Тапсырма
Теориялық негізге әдеби шолу жасаңыз
Бақылау сұрақтары
1 Қоршаған ортаның ластануы дегеніміз не?
2. Экономикалық залал дегеніміз не?
3. MPE мен қоршаған ортаның жағдайын қалай және кім бақылайды.
№8 практикалық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеу әдістері
Сабақтың мақсаты: кология және табиғатты пайдалану саласындағы экологиялық зерттеулер әдістерінің теориялық негіздерін меңгеру. Сабақтың формасы - семинар -пікірталас
Теориялық бөлім
Қоршаған ортаға күнделікті өзгерістерді бақылап,қадағалап отыруды, екіншіден, қоршаған ортадағы өзгерістердің эко логиялық салдарларын алдын – ала болжап отыруды жүктейді. Бұл орайда қоршаған орта сапасы -ның көрсеткіші деген ұғым пайдаланылады. Мысалы, АҚШ 1969 жылдан бастап табиғи ортаның сапа индексі деген шама қоршаған ортаның тіршілік етуге қолайлығын сипаттайды. Қоршаған орта -ның тіршілік етуге қолайсыз әсері орын алмауы үшін шығарылатын улы зат, қоқыс қалдығы шамасын нормативті мөлшерден арттырмау керек. Бұл көрсеткіш ШРК және шекті экологиялық салмақ шамасы арқылы сипатталады. Осы шамаларды ескеретін, экожүйе құрылымындағы өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіш болуы тиіс. Бұл көрсеткіш қызметін мониторинг жүйесі (латынша «монитор»-болашаққа қарайтын,бағдарлайтын) атқарады. Мониторинг антропогенді себеп салдарынан қоршаған ортадағы өзгерістерді бакылау, болжау. Мониторинг жүйесі жергілікті жердегі экожүйенің жағдайын қадағалау мен қатар, әлемдік дәрежедегі экологиялық жағдаймен, яғни глобальді мониторинг жүйесімен тығыз байланыста жұмыс жүргізуі тиіс. Экологиялық мониторинг әр түрлі деңгейдегі құрылымнан тұрады:
1) халықаралық келісіммен жүргізілетін глобальді мониторинг(биосфералық);
2) арнаулы ұйымдары бар мемлекеттік дәрежедегі мониторинг;
3) халық шаруашылығы игерілетін аудан, облыс көлеміндегі мониторинг;
4)биоэкологиялық немесе жергілікті мониторинг.
Экологиялық мониторинг өзінің негізгі мақсаты қоршаған ортаның жалпы күйін бақылаумен қоса жер гілікті мақсатта да қызмет етеді: қала шаруашылық ландшафтысының алуан түрлілігіне орай, оларды тиімді пайдалану, қорғау, ластаушы көздерді шектеу немесе толық жоюды жоспарлайды.
Қоршаған ортаның сапасын бағалау мақсатында қоршаған орта сапасының стандарттары жасалған. Стандарт экологиялық және өндірістік –шаруашылық болып бөлінеді.
Экологиялық стандарт қоршаған ортаға шекті рауалы нормаларын белгілейді. Егер де осы экологиялық регламенттер негізінде есептелген және құқықтық статус алған антропогендік жүктеме шамасы белгіленген мөлшерден асатын болса, адам денсаулығына қауіп төнуі, ал өсімдіктер мен жануарлар әлемін құртатын әсер орын алуы мүмкін. Осы нормалар сақталған жағдайда экожүйелердің тозуы болмайды, биологиялық алуантүрлілік пен халықтың экологиялық қауіпсіздігі сақталады.
Қоршаған табиғи орта сапасының барлық нормативтері үш түрге бөлінеді: санитарлық-гигиеналық, экологиялық (өндірістік-шаруашылық) және қосалқы.
Санитарлық-гигиеналық нормаларға – адамды қоршаған ортаның санитарлық-гигиеналық жағдайларының және сапасының көрсеткіштері. Санитарлық-гигиеналық нормативтерге зиянды заттардың (химиялық, биологиялық) шекті рауалы концентациясы немесе шекті рауалы мөлшері, физикалық әсерлер, санитарлық қорғау аймағы, радияциялық әсерлердің шекті рауалы деңгейі жатады.
Екінші нормативтер тобына экологиялық норматив –экологиялық регламенттер негізінде есептелген және құқықтық статус алған антропогендік жүктеме шамалары жатады.
Қосалқы нормалар мен ережелердің негізгі мақсаты қолданылатын терминдерді, ұйымдастыру құрылымдарының және экологиялық қатынасты заң тәртібімен реттеу бірлігінде беріледі. Қоршаған табиғи ортаны сипаттайтын сапа нормативтерін топтастыру үлгісі 3 кестеде берілген.
Кесте 7
Қоршаған табиғи ортаны сипаттайтын сапа нормативтерін топтастыру
Қоршаған табиғи ортаның сапалық нормативтері
|
Санитарлық-гигиеналық
|
Экологиялық
|
Қосалқы
|
Зиянды химиялық заттардың ШРК
Физикалық әсердің ШМК
Биологиялық заттардың ШМК
Радиацияның ШРД
Тағам өнімдеріндегі химиялық заттардың ШРК
Санитарлық сақтау белдемінің нормативтері
|
Шығарынды мен төгіндінің нормативтері
Шу мен вибрацияның нормативтері
Биологиялық ластанудың нормативтері
Радиация нормативтері
Шаруашылықта химиялық заттарды қолдану нормативтері
Құрылыстық, қала құрылысының ережелері
|
Терминология нормативтері
Ұйымдастырушы
лық нормативтер
Заңдылық нормативтер
|
Қазақстан республикасының «Қоршаған табиғи ортаны қорғау» заңына сәйкес, осы нормативтер тобына зиянды заттардың шекті рауалы концентрациялары нормативтерін, радиация, шу, вибрация, магнит өрістері әсерінің шекті рауалы деңгейлері (ШРД) нормативтерін, зиянды заттардың тағамдық өнімдердегі шекті рауалы қалдық мөлшерлер (көкөністегі нитрат, ауыз судағы тұздар) нормативтерін жатқызады.
Қазір дүние жүзінің көптеген қалалары,өнеркәсіп орталықтарында ауа ластануын бақылайтын мемлекеттік қызмет негізінде ауаның химиялық құрамын, метеорологиялық параметрлерін, ауаға шығатын зиянды қоқыстарды бақылайтын арнайы орындар бар. Қалада ауаның күйін бақылаудың 3 түрі бар: стационарлық, маршруттық, жылжымалы.
Стационарлық бақылау орындарын арнайы жабдықтайды. Онда ауадан сынама алуға, атмосфера дағы зиянды қоспалардың мөлшерін үздіксіз тіркеуге арналған аппаратуралар, метеорологиялық параметрлерді анықтайтын құралдар бар.
Маршруттық бақылау орындары сынама алуға және метеорологиялық бақылауға арналған байқауды жылжымалы автолабораторияда жүргізеді.
Жылжымалы бақылау орындары өнеркәсіп қоқысы тасталатын аймақта ластаушы зат концентрациясын бір рет байқау үшін қызмет етеді.
Өнеркәсіп өндірісінің жедел дамуы, техникалық прогресс, іштен жану қозғалтқыштарын транспортта кең қолдану атмосфераға бөлінетін газ мөлшерін арттырып, ауа сапасының төмендеуіне әкеліп отыр. Дүние жүзі ақпарат ұйымы мәліметтеріне сүйенсек, ауылды жердегі елді мекенге қарағанда қалада ауа құрамында зиянды газ күйіндегі заттар 10-25 есе, тозаң 10 есе артық болады. Өнеркәсіп шоғырланған қыста тұманның жиі түсетіні, жауын-шашынның 5-10 есе артық жауатыны байқалады. Дүние жүзі Денсаулық сақтау комитетінің сараптау жұмысы нәтижесінде әр түрлі заттармен ауаның ластану деңгейінің шекті шамасы белгіленді. Бұлар орта жылдық, орта маусымдық, орта тәуліктік мәндерімен сипатталады. Ауа сапасын бақылау үшін белгіленген норма тивтер бар. Олар қатарына ауа құрамындағы ластаушы зат концентрациясын жуықтап бақылайтын болжамды қауіпсіз әсер деңгейі немесе шамасы енеді. Жалпы жағдайда аталған норматив орнына уақытша рұқсат етілген концентрация шамасы қолданылады. Алайда, ауа тазалығының ең басты көрсеткіші болып біздің елімізде ШРК саналады.1971ж. бұл норматив бекітіліп, ШРК тізіміне ауа құрамын ластайтын 120-дай зат тіркелді. Экологиялық көзқарас тұрғысынан ШРК қарастырылып отырған нақты зат концентрациясының адамзат, жануар, тіршілік иелерінің өмір сүруінің қалыпты жағдайына әсер етпейтін жоғары мөлшері. Қалыптасқан жағдайға қарағанда өндіріс орындарының әлі де қалдықсыз технология саласын жетік меңгере алмағандығынан атмосфераға әуе кеңістігін ластаушы зат шығып тұрады. Оның шығарылған жердегі мөлшері мен тыс жердегі мөлшері әртүрлі болғандықтан, оларды жеке дара қарастырады. Ластайтын зат түзілетін жұмыс аймағы мен елді мекендегі ауа құрамын сипаттау үшін осыларға сәйкес жұмыс аймағындағы ШРК шамасы мен елді мекендегі, атмосфералық ауадағы ШРК шамасы ұғымдары енгізілген. ШРКж.а. күнделікті 8сағат жұмыс уақытында немесе аптасына 41 сағаттан артпайтын уақыт бойы жұмыс аймағында болғанда бүкіл еңбек стажына сәйкес келетін мерзім ішінде денсаулыққа зиянды әсер ететін ауруға немесе өзге де ауытқуларға әкеліп соқтырмайтын ластаушы зат концентрациясы. Жұмыс аймағы еденнен 2м биіктіктегі ауа бөлігін қамтитын жұмысшының тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін кеңістік бөлігі. Атмосфералық ауадағы ШРК қоршаған орта мен адамзат өміріне бүкіл тіршілік мерзімінде зиянды әсер ететін ластаушы заттың ауадағы мүмкін болатын жоғарғы концентрациясы. Аталған нормативтерді жеке қарастыру оларды орташа тәуліктік және максималды дүркін деп бөлуді де ескереді. Максималды дүркін шектеуші концентрация шамасы ауадағы ең жоғары ластаушы зат мөлшеріне сай келіп, жұмыс аймағында анықталатын ШРК-мен салыстырылады. ШРКм.д. шамасының ШРКж.а. –нан айырмашы лығы – ол жұмыс аймағынан өзге жерлердегі, яғни елді мекен- жайлардағы ластаушы зат максималды концентрациясын сипаттай алады, ал ШРКж.а. тек жұмыс аймағына ғана тән. Осы себепті мына теңсіздік орынды: ШРКж.а. ˃ ШРКм.д. Келтірілген теңсіздік, шын мәнінде, жұмыс аймағындағы ластаушы зат концентрациясы ның атмосфералық ауадағы ШРКа.а. мәнінен жоғары екендігін көрсетеді, яғни ШРКж.а. ˃ ШРКа.а. Мысалы, күкіртті ангидрид- 3О2 үшін: ШРКж.а. =10мг/м3; ШРКм.д. =0,5мг/м3. Меркаптан үшін: ШРКж.а. =0,8мг/м3 ;ШРКм.д. =94*10-5 мг/м3.
Көп жағдайда кәсіпорын қызметкерлері мен студенттер өздерінің міндеттеріне ауаны ластаушы заттардың зияны жоқ жоғары концентрациясын анықтап, сол мәнді көрсеткіш ретінде қабылдау жүк -теледі деп түсінеді. ШРК денсаулық сақтау министрлігінде бақылау, зерттеу нәтижесінде анықталып бекітіледі де тексеруге жатпайтын шама болып табылады. Санитарлық, тазалық саласындағы қызметкерлер заттың тек қана ауадағы бар мөлшерін анықтап, оның нормативтен асып кетпеуін қадағалайды. Табиғи ауа құрамы және ондағы мүмкін болатын заттар концентрациясы.
ШРК-ны анықтаудың 2 тәсілі бар: тәжірибе жүзінде және есептеулер нәтижесінде.
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі бірыңғай мемлекеттік жүйесінің мониторингін жүргізу мынадай үш деңгейде жүзеге асырылады:
жергілікті (өндірістік мониторинг және елді мекендердің нақты учаскелерінің, су тоғандары мен өзендердің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мониторингі);
өңірлік (өңірлердің физикалық-географиялық және экономикалық ерекшеліктерін, экологиялық тұрғыдан ауыртпалықты аймақтардың бар-жоғын және қоршаған ортаның жай-күйі мен табиғи ресурстардың пайдаланылуына әсер ететін табиғи және техногендік факторлар кещенін ескере отырып, әкімшілік-аумақтық бірліктер шегіндегі мониторинг);
республикалық (қажет болған кезде жалпы мемлекеттік мәні бар ірі өңірлер мен жекелеген объектілерді бөліп көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын қамтитын мониторинг).
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі бірыңғай мемлекеттік жүйесінің шеңберінде қоршаған ортаның жай-күйін бақылау, сондай-ақ талдау үшін сынамаларды іріктеу арнайы құрылған мемлекеттік, аумақтық және жекеменшік бақылау желілерінің пункттерінде жүзеге асырылады. Іріктеліп алынған сынамалардағы ластаушы заттардың құрамын талдау аккредиттелген талдамалық зертханаларда жүзеге асырылады.
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі бірыңғай мемлекеттік жүйесінің шеңберінде бақылау желілерін құру қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі бірыңғай мемлекеттік жүйесі:
ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізу, Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі бірыңғай мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі үшін қажетті және жеткілікті әдістемелік база;
қоршаған ортаның жай-күйін айқындайтын нормативтерді, оған антропогендік әсер ететін нормаларды, қоршаған ортаның жай-күйін бағалау мен болжау, табиғат қорғау қызметінде басқарушылық шешімдерді шығару және қабылдау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін негіз болып табылатын экологиялық қауіпсіздік нормаларын әзірлеу және белгілеу;
қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі бірыңғай мемлекеттік жүйесінің, оның құрылымдық бөлімшелері мен элементтерін құру және жұмысын ұйымдастыру үшін қажетті талаптарды, ережелер мен рәсімдерді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау және қолданысқа енгізу;
бақылаудың салыстырмалы нәтижелерін алуға мүмкіндік беретін әдістемелік құжаттарды әзірлеуді және енгізуді ұйымдастыру;
ақпараттық жүйелердің құрылымдарын, деректер базасының жүйелерін, жіктеуіштерді, деректер сөздіктерін және құжаттардың біріздендірілген нысандарын әзірлеу;
техникалық қамтамасыз ету;
талдамалық зертханаларды және мониторинг жүргізуді қамтамасыз ететін басқа да бөлімшелерді аккредиттеуді ұйымдастыру негізінде жұмыс істейді.
Қоршаған орта жай күйінің мониторингі мынадай түрлерді қамтиды:
Атмосфералық ауа жай-күйінің мониторингі Қазақстан Республикасының елді мекендерінде атмофералық ауаның ластануының жай-күйіне бақылау жасау жүйесі. Мемлекеттік бақылау бекеттерінің санын және оларды әрбір нақты елді мекенде орналастыруды халық саны, жер рельефі, ластанудың нақты деңгейін ескере отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган құзыреті шегінде айқындайды.
Атмосфералық жауын-шашын жай-күйінің мониторингі атмосфераның ластануының көрсеткіші болатын атмосфералық жауын-шашынның химиялық құрамына бақылау жасау, қыс кезінде атмосфераның өңірлік ластануын бағалау және елді мекендер мен өнеркәсіп объектілерінен ластаушы заттардың таралу ауқымын анықтау үшін қар қабатындағы заттардың болуына бақылау жасау жүйесі.
Су ресурстарының сапалық күйінің мониторингі- жер үсті және жер асты сулары сапасының жай-күйіне бақылау жасау жүйесі.
Топырақ жай-күйінің мониторингі.Топырақ жай-күйінің мониторингі-елді мекен жерлерінде, суармалы аумақтар мен ауылшаруашылығы алқаптарында топырақтың техногендік ластануының жай-күйіне бақылау жасау жүйесі.
Метеорологиялық мониторинг мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды ауа-райы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді метеорологиялық, агрометеорлогиялық болжамдар жасау және дүлей метеорологиялық құбылыстардыі туындау ықтималдылығы туралы ескерту мақсатында атмосфера мен жер үстінің физикалық параметрлеріне,метеорологиялық , оның ішінде актинометрикалық, жылу балансы, озонометрикалық, аэрологиялық бақылау жасаудың кешенді жүйесі. Метеорологиялық мониторинг деректерінің негізінде климаттың және Жердің озон қабатының мониторингін жүргізу жүзеге асырылады.
Радиациялық мониторинг қоршаған ортаның объектілері мен аумақтардың техногендік және табиғи радиоактивті ластануына бақылау жасау жүйесі.
Трансшекаралық ластаулар мониторингі.Трансшекаралық ластаулар мониторингі- трансшекаралық сулар мен ауаның трансшекаралық ластануының, сондай-ақ қоршаған ортаға трансшекаралық әсерді болғызбау, шектеу және азайту үшін қолданылатын шаралар тиімділігінің жай-күйіне шекаралас мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастық шеңберінде жүзеге асырылатын бақылау жүйесі.
Фондық мониторинг қоршаған ортаның кешенді фондық мониторингі станцияларының мамандандырылған желісіндегі атмосфера мен басқа да ортаның биосферамен өзара іс-қимылының жай-күйіне бақылау жасау жүйесі.
Қоршаған ортаны қорғау. қоршаған ортаның ластануы. Қоршаған ортаның ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттың концентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, соның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады. Ластануды жүйенің тепе-теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады. Ластану әртүрлі бегілері бойынша жіктеледі:
- Шығу тегі бойынша: табиғи және жасанды (антропогенді);
- Пайда болу көзіне байланысты: а) өндірістік, ауылшаруашылық, транспорттық және т.б.; ә) нүктелік (өнеркәсіп орынының құбыры), объектілі (өнеркәсіп орны), шашшыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін);
- Әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;
- Қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әртүрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жерасты сулары, өзен сулары және т.б.);
- Әсер ететін жеріне байланысты: қала ортасы, ауылшаруашылық ортасы, өнеркәсіп орындарының ішінде, пәтер ішінде және т.б.;
- Әсер ету сипатына байланысты: химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік), физико-химиялық (аэрозолдер), биологиялық (микробиологиялық және т.б.);
- Әсер теу периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәсіп орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері);
- Тұрақтылық дәрежесіне бойынша:өте тұрақты – жүз және мың жыл тұратын (азот, оттегі,, аргон және басқа инертті газдар), тұрақты – 5-25 жыл (көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қос тотығы, озон қабатындағы фреон).
Кез келген ластаушы затты үш параметрі бойынша бағалауға болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне, улылығына және тұрақтылық дәрежесіне қарай.
Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болыпотыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады. Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астам түрі белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді.
Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі – күкірттің қос тотығы коксохимия зауыттарымен, тау-кен өндіру және целлюлоза-қағаз өнеркәсіптерінің жұмысы нәтижесінде ауаға шығарылады. Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт қышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей қабаттарына, терісіне әсер тетеді және өсімдік те көп зардап шегеді. Ауадағы күкіртті сутек адам организмін улап қана қоймайды, сонымен қатар адамдардың жүйке ауруларын туғызады.
Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азық түліктің құрамындағы фторлы сутек адамды, жануарларды құстырып өте жаман ауру туғызады. Хлорлы сутек пластмасса қалдықтарын жаққанда пайда болады. Осы газбен тыныс алғанда адамның тыныс жолдарының кілегейлі қабығын зақымдандырып, өкпенің ісік ауруын туғызады.
Қоңыр көмірді жағудың нәтижеснде ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауылшаруашылығы мен орман өсімдіктеріне әсер етеді. Әсіресе, көкеніс, жеміс-жидек өсімдіктеріне де зиянын тигізеді. Ластанған өсімдікпен қоректенген жануарлардың, адамдардың организмдерінде физиологиялық өзгерістер болады.
Цемент зауыттарынан шыққан цемент шаңдары топырақта калий, кальций, магни элементтерінің көбеюіне себеп болады. Құрамында мырыш пен қорғасын бар металлургия зауыттарының қалдықтары да өте улы әсер етеді. Осындай улы заттар жиналған өсімдікпен адам не жануар қоректенгенде олардың денсулығына қауіп төнуі мүмкін
Қазіргі кезде біз қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей топқа бөлеміз: Физикалық ластану – радиоактивті заттар, электромагниттік толқындар, жылу, шулар және тербелістер. Химиялық ластану – көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар. Биологиялық ластану – ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер. Эстетикалық зиян – табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының бүлінуі, орман-тоғайлардың жойылуы, т.б.
Биосферадағы ластану процесін 3 кезеңге бөлеміз:
ластаушы заттардың таралуы;
ластағыштардың биомассаға енуі;
ластағыш заттардың биологиялық топтануы немесе қорлануы.
Адам баласының организмі жоғарыдағы ластаушшы заттарды қабылдаған кезде белгілі бір деңгейге (мөлшерге) дейін ғана көтере алады. Ал зиянды заттардың одан әрі организмде көбейе түсуі денсаулыққа зиян.
Қоршаған ортаның химиялық ластануының кейбір түрлері қазіргі кезде глобальды экологиялық мәселелерді туғызып отыр. Олар жер шарындағы жиі-жиі байқалып отырған «Жылу эффектісі», «Озонның жұқаруы», «Қышқыл жауындар», «Фотохимиялық тұмшалар» және осылардың әсерінен туындайтын аурулар.
Достарыңызбен бөлісу: |