Биологиялық (бактериологиялық) қару – бұл, биологиялық микроорганизмдермен жарақталған және нысанаға жеткізу құралы бар арнайы соғыс қаруы. Адамдарды, ауыл шаруашылық малдары мен егін алқаптарын жаппай зақымдауға арналған.
Адамдардың жұқпалы аурулары – бұл ауру шақыратын микрооргонизимдерін пайда болатын ауру және ауру адамнан немесе жануардан сау адамға немесе жұқтырылып жануарға өтеді. Мұндай аурулар эпидемия ошағы түрінде пайда болады.
Эпидемия ошағы – бұл аурудың, оны қоршаған адамдар мен жануарлардың, сонымен қатар адамдардың инфекциялық аурудың қоздырғыштарына жұқтырылуы мүмкін шекті аймағы және қоздыру орны.
Эпидемиялық процесс- бұл бірінен кейін бірі пайда болған біртекті аурулардың үздіксіз тізбегінен жинақталған, адамдар арасындағы инфекциялық аурулардың пайда болуы мен таралуы. Ол эпидемиологиялық және экзотикалық ауру түрлерінде пайда болады. Қарқындылық сипаттау үшін спорадикалық ауру, эпидемиялық жарық, эпидемия және пандемия деген түсініктемелер қолданылады.
Эпидемиялық ауру – бұл белгілі аймақта (мекенжайда), тұрақты тіркетіліп тұратын ауру.
Экзотикалық ауру- бұл бұрын мұндай инфекциялық түрлер байқалмаған аймаққа қоздырғыштардың енгізілу кезінде белгіленеді.
Сперадикалық ауру – бұл эпидемиялық процестің қарқындылығының ең төменгі дәрежесі, инфекция қоздырғышының біртекті көзінен байланыспаған инфекциялық аурулардың пайда болуының бір немесе бірнешелік жағдайлары.
Эпидемиялық жарық –дегеніміз адамдардың бір мезгілде жұқтыруымен байланысты, уақыттық және аймақ бойынша шектеулі аурудың бірден көтерілуі.
Эпидемия (грек. epіdemіa), індет - жұқпалы аурудың қалың көпшілік арасына (белгілі бір жерге, елге) жаппай таралуы