«Экстремальды психологияны оқытудың негіздері» пәні бойынша дәрістер


Тәнге бағдарланған терапияның теориялық - әдістемелі негізі



бет18/18
Дата21.04.2023
өлшемі107,55 Kb.
#85299
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
«Экстремальды психологияны о ытуды негіздері» п ні бойынша д рі

Тәнге бағдарланған терапияның теориялық - әдістемелі негізі.
Қазіргі таңда тәнге бағдарланған теропия әлемдік психологиялық және психотеропиялық кеңістіктегі жетекші бағыттардың бірі болып табылады. Тән теропиясы ғылым ретінде соңғы 80-жылда дамыды, ол физиологияға психологияға, антропологияға, нейропсихологияға даму психологиясына негізделді. Тән терапиясында «сана –тән» өзара байланысы мен өзара әрекеттестігінің көптеген теориялары мен моделдері бар.
Тәнге бағдарланған теропия дербес бағыт ретінде қалыптасып, дамуда, сонымен бірге ол бұрыннан көптеген тұрғылардың (психоонолизде, гештальт психологиясында және т.б ) ағымында қосымша бағыт ретінде қолданылады.
«Тән» бейнесі ұғымын адамның өз тәнін субьективті күйзелуі ретінде анықтап Шилдер енгізген. Шилдердің ойынша ол психикалық кеңістік бейне ретінде тұлғааралық өзара әрекеттестікте қалыптасады. (Томэ, Кеккеле, 1996) Тән бейнесі бұл өзгермелі психикалық конструкт. (Филозоп, 2002)
Тәнге бағдарланған терапия психотерапияның бірқатар авторлық әдістерді біріктіретін бағыт: В.Райхтың вегетативті терапиясы, А.Лоуэнның биоэнергетикалық психоанализі, соматикалық терапия Д.Боаделланың биосинтезі, Ф.Фельденкрайздың үйреншікті дене позаларын анықтаумен байланысты қозғалыс жаттығуларының кешені.
Тәнге бағдарланған психотерапияның аумағына бірегей ресейлік әдістемелердің қатары, ең алдымен танатотерапия (В.Баскаков) кіреді. Клиенттермен жұмыс жасауда қолданылуы мүмкін әдістемелер де тәнге бағдарланған психотерапияға жақын келеді, олар: М.Розеннің розен-әдісі, М.Белокуровтың инсайт-әдісі, қозғалыс және би терапиясының әрқилы түрлері, сондай-ақ Р.Лабанның қозғалыстардың талдамасы мен актерлік шеберліктің техникалары.
Тікелей З.Фрейдтің басшылығымен қызметін психоаналитик ретінде 20 жж. бастаған Вильгельм Райх тәнге бағдарланған терапияның негізін қалаушысы болып табылады. Райхтың психоанализ тәжірибесіне енгізген бірінші жаңалығы жеке симптомдарды талдаудан пациенттің мінезін талдауға көшуінде. «Мінезді жабынға енгізу» феномені немесе эмоцияларды тұншықтыру құралы ретінде пайда болатын қоғамдық таптаурындар мен авторитарлы отбасылық ахуалдың ықпалынан рухани өмірдің механизациялануы Райхтың екінші жаңалығы болып табылады. Адам бұлшық ет қысымының есебінен эмоциялардың экспрессивті компоненттерін тұншықтыруы тиіс. Соның негізінде функциялы, физиологиялық деңгейде Райхтың «мінез жабыны» «ойлау жабынына» ұқсас (39, 26 бет).
Организмде қалыпты таралуы рухани және тән саулығының негізі болып табылатын, ал еркін жүруінің бұзылуы невроздар мен басқа да ауру күйлердің патогенезін құрайтын «биопсихикалық» немесе вегетативті қуат ұғымының енгізілуі Райх жүйесінің үшінші пастулаты болды. Сонымен бірге невроз қуатының бастауы үйреншікті рухани өмір процесінде құралады. Соның негізінде Райхтың ойынша невротикалық күй психологиялық денсаулықтан дәл тұрақты эмоциялы қозумен немесе оның тәндегі эквиваленті вегетативті қуаттың тұрақты ошақтарымен ерекшелінеді. Соған сәйкес Райх невроздарды емдеудің патогенетикалық тәсілі вегетотерапия немесе сегетативті қуаттың қалыпты ағымын оның жүруіне кедергі тудыратын созылмалы артқан бұлшық ет тонусына ықпал ету арқылы, сондай ақ ерекше үлгіде реттелеген дем арқылы қалпына келтіру әдісі ұсынады.
Фрейд, Адлер және Юнгтың ізімен, Райх өзінің сексуалдылық теориясы жөніндегі ең алғашқы еңбегінен бастап, соматикалық, менталды және эмоциялы күйлерде көрініс беретін негізгі психологиялық қуатты іздейді. Ол алдымен мінез жабынында, кейін бұлшық ет жабынында либидоның тоқыраған жерлерін іздеді
Райх тікелей мінез жабынына ықпал ету керек деп есептеді. Мінез жабыны деп ол қозуды тежейтін созылмалы физиологиялық ригидтілікті атады. Ол өзінің «мінез талдамасы» деп атайтын аналитикалық интерпретацияларын өзі «бұлшық ет бейімдіктерінің вегетотерапиясы» және «биофизикалық қызмет ету бөліміндегі мінез талдамасы» деп атаған қорғаныс бұлшық еттеріне тікелей ықпал етуден ажыратты.
Райх тәнді қамтитын бұлшық ет жабынының жеті шыжғырығын көрсетті:

  1. Көздер. Көз аймағындағы қорғаныс жабыны маңдайдың қозғалыссыз қалуында және көздердің «бос» қалпында көріндеі. Оны көздерді мүмкіндігінше кең ашу арқылы, сондай ақ көздердің еркін калпымен және жан жаққа қараумен босатуға болады.

  2. Ауыз. Оральды сегмент иек, тамақ және желке бұлшық еттерін қамтиды. Бұл сегмент жылаудың, айғайлаудың, ашуланудың, тістеудің, емудің эмоциялы көрінісін қамтиды. Қорғаныс жабынын жылауды келтіру, еріндерді қозғалысқа келтіретін дыбыстарды айту, тістеу, құсу қозғалыстары және сәйкес бұлшық еттермен тікелей жұмыс жасау арқылы босаңсытуға болады.

  3. Мойын. Бұл сегмент мойын мен тіл бұлшық еттерін қамтиды. Қорғаныс жабыны негізінен ашуды, айғай мен жылауды қамтиды. Айғайлар, құсу әрекеттері жабынды босаңсытады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет