«Экстремальды психологияны оқытудың негіздері» пәні бойынша дәрістер


-дәріс Экстремалды жағдайларда көрсетілетін психотерапия мен психопрофилактиканың бағыттары



бет6/18
Дата21.04.2023
өлшемі107,55 Kb.
#85299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
«Экстремальды психологияны о ытуды негіздері» п ні бойынша д рі

6-дәріс
Экстремалды жағдайларда көрсетілетін психотерапия мен психопрофилактиканың бағыттары
Психотерапия мен психопрофилактика е к і б а ғ ы т т а жүргізіледі. Біріншісі:

  • шиеленіскен үрейлі реакциялардың;

  • мерзімі бойынша кешіктірілген жүйке-психикалық бұзылыстардың профилактикасы ретінде – тұрғындардың дені сау бөлігімен жүргізіледі.

Екінші бағыт - жүйке-психикалық бұзылыстары бой алған адамдардың психотерапия мен психопрофилактикасы. Апаттар, табиғи ауыртпалық аймақтарында құтқарушы жұмыстарды жүргізудің техногендік қиындықтары зардап шегушілердің біршама ұзақ мерзімде сыртқы әлемнен толық оқшау қалуларына әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда аман қалған, алайда қоршаған әлемнен толықтай оқшауланған (жер сілкіну, опаттың, жарылыстардың және т.с.с. салдарынан) адамдардың тіршілік ету қабілеттеріне психологиялық қолдау көрсетуді мақсат ететін шұғыл «ақпараттық терапия» түрінде психотерапевтік көмек ұсынылады. «А қ п а р а т т ы қ т е р а п и я » дыбыс күшейткіш жүйесі арқылы жүзеге асырылып, зардап шегушілер естулері тиіс төмендегідей ұсыныстарды жария етуден құралады:

    1. қоршаған әлем оларға көмекке келетіні және оларға көмектің барынша жедел көрсетілуіне барлық жағдайлардың жасалып жатқандығы жайлы ақапарат;

    2. оқшауланғандар мүмкіндігінше байсалдылық, сабырлық, шыдамдылық танытулары қажет, өйткені аталмыш қасиеттер олардың құтқарылуының негізгі құралдарының бірі болып табылады;

    3. оқшау қалған адамдар өз-өздеріне көмек көрсетуі қажет;

    4. үйіндінің астында қалып қою қаупі бар жағдайда зардап шегушілер өздігінен эвакуациялануға қайсыбір шаралар қолданбағандары жөн, өйткені соның салдарынан оларға қауіпті болуы мүмкін сынықтардың алмасуына әкелуі мүмкін;

    5. күш қуаттарын барынша үнемдеулері қажет;

    6. өздерін жеңіл көз шырымын алу күйіне жақындататын және күш-қуаттарын жоғары дәрежеде үнемдеуге мүмкіндік беру үшін көздерін жұмып отырулары қажет;

    7. организмдегі және айналасындағы ауадағы оттегіні үнемдеуге мүмкіндік беру үшін ақырындап, тереңдемей мұрын арқылы дем алу қажет;

    8. ішкі қысымды жою үшін және қан қысымы мен тамыр соғысының қалыпты дәрежеде сақталуына, сондай-ақ өзіндік тәртіптің орнауына мүмкіндік беру үшін: «Мен барынша байсалдымын» - деген сөздерді бес-алты рет ойша қайталау қажет;

    9. зардап шегушілердің «тұтқыннан» босауы олар қалағаннан біршама көбірек уақытты қажет етуі мүмкін. «Шыдамдылық пен ерлік танытуға тырысыңыздар, сіздерге көмек келе жатыр» - деген сөздермен демеу, қолдау көрсету қажет.

Дағдарыс жағдайларында адамдардың көпшілігі шынайы апатты фактордан гөрі қорқыныштан өлім құшатындығы белгілі болғандықтан «ақпараттық терапия» зардап шеккен адамдардың бойындағы қорқыныш пен үрей сезімін төмендетуді мақсат етеді. Олар үйінділердің «тұтқынынан» басатылған соң, психотерапияны (ең алдымен амнезиялық терапияны) стационарлық жағдайларда жалғастырған жөн.
Төтенше жағдайларда психотерапия қолданылатын адамдардың келесі тобын үйнділердің астында қалған тірі және өлі адамдардың туған туыстары құрайды. Олар үшін п с и х о т е р а п е в т і к і с – ш а р а л а рдың барлық кешені қолданылады:

  • психоэмоциялық қозуды, мазасыздықты, үрейлі реакцияларды жоюға бағытталған мінез-құлық әдіс-тәсілдері;

  • жақынынан айырылу жағдайын мойындауға, жан жарасын жоюға және қосымша психологиялық мүмкіндіктерді іздестіруге бағытталған экзистенциялы техникалар мен әдістер.

Төтенше жағдайлар аймағында психотерапия қолданылатын адамдардың келесі тобын құтқарушылар құрайды. Мұндай жағдайлардағы негізгі проблема психологиялық стресс болып табылады. Дәл осы жағдай жедел көмек көрсету қызметтерінің мамандарына ұсынылатын талаптарға зор ықпал етеді. Маманның бойында өзіндегі және қызметтестеріндегі психологиялық проблемалардың симптомдарын дер кезінде анықтау іскерлігі, эмпатиялық қабілеттері, психологиялық жеңілдеу, стресті, эмоциялы қысымды жою жаттығуларын ұйымдастыру және жүргізу іскерліктері байқалуы тиіс. Дағдарыс және экстремалды жағдайларда психологиялық өзіндік және өзара көмек көрсету дағдыларының меңгерілуі психикалық жарақатталудың алдын алу үшін ғана емес, сонымен қатар стрестік ықпалдарға шыдамдылықты және төтенше жағдайларда тез әрекет ету даярлығын арттыру үшін аса маңызды болып табылады.
Ауқымды зерттеу бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесінде неміс психологтары Б.Гаш пен Ф.Ласогга экстремалды жағдайларда жұмыс жасайтын психолог, басқа да мамандар немесе өз еркімен қатысушыларға ұсыныстар қатарын құрастырады. Аталмыш ұсыныстар тікелей жаппай апаттар орын алған жерлерде жұмыс жасайтын психологтар үшін әрі арнайы мамандандырылған қызметтердің құтқарушылары мен қызметкерлері үшін пайдалы (Ромек және басқалар):

  1. Зардап шеккен адамға өзіңіздің оның жанында екендігіңізді және құтқару жөнінде қажет шаралардың жасалынып жатқандығы туралы айтыңыз.

Зардап шеккен адам қалыптасқан жағдайда жалғыз қалмағандығын сезінуі тиіс. Зардап шеккен адамға жақындап, мысалға: «Жедел жәрдем» келгенше жаныңызда боламын» деп айтыңыз. Ол да нақ осы жағдайда не болып жатқандығы жөнінде хабардар болуы тиіс: «Жедел жәрдем» жолда.

  1. Зардап шеккен адамды бөгде назардан сақтау қажет.

Дағдарыс жағдайында адамға бөгде назар жайсыздық туғызады. Егер де таңырқай қарап, бос жүрген адамдар кетпесе ондай қызыққұмарларды оқиға орнынан қуып жіберуге тапсырма беріңіз.

  1. Сақтықпен дене қатынасын орнатуға тырысыңыз.

Жеңіл дене қатынасы әдетте үрейленген адамдарды тыныштандырады. Сол себептен зардап шеккен адамды қолынан ұстауыңызға немесе иығынан қағып қоюға болады. Адамның басына немесе денесінің өзге бөліктерінен ұстамаған жөн. Тіптен медициналық көмек көрсеткенде зардап шеккен адаммен бір деңгейді сақтауға тырысыңыз.

  1. Сөйлеңіз және тыңдаңыз.

Бөлмей зейін салып тыңдаңыз, өз міндеттеріңізді орындауда шыдамдылық танытыңыз. Зардап шеккен адам есінен танып бара жатса да мүмкіндігінше байсалды үнмен өзіңіз де сөйлеңіз. Мазасыздық көрсетпеңіз. Сынап-мінеуден аулақ болыңыз. Зардап шеккен адамнан: «Мен сіз үшін бірдеңе жасай алам ба?» деп сұраңыз. Егер де сіз жанашырлық білдіргіңіз келсе ұялмаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет