Қарым-қатынастың сенімділігі. Топтық анағрлым қайтарыммен жұмыс жасап, топ мүшелерінің бір-біріне неғұрлым сенімділікпен қарауы үшін, сенімділік ахуалын қалыптастырудың алғашқы адамы ретінде «сен» деп атаудың ортақ қалпын қабылдау. Ол топ мүшелерінің барлығын жасы мен рөліне қарамастан (терапевтті де қосқанда) бір-бірімен психологиялық тұрғыда теңестіреді.
«Осында және қазір» қағидасы бойынша араласу.
Пікірлердің персонификациясы.
Қарым-қатынастың шынайылығы. Жұмыс барысында топ мүшелері орын алған жағдай жөнінде тек не сезінетіндерін және не ойлайтындарын ғана айтады, яғни тек ақиқат қана сөз етіледі. Егер ашық әрі шынайылықпен сөйлеу тілегі болмаса, топ мүшелері үндемейді. Аталмыш ереже топтың басқа мүшелерінің және әр адамның өзінің әрекеттеріне қатысты сезімдерін ашық білдіруге негізделеді.
Топта орын алған жағдайлардың барлығының конфиденциалдылығы.
Тұлғаның қуатты жақтарының анықталуы.
Адамның тікелей бағалануына жол берілмеуі.
Әртүрлі адамдармен неғұрлым көбірек араласу. Әрине, әркімнің өзіне ұнайтын адамдары бар, бірақ сабақ барысында қатысушылар топ мүшелерінің барлығымен, әсіресе аса таныс емес адамдармен араласуға тырысулары тиіс.
Болған оқиғаға белсенді қатысу.
Баяндамашыны сыйлау.
15-дәріс
ТӘН ТЕРАПИЯСЫ – ПСИХОЛОГТЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ӘДІСІ РЕТІНДЕ
Қазіргі таңда психология мен психологиялық тәжірбиенің алдында адамның табиғатына бара - бар жаңа тиімді диагностикалық және психокоррекциялық әдістерді іздестіру міндеті тұр.
Тәннің адам өмірінің негізгі құндылығы болып, өмірлік үрдістерде бірінші дәрежелі маңызға ие екендігін ерекше атап өткен жөн. Тән бұл өмірдегі бастапқы бітім. Жақын арада дүниеге келген нәресте өзін дүниеден немесе әлемді өзінен бөлек сезіне алмайды. Тәннің шекаралары адамды ортасынан ерекшелендіріп тұратындықтан, ол ең бірінші өз тәнімен теңдестірілуі тиіс. Кейінірек тән тұлғаның және сананың негізі ретінде құрылып, «мен» ретінде қабылданды.
«Мен-бейнесі» тәннің тән контурларымен кинестетикалық түйсіктермен және визуалды қабылдауымен , уақытпен кеңістікте қалайша бағдарланатынына байланысты. Дәл тәндегі сезімдік тәжірибе психологиялық даму мен өзіндік танымның негізі болып табылады. Бұл филогенетикалық әрі онтогенетикалық аспектіде де өзекті тәнге бағдарланған(Т.Б.Т) қазіргі заманғы психологияның негізгі бағыттарынң бірі болып табылады. Сондай-ақ оны соматикалы психология депте атайды.
Бұл «адам жанының тәнмен жұмыс жасауы арқылы сауығуының»синтетикалық әдісі.
Қазіргі заманғы зерттеушілер психикамен тән ағзасының құпиялы тірі өзара байланыстарын толыққанды елестетуде қиналады. Сезімдеріміз үнемі тәндегі қызметтерімізге әсер етіп отырады. Сонымен бірге физиологиялық өзгерістер психологиямызға ықпал ететін кері реттегі құбылыстарда бізге жақсы таныс. Адам бір уақытта күрделі физиологиялық аппарат әрі өз күйін ( вербалды қатынасу) көрсете алатын индивид болғандықтан оны психикалық әрі физиологиялық қырынан кешенді зерттеген жөн. Тәнге бағдарланған терапия тәнмен жұмыс жасау арқылы психологиялық проблемаларды шешіп отырады.
Тән терапиясы бұл- тұлға дамуының моделдері , тұлға теориялары , өзгерістермен психологиялық бұзылыстардың шығу тегі жайындағы болжамдар, сондай-ақ терапевтік өзара қатынастардың шеңберінде қолданылатын көптеген диагностикалық және терапевтік техникалар . Тән терапиясы тәнді босатып , қозғалыс пен сезінудің мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік беретін негізгі екі әдісті қолданады. Бірінші әдіс блоктарды ашатын , бұлшық еттерді керіп , созатын және икемділікті арттыратын қозғалыс жаттығулары. Екіншісі – терең сезімдерді (яғни психологиялық кешендерді ) көрсететін спонтанды қозғалыстарды босататын жанасу әрекеттері. Екі тұрғыныда психикалық сезінуді тудыру үшін тән терапиясында қолдануға болады. ТБТ-ны жасау барысында бірнеше арнайы жаттығу түрлерінде жүргізуге болады: дисфункциялы паттеріндерін қуаттандыратын және түзететін дем алу жаттығулары. Патологиялық қозғалыс таптаурындарын жоюға, бұлшық ет сезімімен әлсіз қозғалыс координациясын дамытуға ықпал ететін қозғалыс жаттығулары: медиативтік және т.б жаттығулар. ТБТ әдістері психосоматикалық ауоуларды, невроздарды, психикалық жарақаттардың салдарынан ( дамудағы жарақаттар, естен тандыратын тарвмалар) және тарвмадан кейінгі стресстік бұзылыстарды, сары уаиымшыл күилерді, агрессивті мінез-құлықты емдеуде аса тиімді. ТБТ тұлғаның әлеуетін толыққанды ашуға, адамға тән өзіндік анықтаудың тәсілдерін арттыруға , сана сезімді қатынасты кеңейтуге дене және психикалық ахуалды жақсартуға мүмкіндік беретін тұлғалық жетілудің құралы брлып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |