Экономикалыќ теорияныѕ пјні жјне јдіс-тјсілдері



бет96/124
Дата17.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#116932
түріСеминар
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   124
Байланысты:
3.МУ по практ общий предмет.Экосистема

Пандемия деңгей және көлемі бойынша бірнеше елге, барлық континеттерге және жер шарына таралған ауру.
Эпидемиялық процестің сандық сипаттамасы үшін аурулық, қазалық және өлімдік деген түсініктемелер қолданады.
Берілген аудан немесе қала тұрғындарының санына аурудың белгілі уақытына (мысалы жылға) ауру санының қатынасымен анықталады. Ауру коэффиценті 100, 10 немесе 1 мың адамға белгіленеді:
Қазалық – белгілі аурудан 100, 10 немесе 1 мың адамдардың өлуі коэффициентімен белгіленеді.
Қаза табу - белгілі берілген инфекциялық аурумен ауырған адамдардан қайтыс болғандарының пайыздық мөлшері.
Инфекциямен жұқтырылған адамдар мен жануарлар ауру қоздырғышы-ның табиғи тасмалдағыштары болып табылады, олардан патогенді микроорганизмдер сау адамдарға берілуі мүмкін, сондықтан оларды инфекция көзі деп атайды.
Ауру қоздырғышының биологиялық тасылмалдағышы жұқтырылған жағдайды антропонозды инфекциялық аурулар немесе антропоноздар деп атайды.
Инфекция көзі түрлі жануарлар мен құстар болған жағдайды зоонозды инфекциялар немесе зооноздар деп атайды.
Қабылдағыштық – бұл адамның немесе жануардың организмінің қоздырғыштың таралуына тиімді орта түзетін биологиялық қасиеттері және ол инфекциялық процестің пайда болып жүруіне жауап береді. Қабылдағыштық дәрежесі адамның жекешілік керітартпалығына (реактивтігіне) тәуелді болады.
Эпидемиялық процестің белсенділігі табиғи және әлеуметтік жағдайларының әсеріне қарай өзгереді. Әлеуметтік әсері айтарлықтай маңыздылау келеді. Әлеуметтік жағдаймен өмір сүрудің көптеген: тұрғындардың тығыздығы, тұрғын үй жағдайлары, мекенжайлардың санитарлы-коммуналдық жағдайлары, материалдық әл-қуаттылығы, жағдайы, еңбек шарттары, адамдардың мәдени деңгейлері, миграциялық процестері, денсаулық сақтау жағдайлары түсіндіріледі. Табиғи шарттарға: климат, ландшафт, жануарлар және өсімдіктер әлемі, инфекциялық аурулардың табиғи ошақтары, табиғи апаттар жатады.
Адамдардың қауіпті жұқпалы аурулары
Адамдардың жоғары пайыздық қайтыс болуы мен эпидемияларға әкелетін аурулардың сипаттамаларын атап өтейік.
Оба – (чума) күштілігі өткір зоонозды инфекциялық ауру, өте ерекше вирусты қоздырғыш – оба таяқшаларымен, әсіресе, вирулеттік қоздырғыштармен бүкіл организмге таралады және түрлі органдар мен талшықтарда геморрагиялық ошақтарды (қан құйылу ошағы) пайда болуына әкелетін қабілеттігі бар қоздырғыштар саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет