Экономика және оның қоғамдағы рөлі Экономика


Стартаптың бизнес-идеясын таңдау, бизнес-идеяларды қалыптастыру әдістері



бет20/47
Дата17.12.2022
өлшемі0,82 Mb.
#57857
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47
16. Стартаптың бизнес-идеясын таңдау, бизнес-идеяларды қалыптастыру әдістері

Стартап деген не? Стартап бұл бизнесті дамытудың жаңа әдісі, жолы, тәсілі. Мысалы Убер стартапын (Яндекс Такси) алайық. Убер компаниясы ашылмағанға дейін адамдар таксиді таксопарктерден шақырған не жолда қолын көтеріп тоқтатқан. Қазір бұндайды көру қиын, барлығы ірі қалаларда такисді онлайн қосымша арқылы шақырады. Сіз телефоныңызға арнайы мобильді қосымшаны жүктейсіз де таксиді шақырасыз. Бағасын да алдын ала біле аласыз. Бұны қосымшадан көре аласыз. Кейін Уберден өзге бұндай стартаптар пайда болған, мысалы Қазақстанда Яндекс Такси зор сұранысқа ие. Сонымен стартап бұл жаңа әдіс, тәсіл, жол. Бұл бизнесті дамыту. Технологияларды дамыту.


Стартап түрлері
Стартап түрлері үшеу — көшірме, новаторлық және белгісіз. Көшірме бұл өзге елдердегіні өз елімізге әкелу. Мысалы 2000 жылдары әлемде зор танымалдыққа Фейсбук әлеуметтік жүйесі ие болған. Бұны Ресей халқы көшіріп ВКонтакте деген әлеуметтік жүйені құрды. Бұл сәтті көшірме стартап. Новаторлық стартап бұл жаңа идея, әдіс, тәсіл. Мысалы Убер такси қосымшасын алайық. Убер ашылғаннан кейін әлемдегі сан мың таксопарктер жабылды. Себебі таксиді ұялы қосымшамен шақыру жеңіл бола қалды.
Стартап-жобалардың ұлттық экономикаға қандай әсері бар?
Негізгі нәтиже -инновациялық кәсіпкерліктің өсуі. Технологиялық шешімдерді әзірлеп, енгізе отырып, стартап-жобалар елдегі бизнес-белсенділікті ынталандырып қана қоймай, экономиканың нақты секторына қолдау көрсетеді. Мысалы, дамыған стартапнарық есебінен Шығыс Еуропа, АҚШ, Қытай, Жапония елдерінде ЖІӨ құрылымындағы инновациялар үлесі 20%-дан асады. Қазақстанда бұл көрсеткіш небары 1,4% құрайды. Бірақ қалыптасу кезеңіндегі стартап-нарық әлі де қарқынды өсіп келе жатқанын ескеретін болсақ, елдегі инновациялық белсенділік таяу жылдары айтарлықтай артатын болады. Кем дегенде, келесі бес жыл ішінде инновациялардың үлесі ЖІӨ-нің 5%-на жетеді. Стартап-экожүйені дамытудың тағы бір экономикалық әсері венчурлық капиталдың қолжетімділігін арттыру болып табылады. 2019 жылы Қазақстан "Венчурлық капиталдың қолжетімділігі" индикаторы бойынша ДЭФ ЖБИ рейтингінде 89-орынға ие болды, ал осыдан екі жыл бұрын 102-орында болған болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет