«Экстремальды психологияны оқытудың негіздері» пәні бойынша дәрістер


- дәріс Экстремалды жағдайлардың адам психикасына тигізер зардабының ғылыми тұрғыдан зерттелінуі



бет3/18
Дата21.04.2023
өлшемі107,55 Kb.
#85299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
«Экстремальды психологияны о ытуды негіздері» п ні бойынша д рі

3- дәріс
Экстремалды жағдайлардың адам психикасына тигізер зардабының ғылыми тұрғыдан зерттелінуі
Кризистік жағдай немесе дағдарыс (грекше krisis – шешім, дамудың жаңа кезеңі, қорытынды). Орыс тіл маманы В.И.Дальдың түсіндірме сөздігінен қазақша аударғанда өтпелі кезең, төңкеріс, ауыспалы күйдің шешуші кезеңі ретінде анықталады. Қытайлықтар дағдарыс сөзін біріншісі «қауіп» деп, екіншісі – «мүмкіндік» дегенді білдіретін екі иероглифпен белгілейді. Э.Эриксон еңбектерінің негізінде әдетте дағдарыстың қалыпты және қалыпсыз деген екі түрі қарастырылады.

  • Қалыпты немесе заңды дағдарыстарға тұлғаның өмірлік жолдың нақты кезеңдерін кешіруімен байланысты дамудың жас ерекшелік дағдарыстары (үш жастағы дағдарыс, жасөспірімдік дағдарыс және т.с.с.) жатқызылады;

  • Қалыпсыз дағдарыстар тұлға өмірінің сыртқы жағдайларындағы өтпелі өзгерістердің салдарынан туындап, соған байланысты «аналық құқығынан бас тарту дағдарысы» (М.Я.Радионова), «тұлғаның өзін-өзі анықтау дағдарысы» (Е.Ю.Литвинова), «мәдени шок» (П.Адлер) деген және т.с.с. атауларға ие болады. Өмірге бейімделу дағдарысын да қалыпсыз дағдарыстар деп атайды.

Өмірге бейімделу дағдарысы бұл – адамның тіршілігіне және оның негізгі қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына қауіп төндіретін «өмір қисынының ажыруына» әкелетін, өмірдің сыртқы жағдайларының күрт өзгерістерінде адам болмысының сыртқы және ішкі жағдайларының салыстырмалы тұрақты динамикалық тепе-теңдігінің бұзылуы. Олар төмендегідей айрықша белгілерімен сипатталады (Осухова Н.Г.):

  • өмірдің бұрынғы негіздерінде жалғастыруға мүмкіндік бермейтін өмірлік жағдайдың күрт бұзылуынан туындайды («өмір қисынының ажырауы»);

  • әлемнің бұрынғы бейнесінің (адамның өзі және әлем жайлы ойлары) ақиқатқа сәйкес келмеуімен сипатталады, ал бұрында қалыптасқан бейімделу тәсілдері (адамның өз-өзімен, өзглермен, тұтастай әлеммен үйлесімі) өз тиімділігін жоғалтады;

  • адам үшін (немесе топ үшін) маңызды құндылықтан айырылу; субьективті түрде «өмір сүре алмау» ретінде қабылданады;

  • адамның өз-өзінен, өзгелерден, тұтастай әлемнен алшақтауға, мазасыздыққа, қысымға ұласады;

  • адамның әлемдегі өз орнын және өзіндегі әлемді өзгерту қажеттігінен, атап айтқанда - әлемнің және «өзге өмірдің» жаңа бейнесін құрудан туындайды.

Бейімделу дағдарысын кешірген адам обьективті түрде бұрынғы іс-әрекетін, бұрынғы қатынастарын, бұрынғы өмір салтын жалғасытра алмайды, соны салдарынан запа шегіп, күйзеледі. Сонымен бірге дәл ауыр күйзелістер адамның сәл кідіріп, ойланып, өзін жете түсінуіне, өмірдің жаңа негіздерін анықтауға мүмкіндік беріп, өз-өзімен, өзгелермен және тұтастай әлеммен қатынастарын қайта қалыптастыруға жол ашады.
Өмірге бейімделу дағдарыстарының ішінде оның екі түрі айқын байқалады (Н.Г.Осухова):

  1. адам өмірінің қалыпты циклінде міндетті түрде орын алатын күрделі өмірлік жағдайлардан туындаған дағдарыстар (жақын адамның өлімі, ажырасу, зейнеткерлікке шығу және т.б.);

  2. төтенше және экстремалды жағдайлардан туындаған «жарақаттаушы дағдарыстар».

«Экстремалды» және «төтенше» ұғымдары синонимді. Алайда Н.Г.Осухова «төтенше жағдай» және «экстремалды жағдай» ұғымдарын жарақаттаушы бастауына қарай ажыратуды ұсынады:

  • төтенше жағдайдағы жарақат бастауын анықтауға болмайды (мәселен, табиғи апат);

  • экстремалды жағдайда ол антропогенді немесе әлеуметтік сипатқа ие, яғни жарақаттаудың бастауы ретінде басқа адам алынады.

Н.Г.Осухованың ұсынған тұрғыға сәйкес:

  • Төтенше жағдай – нәтижесінде күтпеген жерден адамдардың көп саны өлім құшатын немесе жарақаттанатын қоғам өмірінде тұтқиылдан туындайтын ерекше оқиғалар (табиғи апаттар, эпидемиялар, технологиялық авариялар, опаттар, соғыстар, әлеуметтік зұлматтар).

  • Экстремалды жағдай - жарақаттаудың бастауы ретінде басқа адам болып табылатын адамның қалыпты тәжірибесінің шеңберінен тысқары жағдай (көшедегі зорлық, жыныстық зорлық, ланкестік актілер).

Н.Г.Осухованың ұсынған топтамасын барлық авторлар ұстанбайтындықтан біз қарапайымдылық пен ыңғайлылық үшін аталмыш терминтердің біреуін, атап айтқанда экстремалды жағдайларды қолданамыз.
Қызмет көрсету бөліміндегі қызметкердің жетістікке жету жолында көптеген қауіп-қатер, кедергілер кездесуі мүмкін. Алайда ол үшін сынақтар мен бақытсыздықтардың ішіндегі ең күрделісі тұтқиылдан пайда болғандары. Тұтқиылдылық факторы жиі адамды есінен тандырып, оны әуре сарсаңға ұшыратады, сасқалақтатып, белсенді әрекет етуіне және іске шоғырлануына қабілетсіз етіп, сәтсіздіктерге, ауруларға, тіпті кей жағдайларда апатқа да ұласуы мүмкін. Аталмыш жағдай көбінде қиын, дағдарысты, төтенше, экстремалды жағдайларға тән.
Сонымен бірге, адамзат тарихында еркісіз экстремалды жағдайлар өте көп орын алуда. Әрине, әдістемелік нұсқау немесе кітап бойынша өмірімізді қауіпсіз ете алмағанымызбен, экстремалды жағдайлардағы көмек пен өзара көмектің психологиялық ұсыныстары әрекеттің нұсқасы ретінде, құлақ түрер ақпар ретінде жақсы. Өйткені адамдар бастарынан кешірген апатты жағдайлардың біраз бөлігінде қарапайым білімдерді меңгеріп, пайдалану арқылы, қарапайым қателерді жібермей сақтануы мүмкін еді ғой. Қауіпсіздіктің жеке қорғану күші нақты білімдерге, таубашылдыққа және қауіпсіздіктің жалпы қисынын түсінуге арқау етеді. Танымал саяхатшы және адамның тірі қалуы жөнінде маман Яцек Палкевич оны төмендегіше көрсетеді:

  1. Қатерді алдын ала сезіну.

  2. Мүмкіндігінше оны болдырмауға тырысу.

  3. Қажетінше – нақты әрекет ету.

Алайда ең алдымен қандай жағдайлардың сындарлы екендігін, сондай-ақ төтенше жағдайлардың экстремалды жағдайлардан айырмашылықтарын анықтап алу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет