Экономикалыќ теорияныѕ пјні жјне јдіс-тјсілдері



бет53/124
Дата17.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#116932
түріСеминар
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   124
Байланысты:
3.МУ по практ общий предмет.Экосистема

Бақылау сұрақтары

  1. Мониторинг схемасы

  2. Мониторинг жүйесін топтастыру.

  3. Антропогенді әсерлердің экологиялық мониторингінің негізігі міндеттері

6 практикалық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Экологиялық білім және дүниетаным

Сабақтың мақсаты: студенттің қоршаған ортаның, сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерінен өзін өзі қалай қорғану керек, еңбек үрдістерінде техникалық жүйелерді тиімді, дұрыс қолдана білуі білімдерін қалыптастыру.


Сабақтың формасы: семинар-пікірталас
Жоспар:
1. Формалды және формалды емес экологиялық білім және дүниетаным
2. Экологиялық білім және оқу үрдісін экологияландыру

3. Экологияльқ білім - ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың маңызды жолы. Өлі және тірі табиғатгың материалдық бірлігі


4. Үздіксіз экологиялық білімнің негізгі ұстанымдары

Теориялық бөлім


Формалды емес экологиялық білім қазіргі таңда көбінесе үкіметтік емес ұйымдар арқылы іске асуда. Мұндай ұйымдарды біз кейін кеңінен қарастырамыз. Бұл жерде әңгіме формалды білім туралы.


Экологиялық білімге деген жаңа көзқарас алдымен экологиялық сана -ның дамуын, жаңа «экологиялық» тұлға тәрбиелеуді талап етеді.Бұл жерде әңгіме формалды (оқу орындарында) және формалды емес (қоғамдық ұйым - дар, қозғалыстар және т.б. шеңберінде) экологиялық білімді дамыту туралы өрбиді.
Экологиялық білімнің мәні кез келген деңгейде: орта мектепте, арнайы орта білім беруде, жоғары білім беруде қажетті пәндер санына жаратылыстану циклдерінің пәндері, оның ішінде мазмұндары терең экологияландырылған, биология, химия, география, геология және т. б. Бұл пәндер адам мен табиғат арасындағы арақатынастың мәнін жан-жақты ашуға міндетті.Жаратылыстану пәндері барлық мемлекеттерде оқытылады. Тек біздің елімізде ғана бұл мәселе әлі дұрыс жолға қойылмай келе жатыр. Әрине, бүгінгі күнде «Экология және тұрақты даму» пәні ЖОО барлық мамандықтарға оқылып жатыр, ол қуанарлық. Ал орта және арнайы орта білім беретін оқу орындарындағы жағдай мүлде төмен. Оқу бағдарламасында
экология пәні қосымша пәндер санатында, сондықтан БҒМ биылғы оқу бағдарламасына қосқысы келсе қосады, алып тастағысы келсе, алып тастап, орнына басқа пәнді енгізе салады. Ғаламшарымызда адамзат тірі қалама, қалмай ма деген сұрақ туындаған шекке жетіп тұрғанда, бұл қылмыспен пара-пар емес пе? Қазіргі заманда құндылықтың жаңа жүйесі құрастырылып, жаңа менталитет, жаңа өнегелілік, жаңа білім қажет. Оның үшін экологиялық дүниетанымды қалыптастыру бала бақшалардан басталуы керек.
Мақсаты мен мазмұны бойынша экологиялық білім және сауаттылық жалпы және арнайы экологиялық білім болып бөлінеді. Біріншісі биосферадағы жүріп жатқан зат айналымы үрдісін, бағытты энергия ағынын, даму заңдарын, экожүйенің қызметін түсінуге бақыттталған. Арнайы экологиялық білім адам әрекеті мен қоғамның кейбір салаларындағы, олардың табиғатпен арақатынасының нақты экологиялық мәселелерін шешеді.
Экологиялық білімді қоғам дамуының рухани, парасаттылық және өнегелілік негізді құрайтын барлық білім үрдісінің жүйеліленген құрауышы деп қарастыру керек. Бірақ зкологиялық білімді зкологиялық әрекеттердің кейбір әдістерін, машықтарын ғана бойға сіңіру деп ұғыну дұрыс емес. Экологиялық сананы бала кезінен бастап бойға дарытқанда ғана, адамда табиғатқа деген риясыз көзқарас қалыптасады. Экологиялық сананының тағы бір мән-мағынасы мен болмысы оның гуманистік және шығармашылдық сипаттамасында. Бұл қасиеттер жеке адамның ғана үлесі емес, этностар мен ұлттар мәдениетінің дәстүрі болып кеткен. Мысалы, қазіргі қазақтардың ата тегінде табиғатқа «зиян жасама» деген ұстаным қалып- тасқан. Дәл осы ұстаным уақыт өткеннен сон қазақ халқының анықтаушы ұлттық ой-санасы (идеясы) болып кетті. Біздің университетіміздің ғалымы Қ.Қ.Бегалинованың тұжырымдауынша адам анасының құрсағында жатқанда космосқа деген өзгеше қатынасты бойына сіңіріп, оның альтерэгосы ретінде қалыптасып, сыртқы әлемнен адамның ішкі жан дүниесіне ауысады екен. Сонда қазақ халқына космизм, космоцентризм деген қасиеттер көне заманнан бері тән болған, сондықтан осылар әлеуметтік мәдениет дамыған жағдайда экологиялық білімнің бар жүйесіне негіз бола алады.
Жаратылыстану және инженерлік ойлаудан экологиялық ойлаудың айырмашылығы адам әрекетінің барысында бастысы өзінің сұранысының қамтамасыздануында емес, қоршаған ортадағы қалыптасқан табиғи тепе-теңдікті сақтап қалуында.
Экологиялық білімнің әлемді философиялық тұрғыдан түсінуге негізделген әдіснамалық тамыры болуы керек. Экологиялық ойлаудың қалыптасуы балабақшалар мен мектептерден басталуы керек. Кейінгі жылдары оқу үрдісі қоршаған орта- ны қорғау туралы ақпаратымен байытылғанмен, ол әліде болсын үзік-үзік, бірікпеген және ауық-ауық сипатта. Қазіргі күнде үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие жүйесін мына тізбек бойынша: мектепке дейінгі – мектеп – жоғарғы мектеп – жоғарғы мектептен кейінгі білім құрастырылатын уақыт жеткен сияқты.
Кейбір ЖОО тек биологиялық циклдің пәндері экологиялық мазмұнды болып келеді, шын мәнінде экологиялық білім философиядан бастап этика дейінгі барлық оқу бағдарламаларының мазмұнына ене алады.
Экологиялық білім адамның бар өмірімен қосақтасып, үздіксіз болуы керек. Кішкене жасынан бастап баланың бойында тірі табиғат әлемімен жақындық сезімін оятып, бар өмірінде табиғатты аялауға баулу керек. Мектеп қабырғасында балаларға әлемнің тұтастығының негізін түсінуге ықпал етіп, есею және есейген шақта экологиялық дүниетаным қалыптастырып, табиғат күйіне жауапкершілігі туралы сезімін тәрбиелеу қажет. Экологиялық білім толыққандылық және жүйелілік талабына сай болуы керек. Әрбір адам «адам-қоғам» арақатынасының механизмі туралы білімдерді игеруге міндетті.
Заманауи экологияның басты мәселесі әлемде «адамның тамыр жаюы» (Кудрявцев). Бұл жерде әңгіме оның табиғатқа да қоғамға да қатынасы жайлы. Бұл жағдай адам мен қоғамның экологиялық санасы жалпы алғанда тек ғаламшарлық емес, космостық сана ауқымында болуын талап етеді.
А.Чижевскийдің және басқа ғалымдардың тұжырымдамалары бойынша адам биофизикалық және биохимиялық ұйымдастыру деңгейінде өзін «космос тұрғыны» ретінде сезінеді (Р. Рерих). Бірақ адам әлемнің бір бөлігі ғана емес, оның белсенді, жасампаз күші.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет