Тырысқақ – ол тырысқақтық вибриондармен таралатын адамның күштілігі өткір инфекциялық ауруы. Тырысқақтың клиникалық белгілену түрлерінің сипаттамасына тосын іш өту және жүрек айнуымен лоқсулық жатады да, ол организмнің тұзсыздануына, қан айналымының кенет бұзылуына, зәр бөлудің тоқталуына, терілік температураның төмендеуіне, қалтыраулық пен цианоздық пайда болуына, адам ағзасында зат алмасудың орталық жүйке жанды жүйенің функциясының бұзылуына және адамның ес-түссіз қалу жағдайына дейін әкеліп соғады.
Сары безгек – ерекшелік вируспен жұғатын және масалардың кейбір қатаң түрлерімен таралатын инфекциялық ауру. Клиникалық түрде жалпы интоксикалық безгектігімен, сары аурулықпен, геморрагиялық синдромамен және бүйректің бүліну жарақаттануымен сипатталады. Эпидемиологиялық сары безгектің екі формасын ажыратады. Біріншісі, ылғалды джунглилер безгегі, екіншісі, классикалық, қалалық, антропонозды болып табылатын ауру. Инфекция көзі болып қанында сары безгектің вирусы бар адам және оны маса шағу нәтижесінде адам ағзасына өткен ауру ағзада вирус оның өмір кезеңінің барлық уақытында сақталады. Сау адамға сары безгек ауруы осы маса шағу нәтижесінде өтеді.
СПИД – иммундық жетіспеушілік қабылданулық синдромы адамның иммундық жетіспеушілік вирусы (АИЖВ) арқылы таралады. АИЖВ қанға түсу арқылы лимфоциттерге еніп, оның көбею кезеңі өтеді де, адамды өлімге әкеліп соғады.
Іш сүзегі (тиф) және А мен В жұп іш сүзектер (паратифтер) сальмонелланармен таралады. Қазіргі кезде тиф және паратифтермен ауыру өте төмен. Ауру спорадикалық (бірлік жағдайлы) немесе созылмалы сулы эпидемия түрінде көрінеді. Сулы ұшқынды жағдайлар өте сирек кездеседі, олар көбінесе апаттық жағдайларда пайда болады. Іш сүзегімен күресу іс- шараларының жетекшілік орны - тұрғындарды сумен қамтамасыз ету, оның сапасы қазіргі уақыттың талаптарына сайлығы, сонымен қатар тағамдық өнімдерді, әсіресе, сүт тағамдарына ерекше бақылаулары жатады.
Дифтерия – бұл сілекейлі қабаттың, өңештің және басқа түрлі органдардың қабынуымен сипатталатын инфекциялық ауру. Бұл ауру аталған органдарда тығыз қабықтың пайда болуымен және организмнің жалпы ауыр улануымен өтеді. Дифтериямен өте жиі 4-тен 6 жасқа дейінгі балалар ауырады.
Дизентерия – бұл адамның клиникалық түрде жалпы лоқсу мен жүрек айнуы және тоқ ішектің қабыну, жаралану симптомды инфекциядық ауруы. Бұл ауру инфекция жұқтырылған су және тағам арқылы беріледі. Санитарлы гигиеналық шарттары сақталмаған жағдайда дизентерия эпидемиялық таралуға дейін өтуі мүмкін.