Байланысты: «Экстремальды психологияны о ытуды негіздері» п ні бойынша д рі
14- дәріс ЖАРАҚАТТАН КЕЙІНГІ СТРЕСТІК БҰЗЫЛЫСТАРДЫҢ ПСИХОТЕРАПИЯСЫ
Психотерапия жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстардың маңызды екі аспектісін ұстануы тиіс, олар: мазасыздықты төмендету және қалыптасқан жағдайды қадағалау мен тұлғалық біртұтастылық сезімін қалпына келтіру.
Горовицтің еңбектерінде клиенттің өзекті күйлерінің бес кезеңі көрсетіледі (оның жарақаттаушы оқиғаға реакцияларының фазалары):
Жарақаттаушы оқиғаның нәтижесінде ұзақ мерзімді стрестік күй.
Адам төзгісіз күйзелістердің көрініс беруі, есеңгірететін сезімдер мен бейнелердің пайда болуы.
Қашу мен есеңгіреудің бақылауға болмайтын күйінде тұрақтап қалу.
Естеліктер мен күйзелістерді қабылдау мен шыдауға қабілетті болу.
Ойлар мен сезімдерді өз бетінше өңдеу қабілеті.
Клиенттің жарақаттаушы оқиғаға реакциясының әрбір фазасына психотерапияның тізбектелген мақсаттары сәйкес келеді:
Оқиғаны аяқтау немесе клиентті стресогенді ортадан шығару. Уақытша қатынастарды орнату. Клиенттің шешім қабыладуға, әрекеттерді жоспарлауға көмектесу.
Күйлердің амплитудасын шыдауға болатын естеліктер мен күйзелістер деңгейіне дейін төмендету.
Клиенттің жарақат пен оның салдарын қайтара күйзелуіне, сондай-ақ естеліктерін бақылау және ерікті еске түсіру мүмкіндігіне ие болуына көмектесу.
Клиенттің ассоциацияларын және онымен байланысты когнициялары мен Мен-бейнесі мен басқа адамдардың бейнесіне қатысты эмоцияларын қайта қарауына көмектесу. Клиенттің жарақат пен қауіпті күйзелуінің, тұлғааралық қатынастар паттерндерінің, Мен-бейнесінің және болашаққа деген жоспарларымен арасында байланыс орнатуына көмектесу.
Терапевтік қатынастарды талқылау. Психотерапияны аяқтау.
Жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстарға шалдыққан клиенттерге психотерапевтік көмектің реципиенті рөлін қабылдаумен байланысты нақты қиындықтар тән. Ондай қиындықтарды шарттандыратын себептер төмендегідей:
Клиенттер көбіне «кешіргендерін ойларынан» өз күшімен лақтырып тастауым керек деп есептейді. Олардың ондай ұмтылыстарына айналасындағы адамдардың клиенттің өткен жағдай жөнінде ойлауын тоқтататын кез келді деп есептейтін сенімдері де ықпал етеді. Алайда ондай үміттері әрине ақтала қоймайды.
Дербес қайғы жартылай болса да экстерналданады: клиенттер жарақаттың сыртқа себебі (зорлаушы, жол-көлік апатына кінәлі адам) бар екендігіне, оның салдарынан туындағын психикалық ауытқулардың олардың бақылауынан тыс жатыр деген сенімін сақтап қалады.
Жарақаттан кейінгі симптомдар (түнгі қорқыныштар, фобиялар) жеткілікті азап шектіреді, алайда клиент олардың емдеуге болатын аурудың көрінісін (депрессия немесе мазасыздық сияқты) құрайтынын білмейді.
Кейбір клиенттер заңды және/немесе қаржылық компенсацияны алуға күресте, сол құқыққа ие болу үшін ғана дәрігерге немесе психологқа жүгінеді.
Осыны есепке ала отыра психотерапевт жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстарға шалдыққан клиентпен алғашқы қатынасында-ақ нақты бір мақсаттарды жүзеге асыруға тырысуы керек. Олар: сенімді қатынасты орнату; клиентті ауытқушылығының сипаты және терапевтік жәрдемнің мүмкіндіктері жайлы хабардар ету;клиентті келесі терапевтік тәжірибеге, атап айтқанда – ауыр жарақаттаушы күйзелістерге қайта оралу қажеттігіне дайындау.
Жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстарға шалдыққан адамдармен терапевтік жұмыс үш кезеңнен тұрады. Терапевтің бірінші кезеңдегі басты мақсаты қауіпсіз атмосфераны қалыптастыруда. Екінші кезеңнің негізгі міндеті бұл – естеліктермен және күйзелістермен жұмыс жасау. Үшінші кезеңнің негізгі міндеті үйреншікті өмірге ену.
Ең жиі кездесетін терапевтік қателер:
жарақаттаушы материалдан қашу;
жеткілікті дәрежеде қауіпті атмосфера қалыптаспайынша және сенімді терапевтік қатынастар орнағанша жарақаттаушы тәжірибені уақытынан бұрын және тез өңдеу.
Жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстарға шалдыққан клиентпен жасалынатын терапевтік қатынастың өзіне тән ерекшеліктері бар, олар:
Клиенттің әлемге сенімсіздігі айқын көрініс беретіндіктен біртіндеп оның сеніміне ие болу.
Терапияны жүргізудің «ресмилігіне» қатысты үлкен сезімталдық (жарақаттаушы оқиғалар жайында әңгімелесудің алдында стандартты диагностикалық процедуралардан бас тарту).
Терапияны жүргізуде клиент үшін сенімді ортаны қалыптастыру.
Клиенттің қауіпсіздігіне бағытталған қажеттілікті қанағаттандыруға ықпал ететін жоралғыларды бара-бар орындау.
Терапия басталғанға дейін психотерапевтік ықпалдың жетістігі үшін дәрігерлік емдеу мөлшерін азайту немесе тоқтату.
Клиенттің шынайы өміріндегі қауіптің ықтималды бастауларын талқылау және оларды жою.
Жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстарға шалдыққан клиенттермен жүргізілетін терапевтік жұмыстың келесі бір маңызды аспектісі бұл – жұмыс барысында психотерапевтің өзі кешіретін психологиялық қиындықтары. Ең алдымен, ол әлемнің зұлымдығы мен қауіптілігіне бетпе-бет кездесу үшін интеллектілі және эмоциялы дайын болуы тиіс. Психотерапевтер мінез-құлықтарының негізгі екі амалын ерекше атап өтуге болады, олар: қашу (құнсыздандыру) және жоғары идентификация.
Терапевтік ең шеткі реакциясы – құнсыздандыру және идентификация: «Мен мұндай клиентке шыдай алмаймын!» - деген дербес сезімдері (қорқыныш, жиіркеніш) оның клиенттің әңгімесін қабыладу қабілетін жояды; жеке жәйттерге қатысты сенімсіздігі туындауы мүмкін. Терапевт жарақат жайлы әңгімені қабыладуға қабілетсіздік пен ынтасыздықты көрсетіп, оны тексеріп, өңдегісі келмей меңіреу көзқарасты танытады. Ондай ұстаным терапевтің клиенттің проблемаларынан алшақтағандай, жеке жәйттер мен нақты күйзелістерге қатысты ешқандай сұрақтарды қоймауына әкеледі. Мұндай қорғаныс мінез-құлқы жарақаттанған клиенттер терапиясындағы басты қате болып табылады. Терапевтің клиент өмірінің ұсқынсыз (жалпыға бірдей мойындалған адамгершілік тұрғысында) биографиялық деректері «үнсіз қастандықты» арттырып, оларды бір-бірінен одан сайын алшақтатып, нәтижесінде жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстардың созылмалы формасының дамуына әкелуі мүмкін.
Жарақаттанған клиенттермен жүргізілетін жұмыс терапевтің үлкен эмоциялы үлесін талап етеді.
Жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстар жағдайындағы психотерапевтік әдістер әрқилы болады:
Рационалды терапия – клиентке жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстардың себептерін механизмдері түсіндіріледі.
Қысым мен мазасыздық симптомдарын жеңілдету үшін психикалық өзін-өзі реттеу әдістері – аутотренинг, прогрессивті бұлшық ет релаксациясы, жағымды бейнелердің белсенді визуализациясы.
Когнитивті психотерапия – бейімсіз ойлардың мәнін қайта қарастыру үшін және жағымсыз ұстанымдарды өзгерту үшін қолданылады.
Тұлғалық – бағдарланған терапия – зардап шеккен адамның психологиялық жарақаттаушы жағдайға қатынасын өзгертіп, оның өзіне болмаса да оның өзіне деген дербес қатынасына жауапкершілікті жүктеуге мүмкіндік береді.
Жағымды терапия, гешталь тұрғы проблемалар мен сырқаттардан басқа, әрбір адамның бойынан табылатын олардың жеңу тәсілдері мен мүмкіндіктерінің бар екендігі жайлы түсініктерге негізделеді.
«Логотерапия» сынды одан да маңызды тұрғы бар. Оның мақсатыорын алған жағдайдың мәнін табуда (Франкл). Оқиғаның мәні табылғанда клиенттерді көпшілігі жазылады екен.
Топтық терапия – жарақаттаушы тәжірибені кешірген клиенттер үшін неғұрлым жиі қолданылатын формат болып табылады. Ол даралық терапияның әрқилы түрлерімен үйлесімде қолданылады.
Жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстарға шалдыққан клиенттермен жұмыстың барысында топтық терапияның қандай әдістері қолданылмасын, ол жұмыс нақты терапевтік мақсаттарға қол жеткізуге бағытталады, олар:
Қолдау тобының қауіпсіз кеңістігінде жарақатты қайтара эмоциялы күйзелу, оны терапевтпен және топпен бөлісу;
Ұқсас жарақатты кешірген адамдар тобымен араласу оқшаулану, сырттану, ұялу сезімдерін азайтып, топтың әрбір мүшесінің кешірген күйзелісінің қайталанбастығына қарамастан жөнділік, қатыстық, қоғамдастық сезімдерін күшейтуге мүмкіндік береді.
Терапевт пен топ мүшелерінің тарапынан әлеуметтік қолдауға ие болудың нітижесінде қарқынды аффектілердің тұтануын басқалардың қалай кешіретінін бақылау мүмкіндігі;
Жеке жарақаттың салдарын меңгеру әдістеріне бірігіп оқыту;
Көмектесе алатын адамның рөлінде болу мүмкіндігі. Дербес құнсыздығын жеңуге, дербес оқшаулану сезімі мен өзін құртатын жағымсыз ойлардан арылуға көмектеседі;
топ мүшелерінің стрестік оқиғаны өзге, неғұрлым бейімді үлгіде қабылдауға көмектесетін жаңа өзара қатынастар тәжірибесіне ие болу.
Топтық терапияның қағидалары мен әдістері көптеген еңбектерде сипатталған (мәселен, Рудестам, Ялом). Біз психотерапия топтары мен тренингтің топтарға ортақ ережелерді келтіруге тырыстық.
Топ жұмысының ережелері: