12- дәріс
Жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстардың теориялық модельдері
Қазіргі таңда жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстардың пайда болуы мен дамуының этиологиясы мен механизмдерін түсіндіретін жалпыға ортақ теориялық тұжырымдама жоқ. Бірнеше теориялық модельдер бар, олар: психодинамикалық, когнитивті, психологиялық - әлеуметтік және психологиялық – биологиялық тұрғылар мен соңғы жылдары қүрастырылған жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстардың мультифакторлы теориясы.
Психодинамикалық, когнитивті, психологиялық - әлеуметтік модельдер психологиялық модельдерге жатады. Зақымдаушы оқиғалардың құрбандарының қалыпты өмірге бейімделу процесінің негізгі заңдылықтарын талдау барысында құрастырылған. Зерттеулер бойынша дағдарыс жағдайынан шығу тәсілдері мен жарақаттан кейінгі стресті (жарақат жайында кез келген естеліктен барынша қашу, жою, жұмысқа берілу, ішімдікке, есірткіге салыну, өзара жәрдемдесу топтарына енуге тырысу және т.б.) жеңу тәсілдерінің және болашақ бейімделудің жетістігінің арасында тығыз байланыстың орнағанын көрсетті. 1) зақымдаушы оқиғаны талдап, жарақаттың барлық жағдайларын толықтай сезіну үшін ол жайындағы естеліктерге саналы оралу; 2) жарақаттаушы тәжірибе иесінің жарақаттаушы жағдайдың маңызын сезінуі.
Психодинамикалық тұрғы бойынша жарақат символдау процесінің бұзылуына әкеледі. Фрейд жарақаттаушы неврозды нарцистік дау ретінде қарастырған. Ол стимулды кедергі атты ұғымын енгізеді. Қарқынды немесе ұзақ мерзімді ықпалдың әсерінен кедергі жойылып, либидоздық қуат субьектінің өзіне алмасады. Жарақатқа фиксациялану бұл – оны қадағалаудың әрекеттері болып табылады. Қазіргі заманғы психодинамикалық модельде жарақаттаудың салдары ретінде: дамудың оральды сатысына оралу, либидоның обьектіден Менге ауысуы, садомазохистік инфантильді импульстердің ремобилизациясы, қарапайым қорғандардың пайдаланылуы, Меннің тәуелсізденуі, агрессорға ұқсастырылуы, «Жоғары Мен» қызметінің архаикалық формаларына оралу анықталады. Жарақат балалық шақтағы дау-дамайлардың маңызын арттыратын триггерлі мехнизм деп есептелінеді (Калмыкова, Падун).
Зерттеушілердің есептеуінше мұндай жағдайда болмыстың ақиқаттылығына, әлемнің рацияоналдылығына, сондай-ақ жағдайды дербес бақылауға алу сенімділігіне деген сенім сақталынып, артады. Оның басты міндеті – санада тіршілік еткен әлемнің үйлесімін, оның когнитивті моделінің біртұтастылығы: әділдік, жеке басының құндылықтары, айналадағылардың мейірімі жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстарға шалдыққан құрбандарда анағұрлым бұрмаланатындықтан дәл осы бағаларды жандандыруда (Калмыкова, Падун).
Достарыңызбен бөлісу: |