Экономикалыќ теорияныѕ пјні жјне јдіс-тјсілдері



бет94/124
Дата17.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#116932
түріСеминар
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   124
Байланысты:
3.МУ по практ общий предмет.Экосистема

Қауіпсіз жүйе


Қауіпсіз жүйе - белгілі бір тұлғалар немесе олардың атынан әрекет жасайтын үрдістер ғана ақпаратты оқу, жазу, құрастыру және жою құқығына ие бола алатындай етіп ақпаратқа қол жеткізуді тиісті құралдар арқылы басқаратын жүйе.

Сенімді жүйе


Сенімді жүйе - әр түрлі құпиялық дәрежелі ақпаратты қатынас құру құқығын бұзбай пайдаланушылар тобының бір уақытта өңдеуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ақпараттық және программалық құралдарды қолданатын жүйе.
Жүйенің сенімділігі (немесе сенім дәрежесі) екі негізгі өлшемі бойынша бағаланады: қауіпсіздік саясаты және кепілділік.
1983 жылы АҚШ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қызғылт сары мұқабасы бар «Сенімді компьютерлік жүйелерді бағалау өлшемдері» деп аталатын кітап шығарды.
«Қызғылт сары кітапта» сенімділіктің төрт деңгейі анықталған: D, С, В және А. D деңгейі қанағаттандырылмаған жүйеге арналған С деңгейіне А деңгеіне өту кезінде жүйелерге қатаң талаптар қойыла бастайды. С және В деңгейінің бөлімдері сенімділік деңгейінің өсуі бойынша кластарға (С1, C2. B1, B2, B3) бөлінеді.
Қауіпсіздіктің барлық алты класы бар (C1, C2, 1, B2, B3, A1). Сертификация кезінде жүйені белгілі бір кластарға жатқызу үшін, оның қауіпсіздік саясаты мен кепілдеме деңгейі маңызды талаптарды қанағаттандыру қажет.
«Қызғылт кітапқа» қойылатын талаптар келесідей:
Қауіпсіздік политикасы
Жүйе дәл анықталған қауіпсіздік политикасын ұстануы тиіс.
Субъекттің объектке қолжетушілік мүмкіндігі олардың ұқсастығы және қолжетушілікпен басқару ережелерінің жиынтығы негізінде анықталуы керек.
Объектімен қолжетушілікті бақылау процедуралары үшін бастапқы информация есебінде қолданылатын қауіпсіздік белгілері бір-біріне ұйқасуы керек.
Есеп беру
Барлық субьекттерде ерекше идентификаторлар болуы тиіс.
Қолжетушілік бақылауы қолжетушіліктің объектісінің және субъектісінің ұқсастығы, айырмашылығы және қолжетушілікті бөлу ережелері негізінде жүзеге асуы қажет.
Тіркелу жүйесі оқиғаның жалпы ағынының анализін жүзеге асыруы және одан тек қауіпсіздікке әсер ететін оқиғаларды бөліп алу қажет.
Оқиға хаттамасы рұқсатсыз қолжетушіліктен, түрлендіру және жоюдан сенімді қорғалған болуы тиіс.
Кепілдік
Қорғау құралдары қорғау функцияларының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ететін тәуелсіз аппараттық немесе программалық компоненттерден құралуы тиіс.
Бақылау құралдары қорғау құралдарынан түгелдей тәуелсіз болуы керек.
Барлық қорғау құралдары рұқсатсыз бөгеулер мен ажыратулардан қорғалуы тиіс, сонымен қатар бұл қорғау қорғау жүйесінің жұмысының кез-келген режимінде және барлық автоматтандырылған жүйелерде тұрақты және үзіліссіз болуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет