. бөлінуі)

  • жынысы, ұлты, діні және т.б.белгілеріне байланысты.


10.3.сурет- Жалақыны анықтайтын негізгі факторлар.

Қазіргі экономикалық теорияда жалақыны кең және тар мағынада түсіндіруге болады. Кең мағынада, жалақы- әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің жалпы еңбек ақысы. Бұл жағдайда жалақы сомасына еңбек ақымен қатар сыйлықтар және басқа да ынталандырушылық ақылар кіреді. Тар мағынада, жалақы – пайдаланған еңбек бірлігінің бағасы. Жалақы номиналды және нақты түрінде ажыратылады.



Жалақы

ақшаға шығарып берілетін жалақы, яғни еңбеккердің өз еңбегі үшін алған ақша сомасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет