Экономикалыќ теорияныѕ пјні жјне јдіс-тјсілдері


Мониторинг жүйесін топтастыру



бет52/124
Дата17.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#116932
түріСеминар
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   124
Байланысты:
3.МУ по практ общий предмет.Экосистема

Мониторинг жүйесін топтастыру.

Экологиялық мониторинг үш сатыдан тұрады.


1.жағдайды бақылау


2.бағалау және болатын өзгерістерді болжау




Мониторинг схемасы

Мониторинг объектілеріне атмосфера, атмосфералық жауын-шашын, құрғақ жердің беткі сулары мұхит пен теңіздер, жер асты сулары, криосфера (климаттың жүйені құрушылар) жатады.


Бақылау объектілері келесі түрлерге бөлінеді.Атмосфералық, ауалық, гидросфералық (жиынтықты түрде гидрометеорологиялық) топырақтық, климаттық мониторинг, сейсмикалық, ионосфералық, күн, магнитометриялық, биологиялық, өсімдіктер, жануарлар, тұрғындар денсаулығының мониторингі және т.б.
Мониторинг жүйесі факторларға, көздерге және әсер ауқымына байланысты да топтастырылады.
Әсер факторларының мониторингі— әртүрлі химиялық ластағыштардың (ингрединктік мониторинг) түрлі-түрлі табиғи және физикалық факторлар әсерінің (электр магнитті сәулелену күн радиациясы, шу діріл) мониторингі.

Ластағыш көздердің мониторингі— нүктелі стационарлы көздер (зауыттардың мұржалары), жылжымалы (көлік),кеңістік (қалалар, химиялық заттектер ендірілетін егістік жерлер) көздер.


Әсер аумағына байланысты сипаттамасына қарай мынадай мониторинг жүйелерін құрайды.
1.ғаламдық (биосфера) – халықаралық ынтымақтастық негізінде жер биосферасындағы әлемдік құбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы назарға ұстап, экстремальды қолайсыз жағдайлардың болуы туралы уақытылы ескерту жасап отыру.
2.базалық (фондық)— жалпы биосфералық, абиғи құбылыстарды бақылау
3.ұлттық – бір мемлекеттің шегінде арнайы құрылған органдық арқылы жүргізетін мониторинг.
4.аймақтық – халық шаруашылығын қарқынды игеру барысында ірі-ірі аудандардың көлемінде құбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы бақылау.
5.жерггілікті (локальды) – елді мекендерде, өнеркәсіп орталықтарында, кәсіпорындарда қоршаған ортаның сапалық өзгеруіне бақылау жүргізу.
6.импактылық – ерекше қауіпті зоналар мен жердегі аймақтық және жергілікті антропогендік әсерлердің мониторингі.

Дүние жүзінің 140 елі қатысатын қоршаған орта мониторингінің ғаламдық жүйесі 1970 жылы құрылған. Бұл жүйенің мақсаты:


— қоршаған ортаның жай күшінің халықаралық мониторигі мен бағалауын өткізуді үйлестіру және оған жәрдемдесу.
— мониторингтің жаңа станцияларын құруда көмек көрсету
—атмосфера мен климаттың жай-күйі, қоршаған ортаның ластануы туралы мәліметтерді жинау және тарату.
Химиялық мониторинг – атмосфераның, жауын-шашынның жер беті мен жер асты суларының, мұхит пен теңіз суларының, топырақтың, түрдің тұнбалардың, өсімдіктердің, жануарлардың химиялық ластағыш заттардың таралуын тексеретін жүйе.
Физикалық мониторинг – қоршаған ортаға физикалық процестер мен құбылыстардың (су тасқыны, жанартау атылыстары, жердің сілкінуі, құрғақшылық, топырақ эрозиясы және т.с ) тигізетін әсерін бақылау жүйесі.
Биологиялық мониторинг – биоиндикаторлар көмегімен жүргізетін мониторинг (яғни ортаның өзгеруін ағзалардың күйі мен жүріс–тұрысына қарап пішіп кеседі.)
Экобиохимиялық мониторинг – қоршаған ортаның екі құрам бөлігін (химиялық және биологиялық) бақылауға арналған мониторинг.
Дистанциялық (аралық) мониторинг – зерттейтін объектілерді барлауға және тәжірибелік мәліметтерді тіркеп жазып алуға арналған радиометриялық қондырғылармен қамтылған ұшқыш аппараттар қолданылған авиациялық, космостық мониторинг.

Қоршаған ортаның құрама экологиялық мониторингі мынадай түрде атқарылады.



  • бақылау объектісін белгілеу

  • бақылауға белгіленген объектіні тексеру

  • бақылауобъектісіне информациялық модель құрастыру

  • өлшеуді жоспарлау

  • бақылау объектісінің жағдайын бағалау және оның информациялық моделін ұқсастыру.

бақылаудағы объектінің жағдайының өзгеруіне болжам жасау

  • мәліметтерді қолдануға ыңғайлы түрде дайындап қолданушыларға тапсыру.

Құрама экологиялық мониторингтің мақсаты жинақталып алынған мәліметтерді негізге алады.


1.Адам тіршілік ететін ортаның және экологиялық жүйелердің жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер мен функционалдық экологиялық нормативтердің сақталуын бағалау.
2.Осы көрсеткіштердің өзгеруі себептері анықтау және осы өзгерістердің тигізетін зардабын бағалау, сонымен қатар тіршілік ортаға және экожүйе жағдайына диагностика жасап, көрсеткіштерді түзетуге қажетті шараларды белгілеу.
3.зиян тигізілмелі тұрып, қолайсыз жағдайлардың болмауын алдын-ала ескертетін шараларды анықтап, солармен қамтамасыз ету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет